Құжат мәтініне өту

Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета Енбекшильдерского района

Қаулы · № а-10/228 · қабылданған 24.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107748/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета Енбекшильдерского района Күшін жойған Қаулы ·№ а-10/228 ·24.10.2016
28.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета Енбекшильдерского района

Күшін жойған Қаулы ·№ а-10/228 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета Енбекшильдерского района
Атауы (қаз.)
Еңбекшілдер ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-10/228
Қабылданған күні
24.10.2016
Көрсетілген редакция
28.03.2018 107748_313037.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BJ005596
ЭКБ идентификаторы
107748
Редакция идентификаторы
107748_313037
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:27

0 Еңбекшілдер ауданының

бюджет шығыстарының
басым бағыттарының
тізбесін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Еңбекшілдер ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Мешеловке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің

2016 жылғы « 24 » қазандағы
№ а-10/228 қаулысына
қосымша
Еңбекшілдер ауданының
бюджет шығыстарының басым бағыттарының
ТІЗБЕСІ

1 1. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын және жалақыдан барлық ұстап қалулар;

2 2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақылар;

3 3. Алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, жәрдемақыларды және басқа әлеуметтік төлемдер;

4 4. Банктік қызмет ақысын төлеу, борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

5 5. Отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру, тамақ өнімдерін және дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша қызметтерді сатып алу үшін шығындар;

6 6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау;

7 7. Мақсатты трансферттер есебінен жасалатын шығындар және жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік несиелер.

Қолданыстағы