Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Мартукского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Мартукского района
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- upd
- Нөмірі
- 40
- Қабылданған күні
- 04.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.06.2024 107703_708958.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CH005141
- ЭКБ идентификаторы
- 107703
- Редакция идентификаторы
- 107703_708958
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:21
0 Азаматтық қызметші болып табылатын және Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәртөк ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
2 2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2016 жылғы 4 қарашадағы
№ 40 Мәртөк аудандық
мәслихатының шешіміне
қосымша
Мәртөк аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1
1. 2008 жылғы 28 наурыздағы № 39 «Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға үстемақы белгіленуі туралы» аудандық мәслихаттың шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-51 тіркелген, 2008 жылғы 23 сәуірде «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған);
2
2. 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 19 «Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 наурыздағы № 39 «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандарына үстем ақы белгіленуі туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» аудандық мәслихаттың шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-154 тіркелген, 2012 жылғы 31 мамырда «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған);
3
3. 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 121 «Мәртөк аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 наурыздағы № 39 «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына үстемақы белгіленуі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихаттың шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3900 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған).