О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам ведения бухгалтерского учета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам ведения бухгалтерского учета
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 229
- Қабылданған күні
- 26.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2016 107624_124479.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014421
- ЭКБ идентификаторы
- 107624
- Редакция идентификаторы
- 107624_124479
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:41
0 Қазақстан Республикасының
кейбір нормативтік құқықтық актілеріне
бухгалтерлік есепті жүргізу
мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2 2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 229
қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
кейбір нормативтік құқықтық актілерінің
тізбесі
1 1. «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы
22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда № 12 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Шоттар»;
1-параграфта:
1280 53 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
«1280 54
Жауапты сақтандырушыға тікелей реттеу бойынша талаптар»;
3-параграфта:
3390 06 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
«3390 07 «Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу бойынша міндеттемелер»;
3390 52 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
«3390 53
Тікелей сақтандырушының пайда алушымен тікелей реттеу бойынша есеп айырысуы»;
5-параграфта:
5310 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
«5320
Төленген қосымша капитал»;
5510, 5600 шоттар алып тасталсын;
5610-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
«5610
Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)»;
3-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Шоттардың сипаттамасы»;
1-параграфта:
1280 53 шотты сипаттағаннан кейін шоттың нөмірімен, атымен және мынадай мазмұндағы сипатымен толықтырылсын:
«1280 54 «Жауапты сақтандырушыға тікелей реттеу бойынша талап» (актив).
Мақсаты: тікелей сақтандырушының жауапты сақтандырушыға тікелей реттеу бойынша төлемді өтеу бойынша талаптарының сомасын есепке алу.
Шот дебеті бойынша тікелей сақтандырушының жауапты сақтандырушыға тікелей реттеу бойынша талаптарының сомасын есептеу жүргізіледі.
Шот кредиті бойынша жауапты сақтандырушыға тікелей реттеу бойынша талаптардың сомасын оны өтеуге немесе ұйымның балансынан есептен шығаруға қарай есептен шығару жүргізіледі.»;
3390 06 шотты сипаттағаннан кейін шоттың нөмірімен, атымен және мынадай мазмұндағы сипатымен толықтырылсын:
«3390 07 «Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу бойынша міндеттемелер» (пассив).
Мақсаты: тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу бойынша міндеттемелер сомасын есепке алу.
Шот кредиті бойынша тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу бойынша есептелген міндеттемелер сомасы жүргізіледі.
Шот дебеті бойынша тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу бойынша, оларды өтеуге қарай, міндеттемелер сомасын есептен шығару жүргізіледі.»;
3390 52 шотты сипаттағаннан кейін шоттың нөмірімен, атымен және мынадай мазмұндағы сипатымен толықтырылсын:
«3390 53 «Тікелей сақтандырушының пайда алушымен тікелей реттеу бойынша есеп айырысуы» (пассив).
Мақсаты: тікелей сақтандырушының пайда алушы алдындағы тікелей реттеу бойынша міндеттемелерінің сомасын есепке алу.
Шот кредиті бойынша пайда алушыға тікелей реттеу бойынша өтеу сомасын төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы жүргізіледі.
Шот дебеті бойынша пайда алушыға тікелей реттеу бойынша өтеу сомасын төлеу бойынша міндеттемелердің сомасын оларды төлеу кезінде есептен шығару жүргізіледі.»;
5210-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
«5210
Сатып алынған меншікті үлестік құралдар (контрпассив).»;
5310-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:
«5310 «Эмиссиялық кіріс» (пассив).
Мақсаты: акциялар бойынша эмиссиялық кірістің сомаларын есепке алу.
Шот кредиті бойынша бұрын сатып алынған акцияларды сату кезінде кірістер сомасы жүргізіледі.
Шот дебеті бойынша бұрын сатып алынған акцияларды сату кезінде шығыстар сомасы жүргізіледі.»;
5310 шотты сипаттағаннан кейін шоттың нөмірімен, атымен және мынадай мазмұндағы сипатымен толықтырылсын:
«5320 «Қосымша төленген капитал» (пассив).
Мақсаты: қосымша төленген капитал сомаларын есепке алу (эмиссиялық кірісті қоспағанда).
Шот кредиті бойынша пайда болатын қосымша төленген капитал сомасы жүргізіледі.
Шот дебеті бойынша қосымша төленген капитал сомасын есептен шығару жүргізіледі.»;
5420-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:
«5420 «Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауға арналған резерв» (пассив).
Мақсаты: негізгі құрал-жабдықтардың әділ құнын қайта бағалау нәтижесінде пайда болған олардың қайта бағалау сомаларын есепке алу.
Шот кредиті бойынша негізгі құрал-жабдықтардың әділ құны ұлғайған кезде оларды қайта бағалаудан болған оң айырманың сомасы жазылады.
