О регламенте Южно-Казахстанского областного маслихата Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың РЕГЛАМЕНТI 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 19.07.2007 № 34/385-III шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты, жоғарыда аталған заңның 9 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ: Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының регламенті бекітілсін (қоса тіркеледі). Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың РЕГЛАМЕНТI
Тарау 1. 1 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаттың Регламентi облыстық мәслихаттың сессияларын және оның органдарының мәжiлiстерiн өткiзу, оларға мәселелер енгiзу мен қарау, мәслихат органдарын құру мен сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, депутаттардың сұрауларын қарау, көпшiлiк тыңдауларды жүргiзу, облыстық мәслихаттың депутаттары мен лауазымды тұлғалардың өкiлеттiлiгiн жүзеге асыру тәртiбiн,сондай ақ дауыс беру, аппараттың жұмысын ұйымдастыру және облыстық мәслихаттың басқа да процедуралық әрi ұйымдық жұмыс барысындағы мәселелерiн ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты өзбетiнше облыс аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы және Қазақстан Республикасының әрқилы нормалаушы-құқықтық актiлерi белгiленген өзiнiң құзыретi шегiнде жергiлiктi басқаруды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты 50 депутаттан құралған. Қажет болған кезде облыстық мәслихаттың атауына оның шақыруына қатарлық нөмiр қосылады.
Тармақ 4
4. Облыстық мәслихаттың қызметi саяси көпқырлылық және көппартиялық мәселелердi емiн-еркiн, ұжымдаса талқылау және шешу принциптерiне негiзделедi. Облыстық Мәслихаттың және оның органдарының мәжiлiстерi ашық өткiзiледi. Осы регламентте көзделгендей жағдайларда , облыстық мәслихат жабық мәжiлiстер де өткiзе алады.
Тармақ 5
5. Облыстық мәслихатта жұмыс қазақ және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. Сессиялардың мәжiлiстерi, әдеттегiдей, мемлекеттiк тiлде өтедi және iлеспе аудармамен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 6
6. Облыстық мәслихаттың Қазақстан Республикасының Заңдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi мен бланкiсi бар. Қазақстан республикасының мемлекеттiк байрағы облыстық мәслихаттың ғимаратына, облыстық мәслихаттың сессиялары өтетiн залдарға сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңдылықтарында белгiленген өзге де жағдайларда ұдайы iлiп қойылады.
Тарау 2. 2 ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТIБI
2 ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТIБI
Тармақ 1. 1 тармақ. Облыстық мәслихат жұмысының басталуы, облыстық мәслихат сессияларын өткiзудiң тәртiбi
1 тармақ. Облыстық мәслихат жұмысының басталуы, облыстық мәслихат сессияларын өткiзудiң тәртiбi
Тармақ 7
7. Жаңадан сайланған облыстық мәслихат жұмысының басы облыстық мәслихаттың бiрiншi сессиясын ашу деп есептеледi. Жаңадан сайланған облыстық мәслихаттың сессиясын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап, облыстық мәслихат үшiн айқындалған депутаттардың ең кемi төрттен үшi болған ретте кем дегенде отыз күндiк мерзiмiнен кешiктiрмей шақырылады.
Тармақ 8
8. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы облыстық мәслихаттың бiрiншi сессиясын ашады және облыстық мәслихат сессиясының төрағасын сайлағанға дейiн жүргiзедi. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сессияны ашқан соң әрбiр депутатты таныстыра отырып, облыстық мәслихаттың сайланған депутаттарын тiркеу туралы сайлау комиссиясының шешiмiн жария етедi, содан соң облыстық мәслихаттың бiрiншi сессиясының төрағасы сайлауды жүргiзедi.
Тармақ 9
9. Облыстық мәслихаттың бiрiншi сессиясының бiрiншi мәжiлiсiнде облыстық мәслихаттың хатшысы сайланады, құралған тұрақты комиссиялардың тiзбесiне өзгерiстер енгiзiледi, олардың сандық құрамы анықталады, одан соң түсiнiктеме үшiн үзiлiс жарияланады. Облыстық мәслихаттың хатшысының ұсынысы бойынша кейiнгi мәжiлiстерде тұрақты және тексеру комиссияларының төрағалары соңынан осы комиссиялардың мүшелерi сайланады.
Тармақ 10
10. Облыстық мәслихаттың сессиясы кемi жылына төрт мәрте шақырылады және сессияны облыстық мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. әрбiр сессияның жаңа шақыруда басынан басталатын өз қатарлық нөмiрi бар. Облыстық мәслихат сессиясының шақырылар уақыты және өтетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер жайлы облыстық мәслихаттың хатшысы депутаттарға, халыққа және әкiмге ең кемi сессияға дейiн он күн iшiнде хабарлайды. Сессияның қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша мәслихаттың хатшысы ең кемi сессияға дейiнгi бес күн iшiнде қажеттi материалдарды депутаттарға және облыс әкiмiне табыс етедi. Сессияны шақыру туралы қаулы облыстық газеттерде жарияланады, қаулының текстi радио мен теледидар арқылы берiледi, әрбiр депутатқа хабар жiберiледi.
Тармақ 11
11. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы облыстық мәслихатқа сайланған депутаттардың ең кемi үштен бiрi, сондай-ақ облыс әкiмi ұсыныс жасағанда шақырылады. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы "кезектен тыс " деген сөз қосылып, сессияның кезектi қатарлық нөмiрiмен нөмiрленедi. Кезектен тыс облыстық мәслихаттың сессиясын облыстық мәслихат кезектi сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi, бұл кезде кезектi сессияны жүргiзу құқы сақталады.
Тармақ 12
12. Облыстық мәслихаттың сессиясы пленарлық мәжiлiстер формасында өткiзiледi. Облыстық мәслихаттың сессиясы ашық , жариялы түрде өткiзiледi және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Жабық сессияларды сессия төрағасының, облыстық мәслихат хатшысының ұсынысымен, егерде қатысып отырған депутаттардың басым көпшiлiгi яки үштен бiрi оны жақтап дауыс берген жағдайда облыстық мәслихаттың шешiмi бойынша өткiзуге болады. Облыстық мәслихаттың сессиясының жабық мәжiлiстерiнiң мазмұны туралы мағлұматтарды жария етуге болмайды тек депутаттар облыстық мәслихаттағы қызметi үшiн пайдалануы мүмкiн.
Тармақ 13
13. Облыс әкiмi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, облыс әкiмиятының мүшелерi, облыстық соттың төрағасы, облыс прокуроры, облыстық әдiлет басқармасы, ұлттық Қауiпсiздiк Комитетi облыстық департаментiнiң бастығы, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы облыстық мәслихаттың кез келген ашық және жабық сессия мәжiлiстерiне қатысуға, құқылы және сөздерiн тыңдата алады. Облыс әкiмiне облыстық мәслихат сессиясының мәжiлiс залында арнайы орын қалдырылады. Басқа тұлғалар сессия төрағасының немесе облыстық мәслихат хатшысының шақыруы бойынша облыстық мәслихат сессиясының мәжiлiстерiне қатыса алады.
Тармақ 14
14. Облыстық мәслихат сессия төрағасының мәслихат қызметiне қатысты мәселелер бойынша хабарламамен таныс болу үшiн облыс аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын, ұйымдардың , мекемелердiң және кәсiпорындардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдарын облыстық мәслихаттың сессиясына шақыруға құқы бар. Бұл ретте шақырылғандар заң бойынша мiндеттi түрде келулерi тиiс. Хабарлармен таныс болу үшiн адамдардың ешбiр мiнәйi себепсiз басшылардың және лауазымды адамдардың шақырылғандардың облыстық мәслихаттың сессиясына келмей қалуы облыстық мәслихат хатшысының iс үстiндегi заңдылықтарға сәйкес оларды тәртiпшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы тиiстi органдардың алдына мәселе қоюға негiз болып табылады.
Тармақ 15
15. Сессияға шақырылғандардың тiзiмiн облыстық мәслихаттың хатшысы қаралатын мәселелердi және тиiстi тұрақты комиссиялар төрағаларының ұсыныстарын ескерiп, сессия төрағасының келiсiмi бойынша жасайды. Тiзiм бойынша шақырылғандарға облыстық мәслихат сессиясының мәжiлiс залына кiру үшiн рұқсат қағаз болатын арнайы шақыру билеттерi жазылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi облыстық мәслихаттың ашық сессия мәжiлiстерiне редакциялардың тапсырмасы негiзiнде шақырусыз-ақ куәлiктерiн көрсетiп қатысуға құқылы.
Тармақ 16
16. Облыстық мәслихаттың сессиясына шақырылған адамдарға мәжiлiс залында арнайы орындар қалдырылған. Олардың облыстық мәслихаттың қызметiне араласуға құқы жоқ, оның жұмысын мақұлдаудан немесе құптаудан қалыс қалуға, белгiленген тәртiптi сақтауға және төрағалық етушiнiң өкiмiне бағынуға мiндеттi. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасының ұсынысы бойынша шақырылғандардың сессияда сөйлеуге және депутаттардың сұрақтарына жауап беруге құқы бар. Осы талаптар сақталмаған сәтте олардың залдан алыстатылуы әбден-ақ мүмкiн. Депутаттардың қызметiн қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихаттың аппаратындағы мемлекеттiк қызметшiлер облыстық мәслихат хатшысы айқындаған тәртiпке сай облыстық мәслихат сессияларының мәжiлiстерiне қатысады. Облыстық мәслихаттың сессиясын өткiзу барысында қолқанат сымтетiктердi және радиосымтетiктерiн, пейджерлердi және басқа да байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 17
17. Облыстық мәслихаттың сессияларының мәжiлiстерiне сессияны өткiзудiң барысы түгелдей стенограмманың магниттi таратқышына жазылады. Соның негiзiнде бiр ай мерзiмде хаттама жасалып оған сессияның төрағасы және облыстық мәслихаттың хатшысы қол қояды. Хаттамаларды жасау тәртiбiн облыстық мәслихаттың хатшысы анықтайды. Облыстық мәслихаттың депутаты, сондай-ақ сессияда сөйлеген адамдар хаттамаға енгiзгенге дейiн өз сөздерiнiң стенограммасымен танысуға құқылы.
Тармақ 18
18. Әдеттегiдей, облыстық мәслихаттың сессиясының пленарлық мәжiлiсi сағат 10-00 -де басталып, барлық мәселелердi қарап бiткен соң аяқталады. Жұмыстың әрбiр екi сағаты өткен соң 20 минутке үзiлiс жарияланады. Түстiк тамақтың үзiлiсi 13 -тең 14 -ке сағатқа дейiн. Егер сессия жұмысында сағат күндiзгi 18-ге дейiн барлық мәселелер қаралып бiтпеген жағдайда, сессия жұмысының жалғасы келесi күнгi 10-00-ға ауыстырылады. Сессия жұмысында 15 күнтiзбесi күннен аспайтын мәслихат белгiлеген мерзiмге мәслихаттың шешiмi бойынша үзiлiс жариялауы мүмкiн. Мәслихаттың шешiмi бойынша сессияның пленарлық мәжiлiсi жұмысының басталу уақыты оның жұмысының ұзақтығы және үзiлiстер өзгеруi мүмкiн.
Тармақ 19
19. Облыстық мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн сессияға келген депутаттарды тiркеу жүргiзiледi. Депутаттарды тiркеу сессияның жұмысына бiр сағат қалғанда басталады және оның жұмысы басталған сәтте аяқталады. Сессия жұмысына қатысатын депутаттардың сессиядағы одан арғы өзгерiстер сессия хатшылығында тiркелiп, сессияның төрағасына мәлiм етiледi. Облыстық мәслихаттың сессиясы, егерде оған депутаттардың жалпы санынан ең кемi үштен екiсi қатысса, құқықты да өкiлеттi деп есептелiнедi. Облыстық мәслихаттың сессия мәжiлiсiн ашудың алдында төрағалық етушi депутаттарға келгендердi айтып, сессияның жұмысын бастауға толық құқықты екендiгiн хабарлайды. Облыстық мәслихаттың депутаты облыстық мәслихаттың сессия мәжiлiсiне қатысуға мiндеттi. Облыстық мәслихаттың депутаты дәлелдi себеппен сессия мәжiлiсiне қатысуға ешбiр мүмкiн еместiгi жайында сессия өтуден бiр күн бұрын облыстық мәслихаттың хатшысын хабардар етуге мiндеттi.
Тармақ 20
20. Облыстық мәслихаттың әрбiр сессиясында ашық дауыс берумен, сессия мәжiлiсiне қатысушы депутаттардың басым көпшiлiгi дауыс бергенде, санақ тобы, хатшылық, редакциялық комиссия сайланады. Сессияның осынау жұмысшы органдарының жекелеген құрамы жөнiндегi ұсыныстарды облыстық мәслихаттың ұйымдық-құқықтық қызметiн қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия әзiрлейдi және сессия жұмысының басталар алдындағы тiркеу кезiнде жоба түрiнде депутаттарға таратылады.
Тармақ 21
21. Облыстық мәслихат сессиясының санақ тобы екi адамнан сайланады. Ол сессия төрағасымен бiрлесе облыстық мәслихаттың шешiмдерiн қабылдау кезiнде алауыздық туа қалған жағдайда дауыстарды дәл санауды жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Облыстық мәслихат сессиясының хатшылығы үш адамнан сайланады. Облыстық мәслихат сессиясының хатшылығы сөйлегендердiң сөзiн жазып отырады, депутаттардан түсетiн мәселелердi, анықтамаларды, арыздарды, ұсыныстар мен басқа да материалдарды тiркейдi: сөйлеуге жазылғандардың тiзiмi туралы және аталған материалдар жайында төрағалық етушiге хабарлайды, сессия мәжiлiсiнiң стенограммалық жазбасын бақылайды, сессияның өтiп жатқан кезiнде депутаттардың төрағалық етушiмен байланысын қамтамасыз етедi. Облыстық мәслихаттың сессия мәжiлiсiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де мiндеттi iстердi орындайды.
Тармақ 23
23. Облыстық мәслихаттың сессиясының редакциялық комиссиясы бес адамнан сайланады. Облыстық мәслихаттың редакциялық комиссиясы облыстық мәслихат шешiмдерiнiң жобалары бойынша депутаттық топтардан, уақытша комиссиялардан, депутаттардан түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелердi өңдеп байытады және оларды қабылдау кезiнде облыстық мәслихат шешiмдерiнiң жобаларына қосымша және өзгерiстер түрiнде енгiзуге дауысқа салады.
Тармақ 24
24. Облыстық мәслихат сессиясының мәжiлiсiне қатысушы депутаттардың басым көпшiлiгi дауыс берген, әрбiр сессия жұмысының басында бекiтiлген күн тәртiбiне сай өтедi.
