О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Каратобинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Каратобинского района
- Атауы (қаз.)
- Қаратөбе ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 179
- Қабылданған күні
- 11.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2016 107734_123645.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ZI004602
- ЭКБ идентификаторы
- 107734
- Редакция идентификаторы
- 107734_123645
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:18
0 Қаратөбе ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі, «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы
18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Ж.Сұлтан) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Өмірзақовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 2016 жылғы «11» қарашадағы № 179
Қаратөбе аудан әкімдігінің қаулысына қосымша
Қаратөбе ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізімі
1 1. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2012 жылғы
21 ақпандағы №40 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-9-116 тіркелген, 2012 жылғы
20 сәуірдегі №16 «Қаратөбе өңірі» газетінде жарияланған) қаулысы.
2 2. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2012 жылғы
21 ақпандағы №41 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 7-9-117 тіркелген, 2012 жылғы 20 сәуірдегі №16 «Қаратөбе өңірі» газетінде жарияланған) қаулысы.
3 3. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2016 жылғы
25 қаңтардағы №11 «Қаратөбе ауданы бойынша 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4259 тіркелген, 2016 жылғы 19 ақпандағы
№7 «Қаратөбе өңірі» газетінде жарияланған) қаулысы.
4 4. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2016 жылғы
25 қаңтардағы №12 «Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4265 тіркелген, 2016 жылғы
29 ақпандағы №9 «Қаратөбе өңірі» газетінде жарияланған) қаулысы.