Шот дебеті бойынша негізгі құрал-жабдықтардың әділ құны кеміген кезде оларды қайта бағалаудан болған теріс айырманың сомасы, сондай-ақ пайдаланылуына қарай немесе негізгі құрал-жабдықтарды шығынға жазу кезінде негізгі құрал-жабдықтарды оң қайта бағалауды № 5520 «Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)» баланстық шотына есептен шығару жазылады.»;
5430-шоттың аты және сипаты мынадай редакцияда жазылсын:
«5430 «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв» (пассив).
Мақсаты: материалдық емес активтердің әділ құнын қайта бағалау нәтижесінде пайда болған оларды қайта бағалау сомаларын есепке алу.
Шот кредиті бойынша материалдық емес активтердің әділ құны ұлғайған кезде оларды қайта бағалаудан болған оң айырманың сомасы жазылады.
Шот дебеті бойынша материалдық емес активтердің әділ құны кеміген кезде оларды қайта бағалаудан болған теріс айырманың сомасы, сондай-ақ пайдаланылуына қарай немесе материалдық емес активтерді шығынға жазу кезінде материалдық емес активтерді оң қайта бағалауды № 5520 «Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)» баланстық шотына есептен шығару жазылады.»;
5510-шоттың нөмірі, аты және сипаты алып тасталсын:
5610-шоттың аты мен сипаты мынадай редакцияда жазылсын:
«5610 «Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)».
Мақсаты: ұйымның есепті кезеңде алған бөленбеген таза пайдасының (өтелмеген залалының) сомаларын есепке алу.
Шот кредиті бойынша кірістердің тиісті баланстық шоттарын жапқан кезде ұйымның есепті кезеңдегі кірістерінің сомасы жазылады.
Шот дебеті бойынша шығыстардың тиісті баланстық шоттарын жапқан кезде ұйымның есепті кезеңдегі шығыстар сомасы және есепті кезеңдегі бөленбеген таза пайдасының (өтелмеген залалының) сомаларын оларды мақсаты бойынша бөлу кезінде есептен шығару, сондай-ақ № 5520 «Алдыңғы жылдардағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)» баланстық шотымен корреспонденцияда жазылады.».
2
2. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7118 тіркелген, 2011 жылғы 2 қарашада «Заң газеті» газетінде № 160 (1976) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Зейнетақы жарналарын алу және зейнетақы жинақтарын төлеу жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебі»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Зейнетақы активтерiн бағалы қағаздарға орналастыру бойынша операциялардың бухгалтерлiк есебi»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Зейнетақы активтерін салымдарға орналастыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Сатып алынған борыштық және үлестік бағалы қағаздарды санаттар бойынша қайта жіктеудің бухгалтерлік есебі»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Зейнетақы активтерін тазартылған қымбат металдарға орналастыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Kepi РЕПО операцияларының бухгалтерлік есебі»;
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Туынды қаржы құралдарымен операциялардың бухгалтерлік есебі»;
10-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-тарау. Инвестициялық кірісті және комиссиялық сыйақыларды қалыптастыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі»;
85 және 86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«85. Инвестициялық кірісті қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) бар кірістер сомасына:
Дт
6110 01
Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер
6110 03
Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт амортизациясына байланысты кiрiстер
6110 04
Бағалы қағаздармен керi РЕПО операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
6110 05
Орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша кiрiстер
6110 29
Талап ету салымдары бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
6110 30
Мерзiмдi салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
6110 31
Шартты салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер
6110 34
Сыйақы алуға байланысты басқа да кiрiстер
6110 64
Сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер
6150 01
Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздардың құны өзгеруінен болған іске асырылмаған шығыстар
6240 01
Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтердi (провизияларды) қалпына келтiруден (жоюдан) түскен кiрiстер
6240 02
Екiншi деңгейдегi банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтердi (провизияларды) қалпына келтiруден (жоюдан) түскен кiрiстер
6250 01
Шетел валютасын қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістер
6280 01
Тазартылған бағалы металдарды сатып алудан-сатудан түскен кіріс
6280 03
Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістер
6280 07
Басқа да кірістер
6280 09
Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан түскен кірістер
6290 01
Фьючерс мәмілесін қайта бағалаудан іске асырылмаған кіріс
6290 02
Бағалы қағаздар бойынша форвард мәмілесін қайта бағалаудан іске асырылмаған кіріс
6290 03
Шетел валютасы бойынша форвард мәмілесін қайта бағалаудан іске асырылмаған кіріс
6290 04
Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард мәмілесін қайта бағалаудан іске асырылмаған кіріс
6290 05
Опцион мәмілесін қайта бағалаудан іске асырылмаған кіріс
6290 07
Своп мәмілесін қайта бағалаудан іске асырылмаған кіріс
6290 09
Фьючерс мәмілелері бойынша кірістер
6290 10
Форвард мәмілелері бойынша кірістер
6290 11
Опцион мәмілелері бойынша кірістер
Кт
5610
Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал);
2) бар шығыстар сомасына:
Дт
5610
Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)
Кт
7310 02
Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясына байланысты шығыстар
7310 10
Орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша шығыстар
7310 25
Сыйақы төлеуге байланысты басқа да шығыстар
7430 01
Шетел валютасын қайта бағалаудан болған iске асырылмаған шығыстар
7430 02
Шетел валютасын қайта бағалаудан болған іске асырылған шығыстар
7440 01
Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша резервтердi (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар
7440 02
Орналастырылған салымдар бойынша резервтердi (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыстар
7440 62
Сыртқы басқарудағы активтер бойынша шығыстар
7470 01
Тазартылған бағалы металдарды сатып алу-сату бойынша шығыстар
7470 03
Өзгеруі пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздардың құны өзгеруінен болған іске асырылмаған шығыстар
7470 04
Тазартылған бағалы металдарды қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыстар
7470 10
Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан болған шығыстар
7470 27
Басқа да комиссиялық шығыстар
7470 81
Қор биржасының қызмет көрсетуі үшін комиссиялық шығыстар
7470 82
Брокерлік және дилерлік қызмет бойынша қызмет көрсетуі үшін комиссиялық шығыстар
7480 01
Фьючерс мәмілесін қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс
7480 02
Бағалы қағаздар бойынша форвард мәмілесін қайта бағалаудан іске асырылмаған шығыс
7480 03
Шетел валютасы бойынша форвард мәмілесін қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс
7480 04
Тазартылған бағалы металдар бойынша форвард мәмілесін қайта бағалаудан болған іске асырылмаған шығыс
7480 05
Опцион мәмілесін қайта бағалаудан іске асырылмаған шығыс
7480 07
Своп мәмілесін қайта бағалаудан іске асырылмаған шығыс
7480 09
Фьючерс мәмілелері бойынша шығыстар
7480 10
Форвард мәмілелері бойынша шығыстар
7480 11
Опцион мәмілелері бойынша шығыстар.
86. Таза инвестициялық кірісті салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына есепке алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) 5610 «Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)» шоты бойынша кредиттік қалдық болған кезде:
Дт
5610
Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)
Кт
3390 65
Жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтары;
2) 5610 «Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал)» шоты бойынша дебеттік қалдық болған кезде:
Дт
3390 65
Жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтары
Кт
5610
Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (өтелмеген залал).»;
11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сай келетін, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебі».
3
3. «Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8596 тіркелген, 2013 жылғы 5 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 133 (2334) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жалпы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі»;
18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандыру ұйымы:
сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасын есептеу кезінде:
Дт
3390 52
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві
Кт
3390 44
Сақтанушылармен есеп айырысу;
1280 41
Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары;
және бірмезгілде осы сомаға:
Дт
7470 41
Сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру шығыстары
Кт
7440 45
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін қалыптастыру шығыстары;
сақтанушыға (пайда алушыға) төлем сомасына сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде:
Дт
3390 44
Сақтанушылармен есеп айырысу
Кт
1010
Кассадағы ақша қаражаты,
1030
Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты;
және бірмезгілде, мәлімделген шығындар бойынша қайта сақтандыру шарты болған жағдайда, тиесілі өтеу сомасына:
Дт
1280 46
Қайта сақтандырушыларға талаптар
Кт
1280 49
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері,
1280 50
Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері,
1280 51
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері;
қайта сақтандыру ұйымынан тиесілі өтеуді нақты алған кезде:
Дт
1010
Кассадағы ақша қаражаты,
1030
Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
Кт
1280 46
Қайта сақтандырушыларға қойылатын талаптар;».
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Жәбірленуші көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға өтініш жасаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) пайда алушымен есеп айырысу бойынша міндеттемелерді және жауапты сақтандырушыға тікелей реттеу бойынша талаптарды есептеу кезінде:
Дт
1280 54
Жауапты сақтандырушыға тікелей реттеу бойынша талап
Кт
3390 53
Тікелей сақтандырушының пайда алушымен тікелей реттеу бойынша есеп айырысуы;
2) пайда алушыға тікелей реттеу бойынша өтем бойынша ақша сомаларын нақты төлеу кезінде өтеу сомасына:
Дт
3390 53
Тікелей сақтандырушының пайда алушымен тікелей реттеу бойынша есеп айырысуы
Кт
1010
Кассадағы ақша қаражаты,
1030
Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты;
3) жауапты сақтандырушыдан пайда алушыға төленген өтем сомасын өтеу есебінен ақша нақты түскен кезде:
Дт
1010
Кассадағы ақша қаражаты,
1030
Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты;
Кт
1280 54
Жауапты сақтандырушыға тікелей реттеу бойынша талап.
