Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Мойынкумском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Мойынкумском районе
- Атауы (қаз.)
- Мойынқұм ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-4
- Қабылданған күні
- 31.10.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 04.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2020 107606_480995.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16GG003212
- ЭКБ идентификаторы
- 107606
- Редакция идентификаторы
- 107606_480995
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:23
0 Мойынқұм ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі;
2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;
3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:
өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
алушының жеке басын куәландыратын құжат;
тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;
"Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамасы;
банктегі шоттың болуы туралы құжат;
Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.