О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 736
- Қабылданған күні
- 24.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2020 107774_479082.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000736
- ЭКБ идентификаторы
- 107774
- Редакция идентификаторы
- 107774_479082
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:12
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы 5) тармақшасының екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, осы қаулыға қосымшаның 8-тармағын, 9-тармағының бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 13-тармағының бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 736 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1
2
2. «Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 217 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 187-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджет қаражаты есебінен зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі және «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес жергілікті органның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.».
0-1 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 736 қаулысына
қосымша