Тармақ 25
25. Сессияның күн тәртiбiн облыстық мәслихаттың ағымдағы жылға түзген жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың және облыстық мәслихат хатшысының ұсыныстары негiзiнде облыстық мәслихат сессиясының төрағасы тиянақтайды, сөйтiп шешiмдердiң жобасы ретiнде алдын ала барлық депутаттарға таратылады. Сессиясының күн тәртiбi бекiтiлгенге дейiн оның мәжiлiсiне облыстық мәслихат енгiзген мәселелер олардың ынтагерлерi берген жазбаша пiкiрi негiзiнде сессия төрағасының немесе облыстық мәслихат хатшысының қарауы бойынша алынып тасталуы мүмкiн. Сессияның күн тәртiбiн бекiтер кезде оған өзгертулер мен қосымшалар енгiзiлуi мүмкiн. Ондай мәселелер жөнiндегi ұсыныстарды тұрақты комиссиялардың қаулылары негiзiнде тұрақты комиссиялардың төрағалары енгiзедi. Сессия күн тәртiбiнiң жобасына түскен өзгертулердi енгiзу туралы мәселенi депутаттарының көпшiлiк дауыс беруiмен әрбiр ұсынысты жеке-жеке облыстық мәслихат шешедi.
Тармақ 26
26. Облыстық мәслихаттың депутаты, егерде осы регламентте өзгерiс белгiленбесе, сессияда қарау үшiн тиiстi тұрақты комиссияларға немесе облыстық мәслихаттың хатшысына ұсыныстар жасау жолымен мәселелер қойып, өз құқын жүзеге асырады. Егерде депутат ұсынған қандай да бiр мәселенi тиiстi тұрақты комиссия қабылдамаса, ол сессияда бұл туралы ашық арыз айта алады. Осы мәселенi қарау туралы депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берiп, шешiм қабылдаған жағдайда, бұл мәселе тұрады комиссияның қарауына жiберiледi және мiндеттi түрде келесi кезектi сессияның күн тәртiбiне енгiзiледi. Облыстық әкiмият пен облыс әкiмiнiң заңға сәйкес облыстық мәслихатта қарау үшiн енгiзген мәселелерiн облыстық мәслихаттың хатшысы алдын ала қарау үшiн тиiстi тұрақты комиссияларға жолдайды. Тиiстi тұрақты комиссияның қорытындысы болмайынша, iрiктелгеннен басқа мәселелер облыстық мәслихаттың сессиясында қаралмайды.
Тармақ 27
27. Облыстық мәслихаттың сессиясында мәселелердi қараған кезде кандидатураны талқылағанда, дауыс беру рәсiмi мәжiлiстi алып бару тәртiбi бойынша, сондай-ақ сұрау салу, арыздану, жолданымдар бойынша сөз сөйлеудiң төмендегi түрлерi пайдаланылады: баяндама, қосымша баяндама, талқыланған мәселе бойынша қорытынды сөз, хабарлама,жарыссөз.
Тармақ 28
28. Баяндаманың, қосымша баяндаманың, қорытынды сөз бен хабарламаның уақытын баяндамашымен және қосымша баяндамашымен келiсе отырып, облыстық мәслихат сессиясының төрағасы белгiлейдi, бiрақ баяндама 30 минуттен, қосымша баяндама-20 минуттен, хабарлама - 15 минуттен, қорытынды сөз -10 минуттен аспауы тиiс. Жарыссөзде сөйлегендерге 10 минутке дейiн, жарыссөзде қайталап сөйлегенi үшiн, сондай-ақ облыстық мәслихат шешiмдерiнiң, жобасын талқылау кезiнде сөйлегенi үшiн-5 минутке дейiн, мәжiлiстi жүргiзу тәртiбi, дауыс беру рәсiмi, кандидатура үшiн, арыз, ұсыныстар жолданымдар, мәселелер, сауалға жауап, анықтама үшiн -3 минутке дейiн берiледi. Сессияға төрағалық етушi белгiленген уақыт өте салысымен ол туралы сөйлеушiге ескертедi, ал одан соң оның сөзiн бөлуге құқылы. Сессияға қатысып отырған депутаттардың басым көпшiлiгiнiң келiсiмiне орай төрағалық етушi мәжiлiстiң күн тәртiбiне енгiзiлген мәселенi талқылаудың жалпы ұзақтығын белгiлей алады, сауалдар мен жауаптарға бөлiнген уақытты, сөйлеушiлердiң уақытын созуы мүмкiн.
Тармақ 29
29. Облыстық мәслихаттың сессиясында төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз ешкiмнiң сөйлеуге құқы жоқ. Бұл қағиданы бұзған адам ешқандай ескертусiз сөзден қағылады. Сессияда тек тұғырдан ғана сөйлеуге болады. Облыстық мәслихаттың депутаты тек қана бiр мәселе бойынша екi-ақ рет сөйлей алады. Облыстық мәслихаттың депутаты жарыссөздiң бiтiп қалуына байланысты сөйлей алмай қалса, жазылған текстiн-сөзiн сол сессияның хаттамасына қоса тiркеуге құқылы.
Тармақ 30
30. Сессияға қатысып отырған облыс әкiмiнiң өзiнiң өтiнiшi бойынша, әрбiр мәселе жөнiнде депутаттармен теңдей негiзде сөйлеуге құқы бар. Облыс әкiмi сессияға енгiзген мәселелердi талқылау барысында, сондай-ақ ол бiр мәрте анықтама беру үшiн сөз сөйлей алады және осы регламент белгiлеген уақыт шектеуiнде қорытынды сөз сөйлейдi.
Тармақ 31
31. Талқыланған мәселе бойынша өрiстетiлген жарыссөз сессия мәжiлiсiне қатысушы депутаттар санының басым көпшiлiгiнiң дауыс беруiмен, облыстық мәслихат депутаттарының қабылдаған шешiмi бойынша тоқтатылуы мүмкiн. Сессияға төрағалық етушi жарыссөздi тоқтату туралы ұсынысты алысымен, сөзге жазылғандар мен сөйлегендердiң саны жайлы депутаттарға хабарлайды, кiм жазылып, бiрақ сөйлемеген депутаттар сөз сұрап қадалып қояр да қоймаса, депутаттар мақұлдаса, ондайларға сөз берудi анықтайды. Жарыссөздi тоқтату туралы шешiм қабылданған соң, баяндамашы мен қосымша баяндамашының қорытынды сөз алуға құқы бар.
Тармақ 32
32. Облыстық мәслихаттың сессиясында сөйлеушiнiң депутат-депутаттық этиканың қағидаларын бұзуға -дөрекi сөйлеуге, басқа адамдардың ар-намысына тиетiн абыройына дақ түсiретiн сөздер айтуға, бiреудiң атына нақақтан жала жабуға, жалға хабар-ошарды пайдалануға, заңсыз iс-қимылға шақыруға,Конституцияға қайшы сөйлеуге ешқандай хақы жоқ. Аталған этикалық қағидаларды бұзған жағдайда төрағалық етушi сөйлеушiге ескертедi, ал ол екiншi рет қайталаса ешқандай ескертусiз-ақ сөйлеуге тыйым салады. Төрағалық етушiнiң басқа да депутаттар мен қатысушылардың атына дөрекi сөздер айтып, арына тие сөйлегенге ешқандай ескертусiз-ақ сөз берiлмейдi. сондай-ақ сессияда талқыланған мәселенiң тақырыбынан ауытқу сөйлеушi де сөзден қағылады.
Тармақ 33
33. Сессияда төрағалық етушi осы регламенттегi ережелердi бұзған кезде облыстық мәслихаттың депутатына ескерту жасауға құқылы, ал екiншi мәрте тағы да қайталаса сөзiн қысқартады. Сессияда төрағалық етушi облыстық мәслихат сессиясының жұмысына кесiрiн тигiзетiн шақырылған адамдарды залдан аластай алады.
Тармақ 34
34. Облыстық мәслихаттың сессия мәжiлiсiне төрағалық етушi сессияны жүргiзу барысында талқылайтын мәселелердiң тұрғысында өз пiкiрiн айтуға, облыстық мәслихат депутаттарының сөздерiне шолу жасауға, сөйлеушiлерге мiнездеме беруге құқылы емес. Егерде төрағалық етушi қандай да бiр мәселеге араласуды қажет деп тапса, ол сөйлеу үшiн жалпы тәртiппен жазылады және өзiнiң сөйлеген сәттегi мiндетiн облыстық мәслихаттың хатшысына жүктейдi. Ашық дауысқа салуға қатыса отырып, төрағалық етушi ең соңында дауыс бередi. Осы регламенттiң талаптарын төрағалық етушi бұзған кезде облыстық мәслихаттың сессиясы аяқталғанға дейiн басқа төрағалық етушiнi сайлауға құқылы. Облыстық мәслихат сессиясы төрағасының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы мәселе ең кемi депутаттардың үштен бiрiнiң талаптары бойынша дауысқа салынады және облыстық мәслихат депутаттарының жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданады.
Тармақ 2. 2 тармақ. Облыстық мәслихат шешiмдерiн әзiрлеу, қарау және қабылдау тәртiбi
2 тармақ. Облыстық мәслихат шешiмдерiн әзiрлеу, қарау және қабылдау тәртiбi
Тармақ 35
35. Облыстық мәслихаттың актiлерi,өзiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша қабылдайтын мәслихаттың шешiмдерi болып табылады.
Тармақ 36
36. Шешiмдердiң жобаларын жұмыс жоспарына сәйкес,яки болмаса облыстық мәслихат хатшысының, сессия төрағасының, тұрақты,тексеру комиссияларының тапсыруы бойынша облыстық мәслихаттың депутаттары, уақытша комиссиялар,депутаттық топтар аппарат қызметкерлерiмен бiрлесе әзiрлейдi және облыстық мәслихаттың тиiстi тұрақты комиссиялары алдын ала қарағаннан кейiн облыстық мәслихат сессиясының қарауына табыс етедi.
Тармақ 37
37. Облыс әкiмияты мен әкiмi облыстық мәслихатқа олар үшiн iс үстiндегi заңдылықтарды айқындайтын мәселелер бойынша облыстық мәслихат шешiмдерiнiң жобаларын әзiрлеп, алда тұрған сессияның қарсаңында тиiстi тұрақты комиссияның бiрiншi мәжiлiсiн өткiзгенге дейiн ең кемi үш күн қалғанда табыс етедi және олар әлi тұрақты комиссия алдын ала қараған соң сессияның қарауына ұсынылады. Облыс әкiмияты мен әкiмi енгiзген шешiмдердiң жобалары осы регламент белгiлеген облыстық мәслихат шешiмдерiнiң жобаларына қойылатын талаптарға толық жауап беруi тиiс. Олардың бәрiнде орындаушылардың, тиiстi мүдделi органдардың, юристiң рұқсат белгiлерi, қажеттi тiркеулер, шифр шешуi, түсiндiрмелiк жазбасы, жолдама хат болуы , облыс әкiмiнiң немесе оның мiндетiн атқарушы лауазымды адамның қол қоюы шарт. Облыстық әкiмияттан немесе әкiмнен облыстық мәслихатқа түскен шешiмдердiң жобалары тiркелiп, түскен уақыты, олардың мән-маңызы көрсетiледi, белгi соғылады. Осы регламентпен облыстық мәслихат шешiмдерiнiң жобалары үшiн белгiленген талаптарды сақтамаған кезде облыстық мәслихаттың хатшысы себептерiн түсiндiрiп, тiркеместен құжаттарды қайтарып бередi. Облыс әкiмиятынан немесе облыс әкiмiмен олардың құзыретiне жататын мәселелер бойынша түскен шешiмдердiң жобалары облыстық мәслихаттың сессиясында мiндеттi түрде қаралады.
Тармақ 38
38. Алдын-ала бiрлесе келiсiлмеген мәселелер жөнiндегi шешiмiн табатын жобалар мен материалдар қоса жапсырылып, облыстық мәслихаттың кезектi сессиясын шақыру туралы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн ең кем дегенде үш күш iшiнде облыстық мәслихатқа табыс етiледi.
Тармақ 39
39. Облыстық мәслихат пен облыстық әкiмияттың бiрлескен шешiмдерi тек заңдылықтарда аталған мәселелер бойынша қабылданады. Мұндай шешiмдердiң жобалары кез-келген жақтың ынтасы бойынша әзiрленiп, облыс әкiмi қол қояды және облыстық мәслихаттың сессиясында содан соң қаралады.
Тармақ 40
40. Шешiмдердiң жобалары қазақ және орыс тiлдерiнде басылып, сессияның қарауына тапсырылады және олар барлық мүдделi мемлекеттiк органдармен және мекемелермен келiсiледi, бұлардың тiзбесiн облыстық мәслихат хатшысы және тиiстi тұрақты комиссиялардың төрағалары анықтайды. Әдiлет органдарында тiркелетiн шешiмдердiң жобаларын орындаушы электронды таратқышта бiр мезгiлде әзiрлейдi. Қандай да бiр шешiмнiң жобасын әзiрлейтiн орындаушы бiрдестен сол шешiмдi қабылдаудың қажеттiлiгi негiзделген, мақсаттары, мiндеттерi кеңiнен сипатталған, оның негiзгi қағидалары қамтылған,iс үстiндегi заңдылықтардың нормаларына сай келетiнiн, соның негiзiнде, қабылданғанын көрсететiн түсiнiктемелiк жазбасын дайындауға мiндеттi. Облыстық мәслихатқа түскен шешiмнiң жобасымен жұмыс iстеу тапсырылған орындаушы оның өте қажет екендiгiне және заңдылықтардың iс үстiндегi нормаларына сәйкес келетiндiгiне сол бойынша қорытынды дайындайды. Облыстық мәслихат шешiмдерiнiң жобалары жөнiндегi түсiндiрмелiк жазба мен қорытындыға орындаушы қол қояды, бұлар көбейтiлiп, шешiмдердiң жобаларымен бiрге тиiстi тұрақты комиссияға кiретiн облыстық мәслихаттың депутаттарына, осынау тұрақты комиссиялардың мәжiлiсi кезiнде таратылады. Облыстық мәслихаттың iс үстiндегi шешiмiне өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлеу кезiнде орындаушы осы шешiмнiң бұрынғы жаңа редакциясының салыстырмалы кестесiн табыс етедi.
Тармақ 41
41. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында шешiмдердiң жобаларын алдын ала қарау олардың құзыретiне сәйкес келетiн мәселелердi өзара бөлiсу арқылы, сондай-ақ облыстық мәслихат хатшысының ұсынысымен жүзеге асырылады.
