О повышении ставок земельного налога по Ескельдинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставок земельного налога по Ескельдинскому району
- Атауы (қаз.)
- Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8-39
- Қабылданған күні
- 28.10.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2018 107722_301519.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DI004017
- ЭКБ идентификаторы
- 107722
- Редакция идентификаторы
- 107722_301519
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:24
0 Ескелді ауданы бойынша
жер салығының мөлшерлерін
жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде, Ескелді ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексiнің 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 40 пайызға жоғарылатылсын.
2
2. «Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі «Ескелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша З. Ілімжанова) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Ескелді аудандық мәслихаттың 2016 жылдың «Ескелді ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлерін жоғарылату туралы» №8-39 шешіміне келісім
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы қаржы
министрлігі мемлекеттік кірістер
комитетінің Алматы облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті»
Республикалық мемлекеттік мекемесі
«Ескелді ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ілімжанова Зайда Әбдымананқызы
2016 жыл
«Ескелді ауданының
жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а.
Есболат Жанат Есболатұлы
2016 жыл