Құжат мәтініне өту

О переименовании некоторых улиц города Алматы

Қаулы · № 4/543 · қабылданған 16.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107731/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О переименовании некоторых улиц города Алматы Қолданыста Қаулы ·№ 4/543 ·16.11.2016
15.11.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании некоторых улиц города Алматы

Қолданыста Қаулы ·№ 4/543 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании некоторых улиц города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4/543
Қабылданған күні
16.11.2016
Көрсетілген редакция
15.11.2016 107731_123739.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16R0001329
ЭКБ идентификаторы
107731
Редакция идентификаторы
107731_123739
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:16

0 Алматы қаласының кейбір көшелерін

қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабына cәйкес, Алматы қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алматы қаласы ономастика комиссиясының 2016 жылғы 29 тамыздағы және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі қорытындыларының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Төмендегі көшелердің атаулары:

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:
«Көкқайнар» шағын ауданындағы Абай көшесі - Әзірбайжан Мәмбетов көшесі;
«Әйгерім - 1, 2» шағын ауданындағы Ленин көшесі - Василий Бенберин көшесі;
Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:
Левон Мирзоян көшесі - Шапық Шөкин көшесі;
Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:
8-линия көшесі - Ербол Сыпатаев көшесі;
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:
«Көктөбе» шағын ауданындағы Жамбыл Жабаев көшесі - Роза Бағланова көшесі;
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:
«Қалқаман - 2» шағын ауданындағы Мұхтар Әуезов көшесі - Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталсын.

2

2. Алматы қаласы Алатау, Алмалы, Бостандық, Медеу, Наурызбай аудандарының әкімдері, «Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы қаулы мен шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Х. Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін (келісім бойынша).

5 5. Осы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:

Қолданыстағы