Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Мангистауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Мангистауского района
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5/50
- Қабылданған күні
- 21.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2023 107692_643195.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ME003193
- ЭКБ идентификаторы
- 107692
- Редакция идентификаторы
- 107692_643195
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:27
0 Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі бекітілсін.
2 2. «Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже
Маңғыстау аудандық мәслихатының
2016 жылғы 21 қазандағы №5/50
шешімімен бекітілген
Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.
2 2. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, әскери және өзге мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық және мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.
3 3. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныстарды еңбек, шығармашылық ұжымдары, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады.
4 4. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасымен наградтала алмайды:
1 1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;
2 2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;
3 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар;
4 4) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған әкімшілік жазалары бар тұлғалар.
5 5. Наградтау бетшесінде наградталушының жеке басын сипаттайтын, оның сол саладағы және еңбек ұжымындағы жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Наградтау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің, бөлімдер басшыларының наградтау бетшесіне аудан әкімі қол қояды.
6
6. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына еңбек ұжымының наградтау парағы мен қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмысының бөліміне жолданады. Одан кейін алдын ала қарау және Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.
7 7. Егер ұсынылған кандидаттар немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, онда бұл ұсыныс аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілмейді.
8 8. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Маңғыстау аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Құрмет грамотасымен қайта наградтау бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.
2 2-тарау. Маңғыстау ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы
9 9. Құрмет грамотасы бетінде Елтаңба белгісі салынған және мемлекеттік тілде «Құрмет грамотасы» деп жазылған, қосымша бетшесі бар көгілдір түсті балакрон папка түрінде болады. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.
Қосымшаның айқара ашылған бетінің сол жағы ұлттық оюмен өрнектелген, ал оң жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің төменгі жағында наградталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін көрсету үшін орын қалдырылады. Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналастырылады.