Құжат мәтініне өту

Об определении сроков представления заявки на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур

Қаулы · № 798 · қабылданған 09.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107825/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении сроков представления заявки на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур Қолданыста Қаулы ·№ 798 ·09.11.2016
09.11.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении сроков представления заявки на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур

Қолданыста Қаулы ·№ 798 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении сроков представления заявки на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур
Атауы (қаз.)
Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
798
Қабылданған күні
09.11.2016
Қолданысқа енгізілген күні
16.12.2016
Көрсетілген редакция
09.11.2016 107825_126063.kaz
Соңғы өзгеріс
09.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16GA003234
ЭКБ идентификаторы
107825
Редакция идентификаторы
107825_126063
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:19

0 Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (нормативтік құқықтық кесімдердің тіркеу тізілімінде №11094 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының  қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған қаланың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдерді ұсыну мерзімдері айқындалсын.

2 2. «Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары

Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Тараз қаласы әкімдігінің

2016 жылғы 09 қарашадағы
№798 қаулысына қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын әрбір түрi бойынша
субсидия алуға қаланың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін тiзiмге қосу үшін
өтінімді ұсыну мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары
Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы
Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы
1
Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай)
15.11.2016 жыл
01.12.2016 жыл
2
Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай)
15.11.2016 жыл
01.12.2016 жыл
3
Дәндік жүгері
15.11.2016 жыл
01.12.2016 жыл
4
Көпжылдық шөп (таза егіс)
15.11.2016 жыл
01.12.2016 жыл
5
Күздік бидай
15.11.2016 жыл
01.12.2016 жыл
6
Жаздық арпа
15.11.2016 жыл
01.12.2016 жыл
7
Ашық топырақтағы көкөніс
15.11.2016 жыл
01.12.2016 жыл

Қолданыстағы