Тармақ 42
42. Облыстық мәслихаттың жергiлiктi табысты қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығындарын арттыруды көздеген шешiмдердiң жобалары облыс әкiмiнiң оңды қорытындысы болғанда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн, осы мәселенi қарау кезiнде сессияда жария етiледi. Осы шешiмдердiң жобаларын облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия қорытынды беру үшiн облыс әкiмiне жолдайды, ал онда көрсетiлген мерзiмге жазбаша қорытынды әзiрлеп, оны облыстық мәслихатқа жiбередi. Қорытынды берудiң көрсетiлген мерзiмiн облыстық мәслихаттың хатшысы мен облыс әкiмi өзара қайтадан келiсуi мүмкiн.
Тармақ 43
43. Шешiм жобасының текстiнде қажет болған кезде оның күшiне енетiн мерзiмi, сондай-ақ оның қабылдануына байланысты жойылуға немесе өзгертуге жататын облыстық мәслихат шешiмдерiнiң тiзбесi айтылуы тиiс.
Тармақ 44
44. Егерде облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсынылған шешiмнiң жобасы және оның жолдама материалдары нормалаушы құқықты актiлер мен осы регламенттi әзiрлеуге қатысты iс үстiндегi заңдылықтардың талаптарына сай келмесе, онда оларды қалыпқа келтiру үшiн сессияның төрағасы немесе облыстық мәслихаттың хатшысы авторларға қайтарады.
Тармақ 45
45. Сессияда мәселенi қарау тиiстi тұрақты комиссияның баяндамасынан және қосымша баяндамасынан басталады. Мәселенi талқылауға және шешiмнiң жобасын қабылдауға облыстық мәслихаттың депутаттары және осы мәселе бойынша сессияға арнайы шақырылған адамдар қатыса алады. Облыстық мәслихат жоспарлы мәселелердi, жоспардың орындалуы туралы есептердi, облыс дамуының экономикалық және әлеуметтiк бағдарламасын қараған, облыстық бюджетiн бекiткен тиiстi тұрақты комиссияның баяндамасы немесе қосымша баяндамасы мiндеттi түрде болуы тиiс. Облыстық мәслихат басқа мәселелердi қараған кезде өз қарауынша баяндаманы тыңдамай-ақ, тұрақты комиссияның мәселе мәнiне қатысты қысқаша хабарлама, қосымша баяндамамен немесе берiлген сауалдарға жауап алумен, сондай-ақ жалпы оны талқыламай-ақ,егерде облыстық мәслихаттың тиiстi комиссиясының оңды қорытындысы бар болса, шешiм қабылдай алады. Сол сияқты шешiмнiң жобасы депутаттарға уақтылы таратылған жағдайда сессияда шешiмнiң жоба текстi жария етiлмейдi.
Тармақ 46
46. Облыстық мәслихаттың шешiмiнiң жобасы, оған өзгерiстер мен қосымшалар келiп түскен жағдайда, әуелгiде депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiк дауыс беруiмен негiзге алынсын деп қабылданады.
Тармақ 47
47. Облыстық мәслихат шешiмiнiң жобасы негiзге алынсын деп қабылданған соң сессияда оған өзгерiстер мен қосымшалар қаралады. Шешiмнiң жобасына өзгерiстер мен қосымшаларды тұрақты комиссиялар енгiзiп, сессияда дауысқа салады. Шешiмнiң жобасының авторы, сондай-ақ облыстық мәслихаттың депутаттары сессияда талқыланған жоба бойынша олардың өзгерiстерi мен қосымшаларының шыққан шықпағанына қарамастан сол бойынша жазбаша түрде облыстық мәслихат сессиясының редакциялық комиссиясына өз ұсыныстарын жеткiзедi, ал ондағылар дауысқа салуға қояды. Өзгерiстер мен қосымшалардың текстiнде негiз, автордың қойылған қолы болуы тиiс және шешiмнiң жобасындағы алынып тасталатын нақты пункт немесе бөлiм туралы ескi және жаңа редакциялық сөйлемдер, азат жол, кiшi пункт, пункт, тармақтар, тараулар, яки сөздер көрiнiс табуы абзал. Енгiзiлген өзгерiстер мен қосымшалар бұрмаланып толтырылса , яғни осы регламент бұзылса ешқандай қарауға жатпайды. Дауыс беру әрбiр өзгерiс пен қосымшаға жеке-жеке жүргiзiледi. Шешiмнiң осы түрi үшiн заң мен регламент белгiленген дауыс берудiң санына қарай шешiм қабылданады. Алғашқыда комиссиялар ұсынған өзгерiстер мен қосымшалар, содан соң олардың редакциялық комиссияға келiп түскен кезектегi тәртiбiмен дауысқа салынады. Облыстық мәслихаттың шешiмi бойынша жекелеген сессия барысында келiп түскен өзгерiстер мен қосымшалар тұрақты комиссияларға берiледi және қажет болған кезде тиiстi тұрақты комиссияның қорытындысы еске алынып, келесi кезектi сессияда дауысқа түседi. Бұл ретте тек әлiгi түзету ғана қаралады.
Тармақ 48
48. Облыстық мәслихат пен облыс әкiмi немесе облыс әкiмияты арасында қандай да бiр шешiмнiң жобасы үшiн елеулi алауыздық туа қалған жағдайда облыстық мәслихаттың тиiстi тұрақты комиссияға екi жақтың дұрыс шешiм қабылдауы үшiн қажеттi келiстiру шараларын жүргiзудi тапсыруға құқы бар, мiне осыдан соң олар осы регламентке сәйкес дауыс беруге қойылады.
Тармақ 49
49. Облыстық мәслихат шешiмдерiнiң жобасына сессияда қабылданған өзгерiстер мен қосымшаларды сол сессиядағы редакциялық комиссияның бақылауымен орындаушылар енгiзедi. Облыстық мәслихаттың қабылдаған шешiмiнiң соңғы текстiне орындаушылардың, барлық мүдделi органдардың, сол сессиядағы редакциялық комиссия төрағасының рұқсат белгiлерi қойылады және сессия төрағасының және облыстық мәслихат хатшысының қолы қойылады.
Тармақ 50
50. Қол қойылған соң, оның құзыретi шегiнде қабылданған және азаматтардың құқына, бостандығы мен мiндеттерiне қатысты облыстық мәслихаттың шешiмдерiн белгiленген заңдылық тәртiбiмен ресми түрде жариялауға және оларды тиiстi аумақта мiндеттi түрде орындауға болады.
Тармақ 51
51. Ресми басылымды талап ететiн облыстық мәслихаттың шешiмдерi, егерде олардың өзiнде өзге мерзiм көрсетiлмесе, олардың бiрiншi ресми жариялаған күнiнен кейiн он тiзбектi күн өткен соң iс-қимылға кiрiседi. Басқа жағдайларда олар, қол қойылған соң, егерде актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер аталмаса, олар қабылданған күннен бастап iс-қимылға көшедi. Облыстық мәслихаттың шешiмдерiнде белгiленген барлық шешiмдер үшiн бiртұтас мерзiмдерден,оның жеке бөлiмдерiн, тармақтарын, пункттерiн iске қосудың өзге де уақыттары белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 52
52. Облыстық мәслихаттың жалпыға мiндеттi маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқына, бостандығы мен мiндеттерiне қатысты шешiмдерi заңдылықтар белгiлеген тәртiппен облыстық әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткiзiледi. Облыстық мәслихаттың шешiмдерiн тiркеуден өткiзу үшiн тиiстi құжаттарды реттестiру мәселелерi мен тиiстi тұрақты комиссиялармен жұмыс iстейтiн облыстық мәслихат аппаратының бас мамандары айналысады.
Тармақ 53
53. Облыстық мәслихаттың шешiмдерiн арнайы шешiм қабылдау жолымен облыстық мәслихаттың өзi ресми түрде уағыздайды. Қабылданған шешiмдер жөнiндегi түсiндiрмелердi облыстық мәслихаттың хатшысы мен тиiстi тұрақты комиссияның төрағасы бере алады.
Тармақ 54
54. Облыстық мәслихаттың әрбiр шешiмiнде тiркеу нөмiрi бар, онда сессияның барысында қабылданған нөмiр, сол шақырудағы шешiмдердiң қатарлық нөмiрi, облыстық мәслихат шақыруының нөмiрi және оның қабылданған датасы көрсетiледi.
Тармақ 55
55. Сессияға дейiн, сондай-ақ сессия жүрiп жатқан кезде сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы немесе тұрақты комиссияның төрағасы қол қойып, облыстық мәслихаттың даулы шешiмдер жобасы немесе оның бөлiмдерi заңға сәйкес келе ме деген мәселенiң төңiрегiнде заң талаптарына түсiндiрме берудi өтiнiп, облыс прокуратурасына хат жолдауы мүмкiн, түк болмағанда шешiм қабылдау келесi сессияға қалдырылады. Сессия төрағасы және облыстық мәслихаттың хатшысы қабылданған шешiмнiң немесе оның бөлiмiнiң заңды екендiгiне күмән келтiрген жағдайда тиiстi түсiнiктеме алу үшiн облыстық прокуратураға сұрау салуға және одан жауап келгенге дейiн қол қоймай қалыс қала тұруға құқылы. Сол шешiмнiң iс үстiндегi заңдарға қайшы жақтары орын алғаны жайында жауап алған жағдайда олар даулы мәселенi шешу кезектен тыс сессия шақыруға ынта бiлдiруге құқылы.
Тармақ 3. 3-тармақ. Облыстық мәслихаттың сессиясында шешiмдер қабылдау кезiндегi дауыс берудiң тәртiбi
3-тармақ. Облыстық мәслихаттың сессиясында шешiмдер қабылдау кезiндегi дауыс берудiң тәртiбi
Тармақ 56
56. Осынау регламентте дауыс берудiң нәтижелерiн анықтау үшiн пайдаланылған төмендегi түсiнiктер қолданылады: облыстық мәслихат үшiн анықталған депутаттардың жалпы саны -50 депутат депутаттардың жалпы саны- облыстық мәслихатқа сайланған депутаттар саны мәжiлiске қатысушылардың саны облыстық мәслихаттың сессия мәжiлiсi басталар алдында тiркелген немесе оны жүргiзу барысындағы облыстық мәслихат депутаттарының саны жай басым дауыстар-қарайтын мәселеге байланысты, облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының жартысынан, облыстық мәслихаттың сессия мәжiлiсiне қатысушы депутаттардың санынан, дауыс беруге қатысқан депутаттардың санынан асып түсетiн депутаттар саны көпшiлiк басым дауыстар облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының үштен екiсiн қарайтын дауыстар саны.
Тармақ 57
57. Егерде iс үстiндегi заңдарда және осы регламентте өзгесi қарастырылмаған болса, облыстық мәслихаттың шешiмдерi сессиялардың мәжiлiстерiнде депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi ашық немесе жасырын дауыс бергенде қабылданады. Процедуралық мәселелер жөнiндегi шешiмдер, егерде өзгесi осы регламентте қарастырылмаған болса, дауыс беруге қатысқан депутаттардың басым көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданады және хаттамаға толтырылады. Процедуралық дегенiмiз үзiлiс, сессияны жүргiзу тәртiбi, мәселелердi талқылаудың кезектестiгi, жарыссөздi тоқтату, сөйлеушiлердiң уақытын шектеу мен ұзарту, дауыс берудiң тәсiлдерi, қайталап дауыс берудi өткiзу туралы мәселелер. Мәслихат сессиясының төрағасы егерде мәслихаттың сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың берген дауыстары теңдей бөлiнген жағдайда шешушi дауыс беру құқығымен пайдаланады. Барлық мәселелер бойынша дауыс берудiң нәтижесi облыстық мәслихат сессиясы мәжiлiсiнiң хаттамасына енгiзiледi.
Тармақ 58
58. Облыстық мәслихаттың депутаты әрбiр мәселе бойынша дауыс беру кезiнде бiр дауысқа ие болады, шешiм қабылдауға , яки жақтап, , яки қарсы дауыс бередi ,немесе шешiм қабылдаудан қалыс қалады. Депутаттың жеке басы дауыс беруде өз құқығын жүзеге асырады. Облыстық мәслихаттың депутаты дауыс беру кезiнде жоқ болса, дауыс беру аяқталған соң өз дауысын беруге құқы жоқ.
Тармақ 59
59. Бiрнеше кандидатураны немесе қарайтын мәселенiң екеуден астам нұсқасын ұсынған кезде дауыс беру екi айналымды өтуi мүмкiн. Бiрiншi айналымда алалық болуы мүмкiн, ол кезде облыстық мәслихаттың әрбiр депутаты ұсынылған қанша кандидатура болса да немесе қаралған мәселенiң ұсынылған нұсқасына дауыс бере алады. Екiншi дауыс беру айналымы екi кандидатура немесе шешiмнiң екi нұсқасы бойынша бiрiншi сайланымда барынша көп дауыс алғанда жүргiзiледi. Екiншi айналымның қорытындысы бойынша мейлiнше көп дауысқа ие болған сол бiр кандидат сайланды немесе сол бiр шешiмнiң нұсқасы қабылданды деп есептеледi, бiрақ тиiстi шешiмдi қабылдау үшiн белгiленген депутаттардың дауыс беру санынан кем болмауы тиiс. Егерде екiншi айналымда шешiм нұсқасының бiрде-бiрi қажеттi дауыс санын ала алмаса, ондай мәселе қараудан алынады.
Тармақ 60
60. Облыстық мәслихаттың сессиясында ашық дауыс беру қол көтерумен жүргiзiледi. әдеттегiдей, сессияға төрағалық етушi, дауыс берудiң нәтижесiн санап шығады. айтарлықтай алауыздық туа қалған жағдайда, сессияға төрағалық етушiнiң тапсыруы бойынша, дауыс берудiң нәтижесiн облыстық мәслихат сессиясының санақ тобы мұқият есептейдi.
Тармақ 61
61. Ашық дауыс беру басталар алдында төрағалық етушi немесе оның тапсыруы бойынша редакциялық комиссияның төрағасы облыстық мәслихаттың тиiстi тұрақты комиссиясының төрағасы дауысқа түсетiн ұсыныстардың саны туралы хабарлап, олардың мән-мағынасы мен бағыт-бағдарын айқындайды, олар дауысқа салынады, депутаттардың қайсыбiрi өз ұсынысын қайтып алатыны, қандай көпшiлiк дауыспен шешiм қабылдайтынын анықтайды. Төрағалық етушi дауыс берудiң басталғаны туралы хабарлаған соң, мәжiлiстi жүргiзу тәртiбi бойынша арыз айтудан басқа, дауыс берудi бөлуге ешкiмнiң де құқы жоқ. Дауыс берудi есептеу аяқталысымен төрағалық етушi осынау шешiм қабылданды ма, жоқ па хабарлайды. Дауыс берудi жүргiзу үшiн қажеттi қатынасушылардың жеткiлiксiздiгiнен төрағалық етушi оны қамтамасыз етудiң шараларын қарастырады, ал оны қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда дауыс беру келесi сессияға қалдырылады. Егерде дауыс беру кезiнде процедуралық қателiкке жол берiлсе, онда облыстық мәслихаттың шешiмi бойынша қайтадан дауыс беру өткiзiледi.
