Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Жарлық · № 377 · қабылданған 25.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107770/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 377 ·25.11.2016
05.05.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 377 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
377
Қабылданған күні
25.11.2016
Көрсетілген редакция
05.05.2018 107770_341722.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1600000377
ЭКБ идентификаторы
107770
Редакция идентификаторы
107770_341722
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:11

0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

1

2

3 3) "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
2-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
тоқыма бұйымдарын өндіруді;
киім шығаруды;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;
металлургия өнеркәсібін;
жиһаз шығаруды;
автокөлік құралдарын шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) ақпарат және байланыс;
3) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;
4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА қатысушылары үшін АЭА-ның аумағында қызметті жүзеге асыру талабы қызметтің мына түрлері:
1) бағдарламалық қамтылымды, дерекқорларды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалау, әзірлеу, өндіру, тәжірибелік шығару және шығару, сондай-ақ дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері, электрондық көрсетілетін қызметтер;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.";

4

5 5) "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 560-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаз шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалануға беру болып табылады.";

6 6) "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 21-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері мыналар болып табылады:";

7 7) "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 17-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаз шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.";

8

9 9) "Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 187 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 74-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
1) мыналарды:
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаз шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
4) жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер ұйымдастыруға арналған ғимараттарды, музейлерді, қойма және әкімшілік ғимараттарды салу болып табылады.";

10 10) "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 426 Жарлығына:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Тараз химиялық паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:
1) мыналарды:
тамақ өнімдерін өндіруді;
сусындар шығаруды;
темекі бұйымдарын өндіруді;
жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;
сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;
жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;
жиһаз шығаруды;
машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;
2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.

2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы