Об определении специально отведенных мест для выездной торговли на территории Байдибекского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специально отведенных мест для выездной торговли на территории Байдибекского района
- Атауы (қаз.)
- Бәйдібек ауданы аумағындағы көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындарды белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 370
- Қабылданған күні
- 16.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2017 107847_206988.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16UE003890
- ЭКБ идентификаторы
- 107847
- Редакция идентификаторы
- 107847_206988
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:16
0 Бәйдібек ауданы аумағындағы
көшпелi сауданы жүзеге
асыру үшiн арнайы
орындарды белгiлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңының 27 бабына, «Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №11148 болып тiркелген) сәйкес, Бәйдібек ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Бәйдібек ауданының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Түймебаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Бәйдібек ауданы әкімдігінің
16 қараша 2016 жылғы
№370 қаулысына қосымша
Бәйдібек ауданының аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы орындар
№
Ауыл округтер атауы
Орналасқан жері
1
Ағыбет
Ағыбет елді мекені, Рысқұлов көшесінің бойындағы Есіркеп Батыр мектебінің жаны
2
Ақбастау
Ақбастау елді мекені, Оспанов көшесі ескі дүкенінің жаны
3
Алғабас
Шақпақ елді мекені, С.Әбдіжаппаров көшесі почта ғимараты жанындағы алаң
4
Алмалы
Жарықбас елді мекені, «Жарықбас» клуб ғимараты жанындағы алаң
5
Бөген
Шалдар елді мекені, Ә.Қасымбеков көшесінің бойы «Үшкен-ата» дүкенінің жаны
6
Борлысай
Ақтас елді мекені, Н.Тойжанов көшесінің бойы мектептің жаны
7
Боралдай
Боралдай елді мекені, Шаян ауылына баратын тас жол шығыс жағы
8
Жамбыл
Жамбыл елді мекені, Айнақожа көшесі жергілікті полиция ғимаратының алды
9
Көктерек
Кеңестөбе елді мекені, Қостөбе көшесі, Мәдениет үйі ғимаратының жаны
10
Мыңбұлақ
Мыңбұлақ елді мекені, А.Ералиев көшесінің ескі жем шөп қойма орны
11
Шаян
М.Әуезов көшесі, «Ауыл құрылыс» ЖШС-нің алды,
Шаян-Шымкент тас жолы бойындағы мал базарының алды