Тармақ 62
62. Кез келген мәселе бойынша жасырын дауыс беру, сессия мәжiлiсiне қатысушы депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi қаласа, егерде мұны депутаттардың жалпы санының ең кемi бестен бiрi талап етсе, сондай-ақ жасырын дауыс беру қашан облыстық мәслихаттың регламентiнде қарастырылған жағдайда, облыстық мәслихаттың шешiмiмен өткiзiледi. Жасырын дауыс беру бюллетень пайдалану арқылы өтедi. Жасырын дауыс берудi осы үшiн арнайы сайланған санақ комиссиясы жүргiзедi. Санақ комиссиясы өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Санақ комиссиясының шешiмi оның мүшелерiнiң жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданады. Комиссия мүшелерiнiң берген дауыстары тең түскен жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешушi болады. Кандидатурасы жасырын дауысқа түскен депутат санақ комиссиясының мүшесi бола алмайды. Жасырын дауыс берудiң бюллетень санақ комиссиясының бақылауымен оның өзi ұсынған форма бойынша облыстық мәслихаттың сайланған депутаттардың тиiстi санына жететiндей мөлшерде дайындалады. Бюллетень таратып бергеннен кейiнгi санақ комиссиясында қалып кеткендерiн комиссия төрағасы оның мүшелерiн қатыстыра отырып өшiредi. Дауыс берудiң уақыты мен орнын, оны өткiзудiң тәртiбiн санақ комиссиясы белгiлейдi және санақ комиссиясының төрағасы депутаттарға хабарлайды.
Тармақ 63
63. Облыстық мәслихаттың әрбiр депутатына санақ комиссиясының мүшесi қол қойған бiр ғана бюллетень берiледi. Жасырын дауыс берудiң бюллетень тиiстi тiзiм бойынша депутаттарға үлестiрiледi. Облыстық мәслихаттың депутаты бюллетень алған кезде аталған тiзiмдегi өз тегiнiң тұсына қол қояды. Депутат жеке кабинада немесе бөлмеде өзi дауыс беретiн кандидаттарды бюллетень сызып тастау-жолымен жасырын дауыс берiп, бюллетень толтырады, ал бюллетень шешiмнiң жобасы бойынша -"жақтаймын" немесе "қарсымын" деген сөздерге белгi таңбаланған. Жасырын дауыс берген бюллетень санақ комиссиясы мықтап құрсаулаған арнайы жәшiкке салынады. Санақ комиссиясы жасырын дауыс беру үшiн депутаттарға жағдай жасауға мiндеттi. Депутаттардың берген дауыстарын санаған кезде бөтен формадағы бюллетень шықса, сондай-ақ санақ комиссиясы мүшелерiнiң қолдары қойылмаса, бiреуден астам кандидат қалдырылса, дауыс берушiнiң шимай жазуын ажырата алмағанда жарамсыз деп танылады. Дауыс берудi санаған кезде барлық тегi сызып тасталып, бюллетеньдер толтырылмаса, сондай-ақ бiрден оңды және терiс шешiмдер өшiрiлсе де есепке алынбай бәрiбiр жарамды бюллетеньдер деп танылады. Жасырын дауыс берудiң нәтижелi туралы санақ комиссиясы хаттама жасайды, оған комиссияның барлық мүшелерi қол қояды. Жасырын дауыс берудiң қорытындылары туралы санақ комиссиясының баяндамасын облыстық мәслихат мағлұмат ретiнде қабылдайды. Жасырын дауыс берудiң нәтижелерi туралы санақ комиссиясының баяндамасын қабылдаған облыстық мәслихаттың мағлұматы негiзiнде сессияға төрағалық етушi қандай шешiм қабылданғанын хабарлайды, ал сайлауда сайланған кандидатураны атайды. Жасырын дауыс берудiң нәтижесi облыстық мәслихаттың шешiмiмен хатталады. Облыстық мәслихаттың ертеректе қабылдаған шешiмдерiн жою немесе оларға өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу де, олар қандай боп қабылданса, егерде өзге заңда немесе осы регламентте белгiленбесе, дәл сондай дауыс беру жолымен жүргiзiледi.
Тарау 3. 3-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ӨЗIНIҢ ҚҰЗЫРЕТIНЕ ЖАТАТЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРДI ҚАРАУЫ
3-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ӨЗIНIҢ ҚҰЗЫРЕТIНЕ ЖАТАТЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРДI ҚАРАУЫ
Тармақ 4. 4-тармақ. Жоспарларды, облыстың дамуындағы экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаны, облыстың бюджетiн және олардың орындалуы туралы есептердi бекiту
4-тармақ. Жоспарларды, облыстың дамуындағы экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаны, облыстың бюджетiн және олардың орындалуы туралы есептердi бекiту
Тармақ 64
64. Жоспарлардың жобалары, облыстың дамуындағы экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаны және олардың орындалуы туралы есептер облыстық мәслихатқа оларды облыстық мәслихаттың сессиясында қараған күнге дейiнгi ең кемi бiр ай мерзiмде табыс етiледi. Облыстық бюджет жобасы республикалық бюджет туралы заң күшiне енгеннен кейiнгi ең кемi екi апталық мерзiмде облыстық мәслихатқа тапсырылады. Облыстық бюджеттiң орындалуы туралы жылдық есеп ең кемi келесi есеп беретiн жылдың 1 шiлдесiне дейiн облыстық мәслихатқа өткiзiлуi тиiс. Оларды хаттамалау облыстық мәслихат шешiмдерiнiң жобалары үшiн осы регламент белгiленген талаптарға сай болуы шарт.
Тармақ 65
65. Жоспарлардың жобалар, облыстың дамуындағы экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалар түсiндiрмелiк жазбамен, сондай-ақ бұрынғы сондай жоспарлар мен бағдарламалардың орындалуына жасалған талдаулармен жолдануы тиiс. Облыстық бюджеттiң жобасы түсiндiрмелiк жазбамен, облыстық бюджеттi бекiтуге ұсынылған негiзгi параметрлерiнiң және бұрынғы облыстық бюджеттiң бастапқы нұсқасының және сол жылға бекiтiлген облыстық бюджеттiң жыл бойындағы өзгерiстерiнiң салыстырмалы кестелерiмен және кiрiс бөлiгiнiң құрылымы мен шығыс бөлiгiнiң әрбiр бағдарламасы жөнiндегi шифр шешуiмен жолдануы абзал. Облыстық бюджеттiң орындалуы туралы жылдық есеп түсiндiрмелiк жазбамен, бастапқы бекiтiлген бюджеттiң және оған жыл iшiнде енгiзiлген өзгерiстерiнiң салыстырмалы кестесiмен, облыстық бюджеттiң барлық кiрiс бөлiгiнiң құрылымы және шығыс бөлiгiнiң бағдарламасы жөнiндегi шифр шешуiмен жолдануы керек. Сессия төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы, тиiстi тұрақты комиссиялардың төрағалары қосымша басқа да мәлiметтердi сұрап алуға құқы бар.
Тармақ 66
66. Жоспарлар, облыс дамуының экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары, олардың орындалуы туралы есептер, сондай-ақ облыстық бюджеттiң орындалуы туралы есеп облыстық мәслихат шешiмдерiнiң, жобалары үшiн осы регламент белгiлеген тәртiпке сәйкес облыстық мәслихаттың сессиясында қаралады және бекiтiледi. Сессияда облыстық бюджеттiң орындалуы туралы жылдық есеппен бiрге облыстық мәслихат шешiмдерiнiң жобалары үшiн осы регламент белгiлеген тәртiп пен мерзiмде сол жылғы облыстық бюджеттiң орындалуы жайындағы тексеру нәтижелерi туралы тексеру комиссиясының актiсi мiндеттi түрде облыстық мәслихатқа табыс етiледi. Жоспарларды, бағдарламаларды, облыстық бюджеттi және оларды орындаудың есептерiн бекiту облыстық мәслихаттың шешiмдер қабылдау жолымен жүзеге асырылады, егерде оған депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс берсе қабылданды деп есептеледi. Егерде дауыс берудiң нәтижесiнде жоспар немесе бағдарлама бекiтiлмей қалса олар тек облыстық мәслихаттың басқа сессиясында қаралуы мүмкiн, ал оларды орындау туралы есеп, сондай-ақ облыстық бюджеттiң орындалуы туралы есеп бекiтiлмеген жағдайда, қосымша талқылаудан кейiн сол сессияда қайтадан дауыс беру өткiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 67
67. Облыстық бюджеттiң жобасы алдын ала кiрiс бөлiгiнiң құрылымы және оның шығыс бөлiгiнiң әрбiр бағдарламасы тұрғысында облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияда қаралады. Облыстық бюджеттiң жобасы облыстық мәслихаттың сессиясында оны жасаушылардың мiндеттi түрдегi баяндамасы мен қосымша баяндамасынан кейiн төмендегi тәртiппен қаралады. Әуелгiде облыстық бюджеттiң кiрiс пен шығыс бөлiгiнiң негiзгi параметрлерi бөлек-бөлек қаралады және талқыланады, облыстық бюджет туралы шешiмнiң жобасындағы әрбiр пункт те сарапқа салынады. Содан соң облыстық бюджет туралы шешiмнiң жобасын негiз ретiнде қабылдау туралы мәселе дауысқа түседi. Одан әрi, шешiмнiң жобасы негiз ретiнде қабылданған жағдайда, төрағалық етушi әрбiр өзгерту мен қосымшаны жеке-жеке , сондай-ақ қабылданған өзгерiстер мен қосымшаларды ескерiп, шешiм жобасының әрбiр пунктiн бөлек-бөлек дауысқа салады. Осы процедура аяқталған соң, шешiмнiң жобасы қабылданған өзгертулер мен қосымшалар ескерiлiп, тұтасымен дауыс беруге қойылады. Облыстық мәслихаттың депутаттары облыстық бюджеттiң барлық бөлiктерiнiң және шешiмнiң жобасын бiрге талқылау туралы шешiм жобасының әрбiр пунктi бойынша жеке-жеке дауыс беруден бастарту жайында шешiм қабылдаулары мүмкiн. Егерде дауыс берудiң нәтижелерi бойынша шешiмнiң жобасы негiз ретiнде немесе дауыс беру кезiнде тұтасымен қабылданбаса, ол қажеттi дауыс санын алмаса, облыстық бюджет бекiтiлмедi деп есептелiнедi. Облыстық бюджет бекiтiлмеген жағдайда облыстық мәслихат сессиясының жұмысында келiсiмдiк процедура үшiн үзiлiс жарияланады. Бюджеттiң өзге параметрлерiн немесе оның жеке бөлiктерiн келiсу мәселелерiн бюджеттi жасаушылармен бюджет және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия немесе бұл үшiн мәслихат шешiмiмен арнайы құрылған келiстiру комиссиясы өткiзедi. Облыстық бюджеттi екiншi мәрте қарау осы регламентте белгiленген тәртiпке сай облыстық бюджеттiң жобасы облыстық мәслихатқа түскен күннен бастап екi аптадан кешiктiрiлмей өткiзiледi. Өзгерiстер мен қосымшалар облыстық бюджетi бекiту үшiн осы регламентте белгiленген тәртiпке сәйкес облыстық бюджетке енгiзiледi.
Тармақ 5. 5-тармақ. Облысты басқарудың нобайын бекiту
5-тармақ. Облысты басқарудың нобайын бекiту
Тармақ 68
68. Облысты басқарудың нобайын бекiту туралы шешiм облыс әкiмiнiң ұсынуы бойынша облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданады.
Тармақ 69
69. Облысты басқарудың облыстық мәслихатқа түскен нобайын алдын ала қарауды облыстық мәслихаттың барлық тұрақты комиссиялары жүзеге асырады. Облысты басқарудың нобайын сессияда бекiту кезiнде әрбiр тұрақты комиссия осы мәселе жөнiндегi өзiнiң қорытындысын облыстық мәслихат сессиясының редакциялық комиссиясына табыс етедi.
Тармақ 70
70. Облысты басқарудың нобайын облыстық мәслихат бекiтпеген жағдайда оны екiншi мәрте қарау тек қана облыстық мәслихаттың басқа сессиясында өткiзiледi.
Тармақ 6. 6-тармақ. Облыстық әкiмияттың дербес құрамын келiсу
6-тармақ. Облыстық әкiмияттың дербес құрамын келiсу
Тармақ 71
71. Облыстық әкiмияттың дербес құрамын келiсу туралы мәселенi облыстық мәслихаттың сессиясына облыс әкiмi енгiзедi. Облыстық мәслихаттың барлық тұрақты комиссиялары осы мәселенi өздерiнiң мәжiлiстерiнде алдын ала қарап, өздерiнiң қорытындыларын сессияға тапсырады.
Тармақ 72
72. Облыстық әкiмияттың дербес құрамына енетiн кандидатураларды сессияға облыс әкiмi табыс етедi. Сессияда қажет болған жағдайда жекелеген кандидатураны талқылау жүргiзiледi, оның барысында кандидаттардың сөйлеуге құқы бар, ал облыстық мәслихаттың депутаттары оларға сұраулар қоя алады.
Тармақ 73
73. Облыстық әкiмияттың дербес құрамы туралы шешiм төмендегi тәртiппен қабылданады. ұсыну барысында тұрақты комиссиялар мен депутаттардан қарсылық болмаса, онда кандидатуралар келiсiлдi деп есептеледi. Егерде ұсынылған кандидатураға қарсылық болса, ол ашық дауыс беруге қойылады. Бұл ретте, егерде облыстық мәслихат депутаттарының жалпы санының басым көпшiлiгi оған дауыс берсе, кандидатура келiсiлдi деп танылады. Бұған керiсiнше жағдайда кандидатура өтпей қалды деп есептелiнедi. Жаңа ұсыныстарды облыс әкiмi осы, яки келесi сессияға енгiзе алады. өтпей қалған кандидатуралар осы сессияда келiсу үшiн екiншi рет ұсынылмайды. Бұдан соң облыстық мәслихат ертеректе қабылданған өзгерiстердi ескере отырып, облыстық әкiмияттың дербес құрамына тұтасымен келiсiм беру туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 74
74. Облыстың әкiмияты өзiне жүктелген барлық құзыретiн жүзеге асыру үшiн облыстық мәслихаттың алдында жауап бередi.