22. Жауапты сақтандырушы тікелей сақтандырушыдан сақтандыру оқиғасы туралы хабарламаны алған кезде жауапты сақтандырушы мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
1) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервін кұру кезінде Нұсқаулықтың 16-тармағының 3) тармақшасында көзделген тікелей сақтандырушыға өтелуі тиіс сақтандыру төлемінің сомасына бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады;
2) тікелей сақтандырушыға тікелей реттеу бойынша өтеу сомасын есептеу және төлеу кезінде Нұсқаулықтың 18-тармағының 1) тармақшасында көзделген бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.
23. Тікелей сақтандырушының сақтандыру оқиғасын реттеуге байланысты шығыстарын өтеуді уақтылы жүзеге асырмаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) тікелей сақтандырушымен:
тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын есептеу кезінде:
Дт
1280 09
Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)
Кт
6280 08
Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
жауапты сақтандырушыдан тұрақсыздық айыбын төлеу шотына ақша нақты келіп түсуі кезінде:
Дт
1010
Кассадағы ақша қаражаты,
1030
Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
Кт
1280 09
Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
2) жауапты сақтандырушы:
тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу бойынша міндеттемелерді есептеу кезінде:
Дт
7310 05
Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)
Кт
3390 07
Тұрақсыздық айыбын төлеу бойынша міндеттемелер;
тікелей сақтандырушыға тұрақсыздық айыбын нақты төлеу кезінде:
Дт
3390 07
Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу бойынша міндеттемелер
Кт
1010
Кассадағы ақша қаражаты,
1030
Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.»;
24-тармақ алып тасталсын;
3-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша орын алмаған шығындардың резервін азайту (түзету) кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт
3390 50
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві
Кт
6280 48
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындар резервінің төмендеуінен түскен кірістер.»;
46-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«46. Аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша орын алмаған шығындардың резервін азайту (түзету) кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт
3390 51
Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві
Кт
6280 49
Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар резервінің төмендеуінен түскен кірістер.»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Сақтанушының сақтандыру ұйымының пайдасына қатысуымен байланысты бөлінген пайданы төлеу бойынша міндеттемелерді есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Дт
5520
Алдыңғы жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған шығыны)
Кт
4430
Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер;
сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін нақты жүзеге асырған, жинақтаушы сақтандыру мерзімі аяқталған кезде не сақтанушының сақтандыру ұйымының пайдасына қатысуымен өмірді сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, сақтандыру шарты бойынша бөлінген пайда сомасына:
Дт
4430
Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер
Кт
1010
1030
Кассадағы ақша қаражаты,
Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.»;
4-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі»;
57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың, орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың, орын алмаған шығындардың, аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындардың, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві бойынша қайта сақтандыруға байланысты активті қалыптастыру кезінде:
Дт
1280 47
Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтері
Кт
6280 50
Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан түскен кірістер;
2) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыруға байланысты активті қалыптастыру кезінде:
Дт
1280 48
Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері
Кт
6280 51
Орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан түскен кірістер;
3) өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыруға байланысты активті қалыптастыру кезінде:
Дт
1280 49
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері
Кт
6280 52
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан түскен кірістер;
4) аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шағындардың резерві бойынша қайта сақтандыруға байланысты активті қалыптастыру кезінде:
Дт
1280 50
Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері
Кт
6280 53
Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шағандардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан түскен кірістер;
5) қайта сақтандыруға байланысты активтерді қалыптастыру кезінде мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві бойынша:
Дт
1280 51
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері
Кт
6280 54
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан түскен кірістер.
58. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың, орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың, орын алмаған шығындардың, аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындардың, мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резервтері бойынша қайта сақтандыру активтерін азайту (түзету) кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылардың резерві бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:
Дт
7440 48
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерінің төмендетуінен болған шығыстар
Кт
1280 47
Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтері;
2) орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:
Дт
7440 49
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерінің төмендетуінен болған шығыстар
Кт
1280 48
Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар бойынша қайта сақтандыру активтері;
3) өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:
Дт
7440 50
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерінің төмендетуінен болған шығыстар;»;
Кт
1280 49
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері
4) аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайту (түзету) сомасына:
Дт
7440 52
Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтері төмендеуінен болған шығыстар
Кт
1280 50
Аннуитет шарттары бойынша орын алмаған шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері;
5) мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активін азайту (түзету) сомасына:
Дт
7440 51
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві бойынша қайта сақтандыру активтері төмендеуінен болған шығыстар
Кт
1280 51
Мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар бойынша қайта сақтандыру активтері.»;
65-тармақ алып тасталсын;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Сақтандыру брокерінің қызметіне байланысты операциялардың бухгалтерлік есебі»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Міндетті жарналар мен шартты міндеттемелерді есепке алу».