Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 25.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2020 107869_456550.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014467
- ЭКБ идентификаторы
- 107869
- Редакция идентификаторы
- 107869_456550
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:26
0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2 2. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы
25 наурыздағы № 64 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13574 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4 4) осы бұйрықтың Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
31 қазан 2016 жыл
0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі төрағасының
2016 жылғы 25 қазандағы
№ 24 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
№ р/р
Буын
Саты
Лауазымдар атауы
1
2
3
4
БЛОК А (басқарушылық персонал)
1.
А1
1
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
(бұдан әрі – МБА) басшысы (ректор)
2.
1-1
МБА басшысының орынбасары (вице-ректор)
3.
А2
1
МБА институты/мектебі/филиалы директоры, Орталық басшысы, ғалым хатшысы, бас бухгалтері
4.
1-1
МБА институты/мектебі/ филиалы директорының орынбасары, Орталық басшысының орынбасары, Қызмет басшысы, бас бухгалтерінің орынбасары
5.
А3
1
МБА кафедра меңгерушісі, Қызмет басшысының орынбасары, бөлім басшысы
6.
1-1
МБА сектор меңгерушісі, кабинет меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары
БЛОК В (негізгі персонал)
7.
В1
1
МБА профессоры, бас ғылыми қызметкері
8.
2
МБА доценті (қауымдастырылған профессор), жетекші ғылыми қызметкері, бас сарапшысы
9.
3
МБА аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкері, жетекші сарапшысы
10.
4
МБА ғылыми қызметкері, кеңесшісі, аға сарапшысы, аға әдіскері
11.
5
МБА ассистенті, кіші ғылыми қызметкері, сарапшысы, әдіскері
БЛОК С (әкімшілік персонал)
12.
С1
МБА бас әкімшісі, бас редакторы, бас инспекторы, бас инженері, баспасөз хатшысы, ректордың көмекшісі
13.
С2
Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар:
Бухгалтер, экономист, заңгер, барлық мамандықтар бойынша инженерлер, консультант, аудармашы, библиограф, кітапханашы, мастер, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі маман, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, дыбыс режиссері, инструктор, механик, мұрағатшы, инспектор.
14.
С3
Біліктілігі орта деңгейдегі мамандар:
Барлық мамандықтар бойынша инженерлер, мастер, техник, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі маман, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, дыбыс режиссері, нұсқаушы, механик, мұрағатшы, инспектор.
Меңгеруші: шаруашылық, қойма, бюро (анықтама, машинаға теру, ақпараттық, көшіру-көбейту бойынша), видеотека, гараж, іс жүргізу, сақтау камерасы, жатақхана.
Блок D (қосалқы персонал)
15.
D
Техникалық орындаушылар:
Комендант, іс жүргізуші, рұқсатнама бюросының кезекшісі, оператор (компьютерлік техника, бейне-дыбыс жазу бойынша), күзетші, байланыс жүйелері мен көшіру-көбейту машиналарының операторы, хатшы, диспетчер, архивариус.