Тармақ 7. 7-тармақ. Атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау
7-тармақ. Атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау
Тармақ 75
75. Облыстық мәслихаттың құзыретiне жататын мәселелер бойынша, сондай-ақ облыстық мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы облыс аумағына жайғасқан жергiлiктi атқарушы органның, мекеменiң және ұйымдардың, лауазымды адамдарының есептерiн облыстық мәслихатта тыңдау жайында тұрақты комиссиялардың, депутаттық топтардың, облыстық мәслихаттың хатшысы мен депутаттарының облыстық мәслихатқа ұсыныстар түсiруге құқы бар.
Тармақ 76
76. Лауазымды адамның есебiн облыстық мәслихатта тыңдау туралы ұсыныс жазба түрiнде берiледi және облыстық мәслихат хатшысының қатысуымен тиiстi тұрақты комиссияға жолданады. Тұрақты комиссия ерте бастан-ақ жазба түрiнде оның есебiн кезекте тыңдалатыны және ондай есептi тыңдауды өткiзудiң датасы туралы лауазымды адамға мәлiм етедi. Сонымен қатар тұрақты комиссия облыстық мәслихаттың сессиясында лауазымды адамның есебi туралы ынта бiлдiргендердiң немесе өзге депутаттардың арасынан баяндамашыны анықтайды. Есеп беретiн лауазымды адам солардың негiзiнде оның есебiн тыңдауға ұйғарылған құжаттармен танысуға құқылы және тыңдайтын күнi облыстық мәслихаттың сессиясына қатысуға мiндеттi. Облыстық мәслихат, шақырылған, алайда ешқандай мiнәйi себепсiз келмей қалған лауазымды тұлғаның мәселесiн қарауға және өз құзыретiне сай кез келген шешiм қабылдауға құқылы.
Тармақ 77
77. Облыстық мәслихаттың сессиясында лауазымды адамның есебiн тыңдау төрағалық етушiнiң қысқа кiрiспе сөзiмен басталып, мәселенiң мән-жайы хабарланады. Бұдан соң сол есептi өткiзушi ынтагерлердiң атынан осындай шешiм қабылдауға ұйытқы болған рәсiмдi жария етедi, содан кейiн тыңдалатын лауазымды адамға сөз берiледi. Есептi талқылау барысында депутаттар өз пiкiрiн айтуға, сауалдар беруге және олар,а жауаптар алуға құқылы. Облыстық мәслихаттың шешiмi бойынша сауалдар мен жауаптардың уақыты шектелуi мүмкiн. Жарыссөз аяқталысымен iс үстiндегi заңдарға сәйкес, қажет болған кезде сол бiр лауазымды адамды жауапқа тарту туралы тиiстi органдарға құлаққағыс ету жайында шешiм қабылданады. Мемлекеттiк органдағы лауазымды адамды жауапқа тарту туралы тапсырыс сессия төрағасы мен облыстық мәслихат хатшысының қолдары қойылған соң тиiстi органға жолданады.
Тармақ 8. 8-тармақ. Облыс әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiру
8-тармақ. Облыс әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiру
Тармақ 78
78. Облыс әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына және осы регламентке сәйкес облыстық мәслихат қарайды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдына оны лауазымынан босату туралы мәселе қоюмен, облыс әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселе депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгiмен қабылданған облыстық мәслихаттың шешiмi бойынша облыстық мәслихат сессиясының күн тәртiбiне енгiзiледi. Осы мәселенi сессияның күн тәртiбiне енгiзу туралы ұсынысты облыстық мәслихаттың сессиясы жұмыс iстеп жатқан кезде тұрақты комиссиялар, сондай-ақ жекелеген депутаттар енгiзедi.
Тармақ 79
79. Облыс әкiмiне сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселенi талқылау төмендегi тәртiппен жүзеге асырылады. Осы мәселенi талқылар алдында облыстық мәслихат жұмысында үзiлiс жарияланады. Їзiлiс кезiнде барлық тұрақты комиссиялардың мәжiлiстерi өткiзiледi, онда әрбiр комиссия өзiнiң ұстанған бағытын осы мәселе тұрғысында анықтайды. Бастапқыда сессияда осы мәселенiң қойылу себептерiн негiздейтiн,оны қараудың ынтагерлерi сөйлейдi және әрбiр тұрақты комиссияның пiкiрi тыңдалады. Содан соң осы мәселенi талқылау басталады, оның барысында облыстық мәслихат депутаттарының облыс әкiмiне сауалдар беруге және сенiмсiздiк бiлдiргенi үшiн немесе қарсы сөйлеуге құқықтары бар. Талқылау барысында әкiмнiң сөйлеуге және анықтама беру үшiн сөз алуға құқы бар.
Тармақ 80
80. Облыстық мәслихат әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру және оны лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдына мәселе қою туралы ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының үштен екiсi дауыс берген жағдайда шешiм қабылдайды. Облыстық мәслихат жасырын дауыс берудi өткiзу туралы шешiм қабылдай алады. әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс, егерде ол осы пункттiң бiрiншi бөлiмiнде қарастырылған депутаттардың басым көпшiлiк даусын жинай алмаса өтпей қалды деп есептелiнедi. Дауыс берудiң нәтижелерi облыстық мәслихаттың шешiмiмен хатталады.
Тармақ 81
81. Облыстық мәслихат облыс әкiмiне сенiмсiздiк туралы шешiм қабылдаған жағдайда облыстық мәслихат сессиясының редакциялық комиссиясы облыс әкiмiн лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президентiне арналған текст дайындайды. Облыстық мәслихаттың шешiмi бойынша редакциялық комиссияның жұмысына бұл орайда басқа да депутаттар қатыса алады. Қазақстан Республикасының Президентiне арналған дайын текстi облыстық мәслихаттың сессиясына қатысушы депутаттардың басым көпшiлiгi ашық дауыс бергенде қабылданады.
Тарау 4. 4-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ОРГАНДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ТӘРТIБI
4-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ОРГАНДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ТӘРТIБI
Тармақ 9. 9-тармақ. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
9-тармақ. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
Тармақ 82
82. Облыстық мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне мәслихаттың алып баруына қатысты мәселелердi алдын ала қарау мен әзiрлеу үшiн, оның шешiмдерiн,Қазақстан Республикасының Заңдылық актiлерiн жүзеге асыруға ықпал ететiн, өзiнiң құзыретi шегiнде өзге де мiндеттi iстердi атқаратын тұрақты комиссиялар құрады.
Тармақ 83
83. Тұрақты комиссиялар құқылы:
Тармақша 1
1) облыстық мәслихаттың сессиясының күн тәртiбi,сондай-ақ облыстық мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныстар жасауға;
Тармақша 2
2) облыстық мәслихаттың сессиясының қарауына енгiзiлген, олардың қызметiне жататын мәселелерге қорытындылар беруге;
Тармақша 3
3) мәслихаттың сессияларына, олардың мiндеттi iсiне жататын мәселелер бойынша, баяндамалар мен қосымша баяндамаларды тапсыруға;
Тармақша 4
4) өз құзыретi шегiнде мәслихатқа жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн сессияда тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге.
Тармақ 84
84. Облыстық мәслихатта төмендегiдей тұрақты комиссиялар құрылады: Бюджет және экономикалық даму мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия ; әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi тұрақты комиссия; Мемлекеттiк-құқықтық мәселелер, азаматтардың құқы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi тұрақты комиссия ; Әкiмшiлiк-аумақтық құрылым және жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия; Облыстық мәслихаттың ұйымдық-құқықтық қызметiн қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия. Облыстық мәслихат қажет болған жағдайда жаңа тұрақты комиссияларын құрып, бұрынғыларын жоюға және iс үстiндегiлерiн таратуға хақы бар. Әрбiр комиссияның сандық құрамын облыстық мәслихат бекiтедi.
Тармақ 85
85. Тұрақты комиссиялардың төрағалары осы регламентке сай облыстық мәслихаттың сессиясында сайланады. Облыстық мәслихаттың хатшысы қайсы бiр тұрақты комиссияның төрағасын сайлау үшiн кандидатуралар бойынша депутаттармен ақылдасып, ұсыныс енгiзедi. Дауыс беру кандидатуралардың бiр ғана тiзiмi бойынша өткiзiледi. Тұрақты комиссиялардың төрағаларын сайлау облыстық мәслихаттың шешiмiмен хатталады. Тиiстi тұрақты комиссия мүшелерiнiң басым көпшiлiгiнiң немесе облыстық мәслихат хатшысының ұсыныстары бойынша тұрақты комиссияның төрағасы, егерде сол үшiн облыстық мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, лауазымынан шақыртып алынады. Тұрақты комиссияның төрағасы кез келген уақытта оны тұрақты комиссияның төрағалығы мiндетiнен босату туралы арыз беруге құқылы. Оны босату туралы шешiм облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданады.
Тармақ 86
86. Тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланғаннан кейiн облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде тұрақты комиссиялардың құрамын бекiту туралы шешiм қабылданады. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ерiктi негiзде депутаттардың тiлек-ықыластарына қарай қалыптасады, бұл орайда әдеттегiдей, бiр қалада немесе ауданда әртүрлi тұрақты комиссияларға сайланған депутаттардың сабақтастық өкiлеттi принципi сақталады.әрбiр тұрақты комиссияның сандық құрамы 5 депутаттан кем болмауы тиiс. Сандық лимитi асып кеткенде немесе басқа тұрақты комиссиялардың мүшелерi жетiспегенде, депутаттар өз тiлектерi барынша басқа тұрақты комиссияларға ауыса алады, яки бұл облыстық мәслихат хатшысының ұсынысы негiзiнде облыстық мәслихаттың шешiмi бойынша жасалады. Әрбiр депутат тек қана бiр тұрақты комиссияның мүшесi болуға құқылы. Облыстық мәслихаттың хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасы облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының мүшесi бола алмайды.
Тармақ 87
87. Тұрақты комиссия өзiнiң мәжiлiсiнде ашық дауыспен оның мүшелерiнiң бастапқы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде өз құрамынан төраға орынбасары мен тұрақты комиссияның хатшысын сайлайды.
Тармақ 88
88. Тұрақты комиссияның мәжiлiсi қажет болған кезде комиссияның бiр жылғы жұмыс жоспарына сәйкес шақырылады және егерде комиссия құрамына кiретiн депутаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса заңды деп есептеледi. Тұрақты комиссияның мәжiлiсi комиссия төрағасының өз ынталылығы яки сессия төрағасының немесе облыстық мәслихат хатшысының тапсыруы бойынша шақырылады. Тұрақты комиссияның мәжiлiсi туралы депутаттарға, сондай-ақ басқа да мәжiлiске қатысушыларға ең кемi екi тәулiк бұрын мәлiм етiледi. Тұрақты комиссияның мәжiлiсiне оның құрамына кiрмейтiн облыстық мәслихаттың депутаттары кеңесшi дауыс құқығымен қойыла алады. Тұрақты комиссияның мәжiлiсiне қатысу үшiн шақырылған лауазымды және өзге адамдардың тiзiмiн тұрақты комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары анықтайды. Облыстық мәслихаттың депутаты өзi мүше болған тұрақты комиссияның мәжiлiсiне қатысуға мiндеттi. Тұрақты комиссияның мәжiлiсiне мiнәйi себеппен қатыса алмайтындығы туралы облыстық мәслихаттың депутаты уақтылы тұрақты комиссияның төрағасына хабарлайды. Тұрақты комиссияның мәжiлiсiн тұрақты комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары өткiзедi. Тұрақты комиссиялардың мәжiлiстерiне хаттама жасалады. Хаттамаларды тұрақты комиссияның хатшысы жүргiзедi. Тұрақты комиссияның қаулысын және мәжiлiс хаттамасына оның төрағасы немесе орынбасары қол қояды. Тұрақты комиссиялар бiрлесе мәжiлiс өткiзуге құқылы, бұл ретте мәжiлiс хаттамасына және қабылданған шешiмдерге бiрлескен мәжiлiске қатысушы тұрақты комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Тармақ 89
89. Тұрақты комиссиялардағы шешiмдердiң жобаларын талқылау ашық жүргiзiледi, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады. Ол бойынша алдын ала тұрақты комиссияның мәжiлiсiнде мәселенi және шешiмнiң жобасын қарағанда оның төрағасының келiсiмiмен мәжiлiске кез келген мүдделi тұлға қатыса алады. Мәселелердi қараудың нәтижелерi бойынша тұрақты комиссия оны облыстық мәслихаттың сессиясына енгiзу туралы қаулы қабылдайды.
Тармақ 90
90. Тұрақты комиссиялар өзiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша тиiстi органдармен және лауазымды тұлғалармен белгiленген мерзiмдерде қарау үшiн мiндеттi болып табылатын қаулы қабылдайды. Облыстық мәслихат шешiмдерiн орындауды бұзушылықты жою туралы комиссиялардың талаптары тиiстi жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдармен, қоғамдық бiрлестiктермен, кәсiпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және лауазымды тұлғалармен қарау үшiн мiндеттi болып табылады. Тұрақты комиссиялардың қаулылары мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерi жалпы санының басым көпшiлiгiмен дауысқа ие болғанда қабылданады. Тұрақты комиссияның төрағасы , егерде комиссия мәжiлiсiнде депутаттардың дауыстары теңдей түссе, шешушi дауыс беру құқымен пайдаланады.
Тармақ 91
91. Жекелеген мәселелердi зерттеп, әзiрлеу, ашықтан-ашық тыңдау үшiн тұрақты комиссия осы комиссия мүшелерi қатарынан және басқа депутаттардан, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының және азаматтардың өкiлдерiнен жұмысшы топтарын құра алады. Тұрақты комиссия ешбiр қайтарымсыз негiзде өз жұмысына сарапшылар мен мамандарды тартуға құқылы.
Тармақ 92
92. Тұрақты комиссиялар жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстық әкiмшiлiктен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнен, атқарушы органдардан, облыс аумағына жайғасқан кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден олардың құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпараттарды сұрап алуға құқылы, жоғарыда аталған органдардың және мемлекеттiк мекемелердiң лауазымды тұлғалары облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының сұраған мәлiметтерiн мерзiмiнде беруге мiндеттi. Лауазымды тұлғалар тұрақты комиссияларға жалған ақпарат берсе, яки қасақана ақпаратты жасырып қалса, заңға сәйкес жауап бередi.
Тармақ 93
93. Тұрақты комиссиялар өздерiне қатысты мәселелер бойынша өздерiнiң мәжiлiстерiнде облыстық аумағына жайғасқан жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар мен мекемелер басшыларының хабарламасы мен мәлiмдемелерiн тыңдауға құқылы. Тұрақты комиссиялардың ұсыныстары бойынша аталған органдар мен ұйымдардың басшылары мен өкiлдерi олардың мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелер бойынша түсiнiктемелер табыс етедi.
