Об установлении ограничительных мероприятий на территории товарищества с ограниченной ответственностью "КиТ", расположенного на территории села Малороссийка Федоровского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории товарищества с ограниченной ответственностью "КиТ", расположенного на территории села Малороссийка Федоровского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Федоров ауданы Малороссийка ауылының аумағында орналасқан "КиТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18
- Қабылданған күні
- 25.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2017 107766_165150.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NTF06714
- ЭКБ идентификаторы
- 107766
- Редакция идентификаторы
- 107766_165150
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:11
0 Қостанай облысы Федоров ауданы
Малороссийка ауылының аумағында
орналасқан «КиТ» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі аумағында
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 19 тамыздағы № 01-20-156 ұсынысы негізінде Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Федоров ауданы Малороссийка ауылының аумағында орналасқан «КиТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Федоров ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Федоров аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Федоров аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 19 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Федоров аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________М.Б.Нуркин
2016 жыл 25 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің Федоров аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________Е.К.Джагалтаев
2016 жыл 25 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Федоров ауданы әкімдігінің
Ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________У.А.Успанов
2016 жыл 25 қараша