О повышении ставок земельного налога по городу Текели
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставок земельного налога по городу Текели
- Атауы (қаз.)
- Текелі қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8-44
- Қабылданған күні
- 27.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2018 107671_338558.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DC004015
- ЭКБ идентификаторы
- 107671
- Редакция идентификаторы
- 107671_338558
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:25
0 Текелі қаласы бойынша
жер салығының
мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, Текелі қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 20 пайызға жоғарылатылсын.
2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментінің Текелі қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Қ. Д. Нұрғалиев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 27 қазандағы «Текелі қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 8-44 шешіміне келісімі
«КЕЛІСІЛДІ»
«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер
комитеті Алматы облысы
бойынша Мемлекетік кірістер
департаментінің Текелі қаласы
бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрғалиев Қанабек Досжанұлы
27 қазан 2016 жыл
«Текелі қаласының жер
қатынастар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Есболатов Болат Бүркітбайұлы
27 қазан 2016 жыл