Тармақ 94
94. Тұрақты комиссиялар облыстық мәслихатқа бағынышты және ең кем дегенде жылына бiр мәрте өз қызметi туралы есеп бередi. Тұрақты комиссияларды жұмысы туралы есептер тиiстi тұрақты комиссиялардың мәжiлiстерiнде бекiтiледi және тиiстi тұрақты комиссияның төрағасының қолы қойылып, облыстық мәслихаттың депутаттарына таратылады.Тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы есептер сессияда талқыланбай-ақ облыстық мәслихаттың шешiмi бойынша мағлұмат ретiнде қабылданады.
Тармақ 10. 10-тармақ. Тұрақты комиссияларда көпшiлiк тыңдаулар
10-тармақ. Тұрақты комиссияларда көпшiлiк тыңдаулар
Тармақ 95
95. Тұрақты комиссиялар өз ынтасы немесе облыстық мәслихаттың шешiмi бойынша көпшiлiк тыңдаулар өткiзедi. Көпшiлiк тыңдау тұрақты комиссиялардың қызметiне жататын аса маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында, депутаттардың, атқарушы органдардың , жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен бұл комиссиялардың кеңейтiлген мәжiлiстерi формасында өткiзiледi.
Тармақ 96
96. Көпшiлiк тыңдаулардың тақырыбы, уақыты және оларды өткiзудiң орны туралы құлақтандыру ашықтан ашық тыңдаулар басталғанға дейiнгi ең кемi жетi күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берiледi. Көпшiлiк тыңдауларға шақырылған тұлғалардың құрамын бұл тыңдауларды ұйымдастырған тұрақты комиссиялар анықтайды. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары бiрлескен ашықтан ашық тыңдауларды да өткiзе алады. Көпшiлiк тыңдаулар бұқаралық ақпарат құралдары және жұртшылық үшiн ашық. Оларды өткiзудiң есептерi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 97
97. Көпшiлiк тыңдауларды тиiстi тұрақты комиссияның төрағасы жүргiзедi. Көпшiлiк тыңдаулар төрағалық етушiнiң қысқаша кiрiспе сөзiмен басталады. Ол талқылайтын мәселенiң зәрулiгi, оның маңызы, мәжiлiстi өткiзудiң тәртiбi, шақырылған тұлғалардың құрамы туралы хабарлайды . Талқылайтын мәселе бойынша баяндама үшiн 30 минутке дейiн сөз берiледi, содан соң ашықтан ашық тыңдауларға қатысушы депутаттар мен шақырылғандар сөйлейдi. Шақырылған тұлғалар ашықтан ашық тыңдауларда тек төрағалық етушiнiң рұқсатымен сөйлейдi. сөйлеудiң уақыты-10 минуттен аспайды. Көпшiлiк тыңдауларда баяндамадан және сөйлегендерден кейiн депутаттар баяндамашыға, тыңдауға арнайы шақырылған лауазымды тұлғаларға, мамандарға, сарапшыларға сауалдар берiп, тиiстi жауаптар алады. Сауалдар ауызша, жазбаша түрiнде берiледi. Шақырылған тұлғалардың ашықтан ашық тыңдаулардың барысында араласуға, оларды үзуге, ренiш немесе мақұлдау сыңай танытуға құқы жоқ. Төрағалық етушiнiң шақырылғандар арасынан тәртiп бұзғандарды залдан аластауға құқы бар.
Тармақ 98
98. Көпшiлiк тыңдаулардың қорытындысы бойынша тыңдауға қатысушы депутаттардың көпшiлiгiнiң мақұлдауымен ұсыныстамалар қабылданады. Көпшiлiк тыңдауларда қабылданған ұсыныстамалар облыстық мәслихаттың барлық депутаттарына жеткiзiледi.
Тармақ 99
99. Көпшiлiк тыңдауларға арнайы хаттама түзiледi және төрағалық етушi қол қояды.
Тармақ 11. 11-тармақ. Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы
11-тармақ. Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы
Тармақ 100
100. Жергiлiктi бюджеттiң орындалуын бақылау үшiн облыстық мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясының төрағасын қосқанда, облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы 11 адамнан сайланады. Тексеру комиссиясының мүшелерi ақысыз жұмыс iстейдi, өз мiндеттерiн тегiн атқарады. Тексеру комиссиясының құрамына депутат емес, әдеттегiдей , қаржы, бақылау-тексеру,салық және өзгеде органдардың жұмыс iстеп жүрген мамандары, аудиторлар қатарынан сайлана алады. Тексеру комиссиясының мұндай мүшелерiнiң саны тексеру комиссиясының мүшелiгiне сайланған депутаттардың санынан аспауы тиiс. Депутат емес тұлғаларды тексеру комиссиясының мүшелiгiне сайлау жөнiндегi ұсыныстарды, олардың тексеру комиссиясының мүшелерi ретiндегi қызметiне дербес жауап беретiн тексеру комиссиясының төрағасы әзiрлейдi. Тексеру комиссиясының мүшелiгiне сайлау үшiн облыстық мәслихаттың депутаттары емес тұлғалар қатарынан ұсынылған кандидатураларды алдын ала қарауды облыстық мәслихаттың ұйымдық-құқықтық қызметiн қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия жүзеге асырады. Осы тұрақты комиссия ығыстырған кандидатуралар облыстық мәслихаттың сессиясында қаралмайды. Жаңа ұсыныстарды тексеру комиссиясының төрағасы енгiзедi. Облыстық мәслихат депутаттарының ұсынысы бойынша облыстық мәслихаттың қызметiн қамтамасыз ететiн ұйымдық-құқықтық және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы зерттеп шыққан соң облыстық мәслихаттың депутаттары емес, тексеру комиссиясының жекелеген мүшелерiн тексеру комиссиясының құрамынан шығару туралы облыстық мәслихаттың сессиясына енгiзе алады.
Тармақ 101
101. Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының жұмысына депутат емес, бақылау-тексеру органдарында, қаржы, бухгалтерия, аудит , тағы басқа салаларда бiлiмдi меңгерiп, жұмыста тәжiрибе жинақтаған мамандар қатарынан шарт жасау негiзiнде тұлғалар тартылуы мүмкiн. Бұл тұлғалардың еңбекақысы облыстық аппаратта бас маманның бiр лауазымының айлық жалақысына барабар аталған лауазымда бiр жылға дейiнгi жұмыс стажы бар болғандағы есептеу негiзiнде облыстық мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етудегi шығындардың сметасы есебiнен шарт жасасу тұрғысында төленедi. Iссапар және өзге шығындары ақысыз. Төлеу жұмыс iстеген уақытына сайма-сай бiр деңгейде жүргiзiледi. Шартқа сай жалақы төлеу үшiн облыстық мәслихатқа қорытынды, ал егерде тексеру ұзаққа созылып, бiр айдан асса, тексеру комиссиясының мәжiлiсiнде бекiтiлген арадағы тексеру мен ревизия жасаудың актiлерi, сондай-ақ тексеру комиссиясының төрағасы қол қойған, сағаттары табельге қондырылған жұмысқа шығу күндерi есеп-қисап айырысуға тапсырылады.
Тармақ 102
102. Тексеру комиссиясы облыстық мәслихатқа сайланған депутаттар санының ең кемi үштен бiрiнiң, сондай-ақ өзге жағдайларда, заңдылықтар айқындалған талаптар бойынша мәслихаттың, тексеру комиссиясының, яки облыстық мәслихат хатшысының шешiмiне сай тексеру жүргiзе алады.
Тармақ 103
103. Облыстық мәслихат тексеру комиссиясының негiзгi мiндеттерi мен құқықты атқарар iстерi:
Тармақша 1
1) облыстық бюджеттi жасау мен оның орындалуын, сондай-ақ облыстық мәслихаттың бюджет мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiнiң орындалуын бақылау;
Тармақша 2
2) облыстық бюджетке қаржының толығымен түсуiн және олардың iс үстiндегi заңдарға сәйкес пайдалануын бақылау;
Тармақша 3
3) облыстық бюджеттен бюджеттегi бағдарламаларды орындауға және басқа шығындарға бөлiнген облыстық бюджеттегi қаржының мақсатты пайдалануын бақылау;
Тармақша 4
4) облыстық бюджеттiң орындалуына жасалған тексеру актiлерiн облыстық мәслихаттың бекiтуiне тапсыру;
Тармақша 5
5) өткiзiлген тексерулердiң нәтижелерi туралы облыстық мәслихат пен әкiмшiлiкке мәлiмдеу болып табылады.
Тармақ 104
104. Облыстық мәслихат тексеру комиссиясының өз мiндеттерi мен парызын атқару кезiнде:
Тармақша 1
1) облыстық бюджет қаржысының толық түсуi мен пайдаланылуына қатысты мәселелер бойынша меншiктiң барлық формасындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды тексерудi жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) облыстық бюджет қаржысының толық түсуi мен пайдаланылуына қатысты мәселелер бойынша әкiмшiлiктен, меншiктiң барлық формасындағы өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан қажеттi құжаттар мен ақпараттар сұрап алуға;
Тармақша 3
3) тексерiлiп жатқан объектiлердегi облыстық бюджетке түсетiн және пайдаланатын қаржы бөлiгiне қатысты операциялар мен есепшоттардың жайы туралы банк және несие ақша беретiн мекемелерден қажеттi мәлiметтер алуға;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан тексерулер жүргiзетiн тиiстi мамандарды тартуға;
Тармақша 5
5) тексеру комиссиясының ашқан фактiлерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардағы лауазымды тұлғалардың облыстық бюджеттiң орындалуы кезiнде заңдылықтар мен нормаланған құқықты актілердің талаптарын өрескел бұрмалағаны жөнiнде облыстық мәслихатқа ұсыныстар түсiруге ;
Тармақша 6
6) лауазымды тұлғалардың бюджет қаржыларын пайдаланудағы iс-әрекеттерiнде қылмыстардың, заңдылықтарды бұрмалаудың өзге де фактiлерiнiң бетi ашылған жағдайларда тексерулердiң материалдарын құқық қорғау органдарына беруге құқы бар.
Тармақ 105
105. Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясына облыстық мәслихат хатшысының алдын ала облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағаларымен ұсынылған кандидатураны келiскен ұсынысы бойынша,облыстық мәслихаттың өкiлеттiгi мерзiмiне, депутаттар қатарынан сессияда сайланған төраға басшылық етедi. Тексеру комиссиясының төрағалығына сайлау үшiн ұсынылған кандидат облыстық мәслихаттың сессиясында сөйлеп, бұл жұмысты алып жүруге өз мүмкiндiктерi туралы депутаттарға мәлiмдейдi. ұсынылған кандидатура жөнiнде талқылау жүргiзiледi. Облыстық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасын сайлауға ашық дауыс берiледi. Тексеру комиссиясының төрағасы, егерде оның ұсынылған кандидатурасына облыстық мәслихат депутаттарының жалпы санының жартысынан астамы дауыс бергенде, сайланды деп есептеледi. Егерде ұсынылған кандидатура өтпей қалса, облыстық мәслихаттың хатшысы жаңа ұсыныс енгiзедi. Тексеру комиссиясының төрағасы өзiнiң мiндеттi iстерiн босатылған негiзде атқарады. Облыстық мәслихат депутаттардың жалпы санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша сессияда қарап, депутаттар жалпы санының басым көпшiлiгi ашық дауыс бергенде тексеру комиссиясының төрағасын лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм қабылдай алады. Тексеру комиссиясының төрағасы өзiнiң жеке арызының негiзiнде кез келген уақытта лауазымынан босана алады. Тексеру комиссиясының төрағасы сайлау мен лауазымынан босату облыстық мәслихаттың шешiмiмен хатталады. Тексеру комиссиясының төрағасын өзiнiң жеке арызы негiзiнде босату облыстық мәслихат хатшысының өкiмi негiзiнде жүзеге асырылады, одан кейiнгi облыстық мәслихаттың сессиясында мағлұмат ретiнде қабылданады. Тексеру комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда облыстық мәслихат хатшысының өкiмi бойынша оның мiндетi облыстық мәслихаттың депутаттары қатарынан тексеру комиссиясы мүшелерiнiң бiреуiне жүктеледi.
Тармақ 106
106. Тексеру комиссиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) тексеру комиссиясының қызметiне басшылық етедi,тексеру комиссиясына жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi;
Тармақша 2
2) облыстық мәслихаттың және облыстық мәслихат хатшысының тапсырмасын орындайды;
Тармақша 3
3) тексеру комиссиясының мүшелерiне мiндеттерiн бөледi;
Тармақша 4
4) тексеру комиссиясының мәжiлiстерiнде қабылданған және бекiтiлген қаулыларға және өзге актiлерге қол қояды;
Тармақша 5
5) жалақы төлеу негiзiнде ревизия және тексеруге тартылған мамандармен еңбек шарттарын жасау туралы облыстық мәслихаттың хатшысына ұсыныс жасайды, осы мақсаттарға бөлiнген қаржыны дұрыс әрi тиiмдi пайдалануға жауап бередi.
Тармақша 6
6) қолданудағы заңдылықтарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi атқарады Тексеру комиссиясының төрағасы әр жыл сайын облыстық мәслихаттың сессиясында есеп бередi.
Тармақ 107
107. Облыстық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерiнiң:
Тармақша 1
1) облыстық мәслихат сессиясының және тұрақты комиссиялардың мәжiлiстерiне қатысуға;
Тармақша 2
2) құпиялылық ырғағын, заң қорғайтын коммерциялық және өзге де құпияларды ескерiп, тексеру мәселелерiне қатысты құжаттармен ешқандай бөгетсiз танысуға;
Тармақша 3
3) тексерулердi өткiзуге байланысты мәселелер жөнiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан олардың белгiленген мерзiмiнде қажеттi анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелердi талап етуге әрi алуға құқы бар.
Тармақ 108
108. Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерi өздерiнiң өкiлеттiгiн iске асыру кезiнде:
Тармақша 1
1) заңдылықтардың талаптарын сақтауға, тексеретiн нысандардың бiрқалыпты жұмыс iстеуiне бөгет жасамауға және олардың ағымдағы шаруашылық қызметiне араласпауға мiндеттi;
Тармақша 2
2) жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерiн бұрмалағаны үшiн жауап бередi;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдарға берген ақпараттардың ақиқаттығы жария еткенi, құпияларды сақтамағаны үшiн, сондай-ақ оларға құқыққа қайшы келетiн iс-әрекеттерi мен моральдық, яки материалдық зиян келтiргенi үшiн жауап бередi.
