Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил получения отказа от субъектов производства драгоценных металлов или подтверждения уполномоченного органа о наличии такого отказа, а также условий для субъектов производства драгоценных металлов

Бұйрық · № 714 · қабылданған 12.10.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107512/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил получения отказа от субъектов производства драгоценных металлов или подтверждения уполномоченного органа о наличии такого отказа, а также условий для субъектов производства драгоценных металлов Қолданыста Бұйрық ·№ 714 ·12.10.2016
12.10.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил получения отказа от субъектов производства драгоценных металлов или подтверждения уполномоченного органа о наличии такого отказа, а также условий для субъектов производства драгоценных металлов

Қолданыста Бұйрық ·№ 714 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил получения отказа от субъектов производства драгоценных металлов или подтверждения уполномоченного органа о наличии такого отказа, а также условий для субъектов производства драгоценных металлов
Атауы (қаз.)
Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
714
Қабылданған күні
12.10.2016
Көрсетілген редакция
12.10.2016 107512_121741.kaz
Соңғы өзгеріс
12.10.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014398
ЭКБ идентификаторы
107512
Редакция идентификаторы
107512_121741
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:32

0 Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын,

сондай-ақ бағалы металдарды
өндіру субъектілері үшін
шарттарды бекіту туралы
«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы
14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру

субъектілері үшін шарттар бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, күнтізбелік он күн

ішінде оның қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық
бақылау банкіне жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан

Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 12 қазандағы
№ 714 бұйрығымен
бекітілген
Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидалары, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидалары, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттар (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті тұлғаларымен барлық бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алуы тәртібін анықтайды, сондай-ақ бағалы металдар өндірісі субьектілерінің орындамауы құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту болып табылатын шарттарды белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1 1) бағалы металдар – кез-келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);

2 2) бағалы металдарды өндіру субъектілері – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

3

3) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металл), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері;

4

4) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

3 3. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы

30 наурыздағы № 303 «Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13635 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тізбе).

2 2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуді жүргізуге ниетті тұлғалардың бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды алу тәртібі

4

4. Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті адам (бұдан әрі – әкетуге ниетті адам) бағалы металдар өндіру субъектілеріне растайтын құжаттарын қосымшада тіркей отырып осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша, Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниеті туралы өтінішін (бұдан әрі – өтініш) жібереді.
Өтініш Тізбеде тұрған бағалы металдар өндірісінің субьектілеріне жіберіледі.

5 5. Осы Қағидалардың 4-тармағына өтініш сәйкес болмаған жағдайда бағалы металдар өндіру субъектісі өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әкетуге ниетті адамға оны қарастырусыз қайтарады.

6

6. Осы Қағидалардың 4-тармағына өтініш сәйкес болған жағдайда бағалы металдар өндіру субъектісі өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әкетуге ниетті адамға және уәкілетті органға әкетуге ниетті адамның құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын толық немесе бөлшектелген көлемде өңдеу және (немесе) аффинаждау мақсатында қабылдауға мүмкіндігі бар екені туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) немесе әкетуге ниетті адамның құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуын (бұдан әрі – бас тарту) жібереді.

7 7. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылуы мүмкін:

1 1) қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың технологиялық тұрғыдан мүмкін болмауы, оның ішінде құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәндерге сәйкес келмеуі;

2 2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының ұсынылатын көлемін қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау үшін өндірістік қуаттылықтың болмауы немесе жеткіліксіз болуы;

3 3) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыз болуы.

8 8. Бағалы металдар өндіру субъектілерінің бас тартуы әкетуге ниетті адам оны алған күннен бастап ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін жарамды.

3 3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуді жүргізуге ниетті тұлғалардың бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу тәртібі

9

9. Әкетуге ниетті адам осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімде бағалы металдарды өндіру субъектілерінен жауап алмаған жағдайда уәкілетті органға бағалы металдар өндірісі субьектісінің алу күнін белгілей отырып, өтініштің көшірмесін (бұдан әрі – өтініштің көшірмесі) ұсынады.

10 10. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағына өтініш сәйкес болған жағдайда және бағалы металдар өндіру субъектісімен осы Қағидалардың

13-тармағында көрсетілген шарттардың біреуі орындалмаса, осындай бас тартудың бар екені туралы растаманы әкетуге ниетті адамге ұсынады.

11 11. Әкетуге ниетті адамға уәкілетті органның бағалы металдар өндірісінің субьектілерінен бас тартудың бар екені туралы растаманы ұсыну мерзімі – өтініштің көшірмесін алған күнінен бастап он жұмыс күні.

12 12. Уәкілетті органның бағалы металдар өндіру субъектісінен бас тартудың бар екені туралы растамасы, әкетуге ниетті адам алған күннен бастап ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін жарамды.

4 4-тарау. Бағалы металдар өндірісінің субьектілері үшін шарттар

13 13. Бағалы металдар өндірісінің субьектісі мынадай шарттарды орындамаған кезде бас тартуды ұсынған болып есептеледі:

1 1) әкетуге ниетті адамға және уәкілетті органға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімде ақпаратты немес бас тартуды ұсынуы;

2 2) әкетуге ниетті адамға және уәкілетті органға ұсынылған ақпараттың осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әкетуге ниетті адамнің өтінішіне сәйкестігі.

1.1 Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларына

қосымша
Нысан
____________________________________
____________________________________
____________________________________
бағалы металдар өндіру субъектісінің атауы
Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында
бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниеті туралы
өтініш
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________,
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі не заңды тұлғалардың атауы, орналасқан орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Қазақстан Республикасының аумағынан мынадай шикізатты әкетуге ниетім бар
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
бағалы металдардың құрамы көрсетілген құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының түрі
жалпы салмағы __________________________________________________
құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының жалпы салмағы
және мынадай сапалық сипаттамалары бар (растайтын құжаттар қоса беріледі):
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________,
құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының сапалық сипаттамалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы
12 қазандағы №714 бұйрығымен бекітілген Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, Қағидалардың 6-тармағымен белгіленген мерзімде, жоғарыда көрсетілген құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын толық немесе бөлшектелген көлемде қабылдауға мүмкіндігі бар екені туралы ақпаратты немесе жоғарыда көрсетілген құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуды ұсынуды сұрайды.
Қосымша:
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сапалық сипатын растайтын, қоса берілген құжаттардың тізбесі
________________________________________
________________________________________
________________________________________
________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы
МО
__________________________
күні, қолы
Өтінішті қабылданғаны туралы белгі:
___________________________________________________
қабылданған күні, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы

Қолданыстағы