Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 391 · қабылданған 18.10.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107724/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 391 ·18.10.2016
11.09.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 391 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
391
Қабылданған күні
18.10.2016
Қолданысқа енгізілген күні
10.12.2016
Көрсетілген редакция
11.09.2019 107724_420824.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16GK003219
ЭКБ идентификаторы
107724
Редакция идентификаторы
107724_420824
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:30

0 Азаматтық қызметшілер болып

табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ержан Хыдырұлы Бегалиевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы «Азаматтық қызметшілер болып
табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы
мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»
№ 391 қаулысына келісім парағы
«КЕЛІСІЛДІ»
Шу аудандық мәслихатының
хатшысы
Е. Өмірәлиев
18.10. 2016 жыл

4 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Шу ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 18 қазандағы
№ 391 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1. Денсаулық сақтау саласында мамандарының лауазымдары:

Барлық мамандықтағы дәрігерлер;
Фармацевт –провизор;
Фельдшер;
Акушер;
Зертханашы;
Медициналық бике;
Диетикалық бике;
Әлеуметтік қызметкер;
Психолог;
Медициналық бикенің көмекшісі.

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында мамандарының лауазымдары:

Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, оның ішінде: басшы орынбасары, бөлімше меңгерушісі;
Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары (бас, аға), оның ішінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек консультанттары мен ассистенттері, күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы.

3 3. Білім беру саласында мамандарының лауазымдары:

Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;
Жалпы білім беретін, жоғары техникалық мектептің, гимназияның, колледждің, училищенің, мектеп-балабақша кешенінің, арнайы түзету ұйымдары мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың директоры (басшысы, меңгерушісі);
Училище (мектеп, мектеп-интернат) директоры (бастығы);
Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
Шығармашылық шеберхананың жетекшісі (білім беру ұйымдарында);
Дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында);
Алғашқы әскери даярлық жетекшісі, оқытушы-ұйымдастырушысы (оқу орнындағы әскери жетекші);
Жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың (басшының) ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысы, ақпараттық технологиялар, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарының бөлім меңгерушісі;
Әлеуметтік педагог;
Педагог-ұйымдастырушы;
Қосымша білім педагогы;
Тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (оқу орындарындағы тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім);
Педагог-психолог;
Кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог);
Аға оқытушы, оқытушы;
Аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында);
Оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;
Балалардың мектепке дейінгі ұйымының музыкалық жетекшісі;
Оқу орнының, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымының аға тәлімгері;
Оқу-тәрбие оқу-өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы;
Спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;
Білім беру ұйымдары филиалының (мектептен тыс ұйымдардан басқа) директоры (меңгерушісі);
Білім беру ұйымдары филиалының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі директорының (меңгерушісінің) орынбасары.
Психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация меңгерушісі;
Білім алушылардың кәсіптік практикасының жетекшісі (білім беру ұйымдарында);
Оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында);
Білім беру ұйымдарындағы зертхана, кабинет, сектор меңгерушісі;
Қосымша білім беру ұйымының директоры;
Еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында);
Мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарында);
Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтарындағы (кешендеріндегі) нұсқаушы, әдіскер, тәрбиеші, өндірістік оқыту шебері;
Аға шебер, өндірістік оқыту шебері;
Білім беру ұйымдарының әдіскері, аға әдіскер (жоғары оқу орындарынан басқа);
Оқу-тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекші (балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынан басқа), аккомпаниатор, концертмейстер;
Оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;
Мектептен тыс ұйымдардағы қызығушылығы бойынша студия, клуб жетекшілері;
Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығы (кешені) директорының орынбасары;
Білім беру ұйымдарында оқу бөлімінің меңгерушісі;
Кітапхана меңгерушісі;
Кітапханашы;
Медициналық бике;
Емдәм бике;
Хореограф;
Безендіруші-суретші.

4 4. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары;
Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың көркемдік жетекшісі;
Бас бухгалтер;
Бухгалтер;
Экономист;
Әдіскер;
Мәдени ұйымдастырушы;
Музыкалық жетекші;
Кадрлар жөніндегі маман;
Клуб меңгерушісі;
Режиссер;
Дирижер;
Аккомпаниатор;
Концертмейстер
Кітапхана меңгерушісі;
Кітапханашы;
Библиограф;
Редактор;
Қор сақтаушы;
Бағдарламашы;
Референт;
Шаруашылық бөлімінің меңгерушісі;
Костюмер;
Тігінші.

5 5. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:

Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары;
Жаттықтырушы;

6 6. Ветеринария саласы мамандарының лауазымдары:

Ветеринариялық дәрігер;
Ветеринариялық фельдшер;

Қолданыстағы