Тармақ 109
109. Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерiнiң өздерiнiң өкiлеттiгiн iске асыру үшiн төмендегiдей актiлер қабылдауға құқылы:
Тармақша 1
1) осы жылғы облыстық бюджеттiң орындалуы туралы қаралған есеппен бiрдей уақытта облыстық мәслихаттың бекiтуiне енгiзiлетiн одан бұрынғы жылдың облыстық бюджетiнiң орындалуы туралы тексерудiң актiсi;
Тармақша 2
2) ағымдағы жылдың белгiлi кезеңiндегi бюджеттiң орындалу барысы туралы актi,сондай-ақ өзге де актiлер;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға облыстық бюджеттi орындау жөнiндегi жұмыстағы кемшiлiктердi жою туралы , облыстық бюджеттi орындау кезiнде iс үстiндегi заңдылықтарды бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту мәселесi жөнiнде құқық қорғау органдарына құлаққағыс ететiн үндеулер;
Тармақша 4
4) тексеру комиссиясының актiлердi бекiтетiн қаулысы. Облыстық мәслихат тексеру комиссиясының қаулысында тұжырымдалған талаптар, атына жолданған барлық мемлекеттiк органдардың , ұйымдардың және лауазымды тұлғалардың тiкелей мiндеттерi. Облыстық мәслихат тексеру комиссиясының қаулысы лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiндегi қылмыстар құрамының барлығы немесе жоқтығы туралы мәселенi олардың шешуi үшiн құқық қорғау органдарының атына жiберiлуi мүмкiн.
Тармақ 110
110. Тексеру комиссиясы мәжiлiстерiнiң хаттамаларын жүргiзу үшiн тексеру комиссиясының мүшелерi арасынан тексеру комиссиясы мүшелерiнiң санының көпшiлiгi дауыс берген тексеру комиссиясының хатшысы сайланады. Хатшы тексеру комиссиясының төрағасы оларға қол қоярдың алдында хаттамаларға және басқа актiлерге виза қояды.
Тармақ 111
111. Облыстық мәслихат тексеру комиссиясының қаулысы дауыс беру жолымен оның мәжiлiстерiнде қабылданады. Облыстық мәслихат тексеру комиссиясының қаулысы, егерде оған тексеру комиссиясы мүшелерiнiң жартысынан астамы мәжiлiсте дауыс берсе, қабылданған деп есептеледi. Егерде теңдей дауыс берiлсе, тексеру комиссиясының төрағасының даусы шешушi болып табылады. өткен жылдың облыстық бюджетiнiң орындалуы туралы тексерудiң актiсiн қараған кезде тексеру комиссиясы мүшелерiнiң ең кемi үштен екiсi қатысса, облыстық мәслихат тексеру комиссиясының мәжiлiсi заңды деп танылады.
Тармақ 112
112. Жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдар облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы мүшелерiне жүктелген мiндеттi де құқықты iстерiне жан-жақты ықпал етуге, тексерудi олардың мұқият жүргiзуiне қажеттi көмек көрсетуге мiндеттi. Тексерулердi жүргiзуге қалайда бөгет жасайтын және тексеру комиссиясы мүшелерiнiң және тексеруге тарылған мамандардың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ете алмаған лауазымды тұлғалар облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы төрағасының хабарламасы негiзiнде облыстық мәслихат қабылдаған ұсыну бойынша жауапқа тартылуы мүмкiн.
Тармақ 12. 12-тармақ. Уақытша комиссиялар
12-тармақ. Уақытша комиссиялар
Тармақ 113
113. Облыстық мәслихаттың құзырына жататын мәселелердi қарауға әзiрлеу мақсатында, мәслихат не облыстық мәслихаттың хатшысы уақытша депутаттық комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн және өкiлеттiк мерзiмдерiн, сондай-ақ құқықтарын мәслихат немесе облыстық мәслихаттың хатшысы оларды құру кезiнде белгiлейдi. Облыстық мәслихаттың уақытша комиссияларының құрамына облыстық мәслихаттың депутаттары емес тұлғалар сайлана алады.
Тармақ 114
114. өзiне жүктелген мiндеттердi орындау барысында облыстық мәслихат уақытша комиссияларының:
Тармақша 1
1) заңдылықтарда белгiленген облыстық мәслихаттың құзыретi шегiнде,жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдармен, мемлекеттiк мекемелермен және басқа ұйымдармен бiрлесе өзiне тапсырылған мәселелердi зерттеудi жүргiзуге;
Тармақша 2
2) облыстық әкiмияттан, облыс аумағына жайғасқан өзге де мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан зерттейтiн мәселесi бойынша қажеттi ақпараттарды сұрап алуға құқы бар.
Тармақ 115
115. Облыстық мәслихаттың уақытша комиссиялары өздерiнiң шегiндегi мәселелер бойынша қорытындылар қабылдайды, олар баяндамалар, қосымша баяндамалар, шешiмдердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде пайдалану үшiн тиiстi тұрақты комиссияларға жолданады.
Тармақ 116
116. Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.
Тарау 5. 5-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIГIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТIБI
5-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIГIН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТIБI
Тармақ 13. 13-тармақ. Депутаттардың өкiлеттiгi және олардың жауапкершiлiгi
13-тармақ. Депутаттардың өкiлеттiгi және олардың жауапкершiлiгi
Тармақ 117
117. Облыстық мәслихаттың депутаты жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, облыс халқының өкiлеттi өкiлi және оның еркiн бiлдiрушi болып табылады.
Тармақ 118
118. Облыстық мәслихаттың депутаты:
Тармақша 1
1) облыстық мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органдарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға облыстық мәслихаттың және оның органдарының жұмысы, облыстық мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, облыстық мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге мiндеттi.
Тармақ 119
119. Облыстық мәслихат депутатының:
Тармақша 1
1) сайлауға және облыстық мәслихат сессиясының төрағасы, хатшысы,тексеру комиссиясының төрағасы немесе мүшесi, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, облыстық мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) облыстық мәслихат сайлайтын, яки облыстық мәслихатпен келiсiлетiн лауазымды адамдардың кандидатуралары жөнiнде өз пiкiрiн айтуға;
Тармақша 4
4) өз округiнiң сайлаушыларымен , сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;
Тармақша 5
5) сессияда облыс аумағына орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының облыстық мәслихаттың құзыретiне жатқызылатын мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 6
6) облыстық әкiмият мәжiлiстерiнiң жұмысына қатысуға;
Тармақша 7
7) қоғамдық маңызы бар азаматтардың жолданымдарымен депутаттарды таныстыруға;
Тармақша 8
8) облыстық мәслихат пен оның органдары мәжiлiстерiнiң стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 9
9) заңдарда және облыстық мәслихаттың регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқы бар.
Тармақ 120
120. Облыстық мәслихаттың депутаттарына құқықтары мен мiндеттерiн кедергiсiз әрi тиiмдi жүзеге асыруға оның қадiр-қасиетi мен ар-ожданын қорғауға кепiлдiк беру Қазақстан Республикасының заңдарында және осы регламентте белгiленедi.
Тармақ 121
121. Облыс аумағына орналасқан мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың , ұйымдар мен мекемелердiң басшылары облыстық мәслихаттың депутаттарына өздерiне жүктелген парызын жүзеге асыруда қажеттi ықпал жасауға мiндеттi. Депутаттың алдында өздерiнiң мiндеттемелерiн орындамайтын, оған өтiрiк ақпараттар беретiн, депутаттық қызметтiң кепiлдiгiн бұзатын мемлекеттiк органдардың және мекемелердiң лауазымды адамдарды iс үстiндегi заңдылықтарға сәйкес жауапқа тартуға жатады.
Тармақ 122
122. Облыстық мәслихаттың депутаттары заңдарда белгiленген жағдайлардан тыс өзiнiң депутаттық өкiлеттiгiн босатылмаған негiзде жүзеге асырады. Депутат регламентте белгiленген тәртiппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссиялардың және өзге де органдарының мәжiлiстерiн өткiзу кезеңiнде, депутаттық өкiлеттiктердi жүзеге асыру уақытында оған негiзгi жұмыс органы бойынша жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен орташа жалақысы, бiрақ осы қызметте бiр жылға дейiнгi жұмыс стажы бар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмi аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескерiлiп, сессиялар өтетiн мерзiмдегi iссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтiк мiндеттерiн атқарудан басталады. сайлау округiнде депутаттың жұмыс iстеген кезеңiндегi iссапар шығындары төленбейдi.
Тармақ 123
123. Облыстық мәслихат депутатының өкiлеттiгi iс үстiндегi заңдардың нормаларына сәйкес басталады және аяқталады. Облыстық мәслихат депутатының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм облыстық мәслихаттың облыстық мәслихаттың қызметiн ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияда алдын ала қаралып, облыстық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша сессияға қатысушы депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданады.
Тармақ 14. 14-тармақ. Депутаттық этика және депутаттардың өзара қатынастарының ережесi
14-тармақ. Депутаттық этика және депутаттардың өзара қатынастарының ережесi
Тармақ 124
124. Облыстық мәслихаттың депутаттары өздерiнiң мiнез-құлқында ең мәртебелi моральдық қасиеттердiң адамгершiлiк принциптерiн, мейiр-шапағат, сыпайылық, әдiлеттiк және заңдылық идеяларын ұстауға тиiс. Депутат өзiн сабырлы бiрқалыпты ұстап, депутаттық мiндеттерiн орындау кезiнде басқа депутаттармен, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен және азаматтармен араласқанда өз абыройын сақтап, өзгелердiң де абыройын төкпегенi абзал. Ол өзiн, облыстық мәслихатты, не өзi сайланған органды арандатуға, қаралауға бейiм iс-әрекеттерден, шағым-арыздардан және жағымсыз қылықтардан аулақ болуы тиiс. Депутат мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың қызметiне шолу жасап, бұқаралық ақпарат құралдарында, баспасөз конференцияларында, митингiлерде сөйлегенде тек қана ақиқатты, тексерiлген фактiлердi пайдаланғаны жөн. Көпшiлiк алдында әдейi ғана немесе абайсызда жалған не тексерiлмеген фактiлердi тiзбектей сөйлегенде, депутат өзiнiң сөздерiнде ағаттықтар жiберiп алғанын ашықтан ашық мойындап, мүдделерi мен абыройына тиiп кеткен органнан , адамнан кешiрiм сұрауы құба-құп.
Тармақ 125
125. Облыстық мәслихат депутаттарының депутаттық этика және өзара қатынастарындағы мәселелердi қарау мен шешiм қабылдауды облыстық мәслихаттың ұйымдық-құқықтық қызметiн қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия жүзеге асырады. Этикаға жатпайтын iс-әрекеттер жасаған депутатқа кiнә тағылған жағдайда, ол өзiне тағылған кiнәлауға осы тұрақты комиссияның баға беруiн талап етуге құқылы. Басқа депутаттың арына тиген сөздерi мен iс-әрекеттерiнен масқараланған депутат, балағаттаушының көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауын талап етуге құқылы.Бас тартқан жағдайда, ол осы мәселенi депутаттық этика мәселелерiн қарайтын тұрақты комиссияға шағым етедi. Облыстық мәслихаттың ұйымдық-құқықтық қызметiн қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия депутаттық немесе депутаттық топтардың, лауазымды адамдардың жазбаша және ауызша құлаққағыс етуi бойынша, сондай-ақ өз ынтасымен депутаттық этика ережелерiн бұзуға байланысты мәселелердi қарайды. Осы комиссияның өзi депутаттың өз мiндеттерiн ұдайы орындалмайтындығы, оның бержағында ешбiр дәлелсiз себептермен облыстық мәслихаттың пленарлық сессиясының мәжiлiстерiне үш мәрте қатыспағандығы ескерiлiп, облыстық мәслихат депутатының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы облыстық сайлау комиссиясына мәлiмдеме әзiрлейдi. Облыстық мәслихат сессиясының мәжiлiсiне қатыспаған немесе оны өтiп жатқан кезде тастап кеткен депутат осы тұрақты комиссияға жоқ болу себептерi туралы ақталу құжаттарын немесе жазбаша түсiнiктеменi он күн мерзiмiнде табыс етуi тиiс. Облыстық мәслихаттың депутаты қарайтын мәселе бойынша облыстық мәслихаттың ұйымдық-құқықтық қызметiн қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссияға түсiнiктеме беруге мiндеттi және комиссияның оған қатысты қабылдаған қаулысына облыстық мәслихаттың алдында қарсы дау айтуға құқылы.
Тармақ 15. 15-тармақ. Депутаттық сұрау және жолданымдар
15-тармақ. Депутаттық сұрау және жолданымдар
Тармақ 126
126. Облыстық мәслихат депутатының облыс аумағына орналасқан жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарға облыстық мәслихаттың құзыретiне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жiберуге құқы бар.
Тармақ 127
127. Депутаттық сұрау депутаттың облыстық мәслихаттың сессиясында айтатын немесе облыстық мәслихаттың сессиясында жариялайтын, сессияда негiзделген түсiнiктеме берудi талап ететiн немесе сол органның немесе, лауазымды адамның құзыретiне жататын мәселелер бойынша позициясын тұжырымдауды талап ететiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарға арнаған ресми жолданымы болып табылады.
Тармақ 128
128. Облыстық мәслихат депутатының облыс әкiмiне, облыс әкiмиятының мүшелерiне, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық атқарушы органдары аумақтық бөлiмшелерiнiң басшыларына, облыстық прокурорына, ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң облыстық басқармасы бастығына, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне депутаттық сұрау салуға құқы бар. Бұл ретте құқық қорғау органдарының басшыларына жолданған сұраудың қылмыстық iзiн суытпай қуғындау қызметiн жүзеге асыруға байланысты мәселелерге қатысы жоқ.
Тармақ 129
129. Депутаттық сұрау жазбаша формада облыстық мәслихаттың сессиясына енгiзiлiп, жария етiлуi мүмкiн. Сессияда ауызша айтылған депутаттық сұрауды депутат жазбаша толтырады. Облыстық мәслихат сессиясының хатшылығына тапсырады. Депутат сұрау салғанда жолданым жiберiлетiн лауазымды адамды және одан күтiлетiн жауаптың /ауызша немесе жазбаша/ формасын көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 130
130. Екi сессия аралығындағы кезеңде жазбаша формада депутат дайындаған, сондай-ақ тiкелей сессияда айтылған депутаттық сұраулар, оны өткiзу барысында, егерде шешiмiн таппаса, онда облыстық мәслихаттың аппаратында тiркеледi және ең кемi алған күннен үш күнде кешiктiрiлмей мемлекеттiк органның тиiстi лауазымды адамына жолданым жiберiледi.
Тармақ 131
131. Егерде депутаттық сұрауға облыстық мәслихаттың сессиясында лауазымды тұлға ауызша жауап берген жағдайда, әйтпесе сұрау айтылған сессияда тiкелей жауап алынбаса, сондай-ақ лауазымды адам бiрден жауап беруге дайын болмаған жағдайда , оның облыстық мәслихаттың кезектi сессиясында жауабы тыңдалады. Депутаттық сұрауға жауапты оны алған адам жазбаша түрде бiр айдан асырмай беруi тиiс. Сессиялар арасындағы үзiлiс кезiндегi осынау мерзiмде, облыстық мәслихаттың сессиясында айтылатын жауап есебiнде депутаттың сұрауына жазба түрiнде алдын ала жауап берiлуi керек.
Тармақ 132
132. Депутаттық сұрау облыстық мәслихаттың сессиясында төмендегi тәртiппен қаралады: сұрау салған депутаттың сөзiне -5 минутке дейiн, депутаттық сұрау жолданған лауазымды адамның жауабына -15 минутке дейiн уақыт берiледi. Сұрауға жауап бойынша жарыссөз болуы мүмкiн. Жауап тыңдалған соң депутаттық сұраудың авторы, сондай-ақ басқа да депутаттар сұрауда қойылған проблема бойынша сауалдар беруi мүмкiн. Сауалдар мен жауаптарға берiлетiн уақыт 30 минуттен аспауы тиiс.
Тармақ 133
133. Депутаттық сұрау кiмге жолданса, сол лауазымды адам жауап беруi шарт. Сессияның жұмысына дәлелдi себептермен қатысуға мүмкiн болмаған жағдайда, сұрау салған уәкiлдiк етушiнiң мекенжайы немесе сұрау салған автордың табан тiреген талабы бойынша, сұрауға жауапты басқа лауазымды адам беруi мүмкуiн, ал оны қарау облыстық мәслихаттың басқа сессиясына ауыстырылуы мүмкiн.
Тармақ 134
134. Депутаттық сұрауға жауап және оны талқылаудың нәтижелерi бойынша облыстық мәслихаттың шешiмi қабылданады.
Тармақ 135
135. Облыстық мәслихат депутаттарының облыстық мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша облыс аумағында жайғасқан жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарға арналған өзге де жолданымдарды азаматтардың жолданымдарын қарау тәртiбi туралы iс үстiндегi заңдарға сәйкес қаралады.
Тармақ 136
136. Облыстық мәслихаттың депутаттары сессияда талқыланып жатқан мәселенiң тақырыбы бойынша залда қатысып отырған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына сауалдар қоюға құқылы. Сауалға жауап бiрден берiледi, ал қажет болған кезде жауапқа қосымша дайындалуға-жазба түрiнде үш күн мерзiм белгiленедi.
Тармақ 137
137. Сессияда облыстық мәслихаттың депутаттары айтқан немесе жазбаша формада сессияға төрағалық етушiге берiлген, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың қорытындыларында тұжырымдалған ұсыныстар мен сын-ескертпелер, егерде олар сессияда шешiмiн таппаса, тиiстi мемлекеттiк органдарға және лауазымды адамдарға жiберiледi, ал олар алған күннен бастап оларды бiр ай мерзiмде қарауға және нәтижелерi туралы тiкелей депутатқа және облыстық мәслихатқа хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 16. 16-тармақ. Депутаттық топтар
16-тармақ. Депутаттық топтар
Тармақ 138
138. Облыстық мәслихат қарайтын мәселелер бойынша бiрегей позицияны ұстанып, бiрлесе қызмет атқару үшiн облыстық мәслихаттың депутаттары заңдарда белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партиялардың депутаттық топтары түрiнде депутаттық бiрлестiктер құра алады. Саяси партияның депутаттық тобы мәслихаттың кемiнде бес депутатын бiрiктiруге тиiс. Олар депутаттық топтардың iшкi қызметiн өзбетiнше ұйымдастырады. Депутаттық топқа депутатты енгiзу оның жеке арызы негiзiнде жүргiзiледi. Облыстық мәслихаттың хатшысы депутаттық топқа кiрмейдi. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы, сессия төрағасының мiндетiн орындау кезеңiнде, өзiнiң депутаттық топқа мүшелiгiн тоқтата тұрады.
Тармақ 139
139. Жаңадан сайланған облыстық мәслихаттың бiрiншi сессиясы хатшылығына депутаттық топтарды тiркеу үшiн депутаттық топ құру, оның мақсаттары, құрамы туралы, сондай-ақ депутаттық топтың атынан сөйлеуге уәкiлдiк алған және облыстық мәслихаттың сессия мәжiлiсiнде оның мүдделерiн қорғайтын адамдар туралы жазбаша хабарландыру хат жолданады. Жаңадан сайланған облыстық мәслихаттың бiрiншi сессиясының хатшылығы депутаттық топтар құру туралы облыстық мәслихатқа хабарлайды. Лауазымды адамдарды және облыстық мәслихаттың органдарын сайлаған депутаттық топтар құру туралы ескерту хаттар облыстық мәслихаттың хатшысына жiберiледi, ал ол депутаттық топ құру туралы облыстық мәслихатқа мәлiмдейдi. Облыстық мәслихат депутаттардың жалпы санының басым көпшiлiгi дауыс бергенде депутаттық топтарды тiркеу туралы шешiм қабылдайды. Саяси партияның депутаттық тобын тiркеу мейлiнше ақпараттық сипатта болады. Оның құрылуы үшiн құрамы заңда белгiленгеннен төмен депутаттық топтың санын азайтатын, депутаттардың депутаттық топтардан шығып кеткен жағдайында, депутаттық топ өз қызметiн тоқтатады. Бұл хабарламаны облыстық мәслихаттың хатшысы сессияда депутаттарға жеткiзедi, сессияда бұл депутаттық топты тiркеудi жою туралы шешiм қабылданады. Осы регламентке тiркелмеген облыстық мәслихат депутаттарының бiрлестiктерi депутаттық топтың құқықтарымен пайдалана алмайды.
Тармақ 140
140. Депутаттық топтар өздерiнiң шешiмдерi туралы сессияның төрағасына және облыстық мәслихаттың хатшысына хабарлайды. Депутаттық топ облыстық мәслихаттың хатшысы және сессияның төрағасы арқылы өздерi дайындаған материалдарды депутаттар арасында таратуға құқылы. Депутаттық топтың мүшелерi депутаттық топтың тапсыруы бойынша жарыссөз тоқтатылған кезде өз өкiлiн күштеп сөйлетуге құқы бар. Бұл ретте төрағалық етушi оған сөз беруге мiндеттi.
Тарау 6. 6-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКIЛЕТТIГI
6-ТАРАУ. ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКIЛЕТТIГI
Тармақ 17. 17-тармақ. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
17-тармақ. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
Тармақ 141
141. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы облыстық мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады. Егерде ұсынылған кандидатура қажеттi талап етiлген дауыс ала алмаған жағдайда облыстық мәслихаттың хатшысы басқа кандидатураны ұсынады. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасын сайлау сессияның шешiмiмен хатталады. Облыстық мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы облыстық мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн облыстық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 142
142. Облыстық мәслихат кезектi сессияның төрағасы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 2
2) мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;
Тармақша 3
3) мәслихат сессиясының мәжiлiсiн жүргiзедi, кезегiне қарай сөйлеу үшiн сөз бередi ; түсу тәртiбiмен әрбiр ұсынысты дауысқа салады, дауыс берудi алып барады, өзбетiнше немесе сессияның санақ тобымен бiрлесе ашық дауыс берген жағдайда дауыстарды санауды жүзеге асырады, сөйтiп оның нәтижелерiн жариялайды;
Тармақша 4
4) мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
Тармақ 143
143. Облыстық мәслихаттың хатшысы бiр айдан астам болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн уақытша жүзеге асыруды тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасына жүктеу туралы шешiм қабылдайды. Облыстық мәслихаттың хатшысына кезектi еңбек демалысын беру, сондай-ақ оның облыстан тыс жерлерге iссапарға шығуы туралы шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 18. 18-тармақ. Облыстық мәслихаттың хатшысы
18-тармақ. Облыстық мәслихаттың хатшысы
Тармақ 144
144. Облыстық мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Ол облыстық мәслихаттың өкiлеттiгi мерзiмiне депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайланады және мәслихаттың сессиясында лауазымынан босатылады. Облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына кандидатураларды облыстық мәслихаттың сессиясында депутаттар ұсынады. Өзiне қарсы шыққан адамнан басқа, барлық ұсынылған кандидатуралар өздерiнiң ұсынылу тәртiбiмен дауысқа салынады. өзiне өзi қарсы адамға дауыс берiлмейдi. Дауыстарды санау осы регламентке сәйкес сессияда сайланған санақ тобы жүзеге асырады. Кандидат, егерде ол дауыс берудiң нәтижесiнде депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусына ие болса, сайланды деп есептеледi. Егерде облыстық мәслихаттың хатшысы лауазымына екеуден астам кандидатуралар ұсынылып, олардың бiрде-бiрi талап етiлетiн дауыс санын ала алмаса, ең көп дауысқа ие болған екi кандидатура бойынша дауыс берудiң екiншi айналымы өткiзiледi. Бұл ретте облыстық мәслихаттың әрбiр депутаты тек қана бiр кандидатура үшiн дауыс беруi мүмкiн. Егерде дауыс берудiң екiншi айналымында екi кандидатураның бiрде-бiрi депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусын ала алмаса, облыстық мәслихаттың хатшысын сайлауға кандидатуралар ұсыну қайталанады. Бұл орайда бұрын ұсынылған кандидатураларды қайтадан ұсынуға да болады. Облыстық мәслихаттың хатшысын сайлау сессияның шешiмiмен хатталады.
Тармақ 145
145. Облыстық мәслихаттың хатшысы депутаттар жалпы санының үштен екiсi дауыс бергенде мерзiмiнен бұрын лауазымынан босатылуы мүмкiн. Облыстық мәслихаттың хатшысын лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы мәселенi сессияға енгiзу және онда қарау облыстық мәслихаттың енгiзуi және шешiм қабылдауы үшiн осы регламентте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Облыстық мәслихаттың хатшысының өз өкiлеттiгiн ерiктi түрде жұмыстан кетуi өз арызы бойынша жүзеге асырады. Мәслихат босатылуын қабылдамаған жағдайда мәслихат хатшысы облыстық мәслихаттың сессиясында оның арызын қарағаннан кейiн бiр ай өткен соң өзiнiң өкiлеттiгiн жинастырып қоюға құқылы.
Тармақ 146
146. Хатшының өкiлеттiгi iс үстiндегi заңдылықтармен, осы регламентпен, сондай-ақ облыстық мәслихаттың шешiмiмен белгiленедi. Облыстық мәслихаттың хатшысы:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
Тармақша 5
5) мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
Тармақша 7
7) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарды мәслихат атынан өкiл болады;
Тармақша 9
9) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
Тармақша 10
10) мәслихаттың шешiмдерi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
Тарау 7. 7-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 147
147. Облыстық мәслихаттың өкiлеттiгi тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн. Сот тұрғысынан заңсыз деп танылған шешiмдер қабылдауды керек ететiн Конституцияны, Қазақстан Республикасының Заңдарын қаншама рет /екi және одан көп/ бұзған, әкiммен және әкiмиятпен арада ымырасыз алауыздық туындаған себептерге байланысты облыстық мәслихаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы мәселе қойылған жағдайда облыстық мәслихат Қазақстан Республикасының бас прокуратурасында, Қазақстан Республикасының Парламент Сенатында қажет болса сотта облыстық мәслихаттың мүдделерiн қорғайтын арнайы депутаттық комиссия құруға құқылы.
Тармақ 148
148. Облыстық мәслихаттың өзiн-өзi тарату туралы мәселе облыстық мәслихат үшiн депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен анықталып, сессияның күн тәртiбiне енгiзiлуi мүмкiн. өзiн-өзi тарату туралы ұсынысты облыстық мәслихат үшiн депутаттар санының жартысынан кем болмағанда тек облыстық мәслихаттың депутаттары егжей-тегжейлi анықтап, енгiзу мүмкiн. Осы мәселенi облыстық мәслихаттың әрбiр тұрақты комиссиясы алдын ала қарайды. Облыстық мәслихаттың өзiн-өзi тарату туралы шешiмi жасырын дауыспен облыстық мәслихат депутаттары жалпы санының ең кемi үштен екiсi дауыс бергенде қабылданады.
Тармақ 149
149. Облыстық мәслихаттың және оның аппаратының қызметiн қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар облыстық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiледi.
Тармақ 150
150. Облыстық мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етудi облыстық мәслихаттың аппараты жүзеге асырады, оған мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, әдiстемелiк сөздiк-ақпараттық, түсiндiрмелiк, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi атқарады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi. Облыстық мәслихаттың аппараты облыстық бюджеттiң есебiнен ұсталатын және облыстық мәслихат құрған мемлекеттiк мекеме болып табылады. Аппараттың құрылымын және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды облыстық мәслихат бекiтедi. Аппараттың қызметiне облыстық мәслихаттың хатшысы басшылық етедi, оның қызметкерлерiн тағайындайды және босатады, оларға мiндеттерiн бөлiп бередi, аппарат туралы ереженi бекiтедi. Облыстық мәслихаттың хатшысы облыстық мәслихат бекiткен аппараттың құрамына және заң белгiлеген оның қызметкерлерiнiң санына сәйкес облыстық мәслихат аппаратының штаты кестесiн бекiтедi, оған өзгерту енгiзедi. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi iс-қимылдағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметкерлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
Тармақ 151
151. Облыстық мәслихаттың регламентi, оған өзгертулер мен қосымшалар депутаттар жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады және облыстық мәслихаттың шешiмiмен хатталады. Регламенттiң қаралуы және бекiтiлуi , оған өзгертулер енгiзу облыстық мәслихат шешiмiн қабылдау тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi. Регламент ережелерiн түсiндiрудi және оны сақтауға бақылауды облыстық мәслихаттың ұйымдық-құқықтық қызметiн қамтамасыз ету және депутаттық этика мәселелерi жөнiндегi облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы жүзеге асырады. Осы комиссияның төрағасы өзiнiң қалауы немесе сессия төрағасының, облыстық мәслихат хатшысының және депутаттардың ұсынысы бойынша регламентінiң ережелерiн түсiндiру үшiн кез-келген уақытта сессияда сөз алуға құқы бар. Осы тұрақты комиссияның регламенттi ресми түсiндiру облыстық мәслихаттың сессиясында берiледi және қажет кезде облыстық мәслихаттың шешiмiмен бекiтiледi. Осы регламент оны облыстық мәслихат бекiткен сәттен бастап күшiне енедi.