Құжат мәтініне өту

О границах ценового зонирования и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки по сельскому округу Баскудык

Өзге акт · № 4/69 · қабылданған 21.10.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107875/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О границах ценового зонирования и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки по сельскому округу Баскудык Қолданыста Өзге акт ·№ 4/69 ·21.10.2016
21.10.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О границах ценового зонирования и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки по сельскому округу Баскудык

Қолданыста Өзге акт ·№ 4/69 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О границах ценового зонирования и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки по сельскому округу Баскудык
Атауы (қаз.)
Басқұдық ауылдық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4/69
Қабылданған күні
21.10.2016
Көрсетілген редакция
21.10.2016 107875_125429.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16MG003205
ЭКБ идентификаторы
107875
Редакция идентификаторы
107875_125429
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:27

0 Басқұдық ауылдық округі

бойынша бағалық аймақтарға
бөлу шекаралары және жер
учаскелері үшін төлемақының
базалық мөлшерлемесіне түзету
коэффициенттері туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер Кодексіне сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Басқұдық ауылдық округін бағалық аймақтарға бөлу схемасы мен жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері және жер аймақтарының сипаттамасы осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2 2. Мұнайлы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Конысбаева).

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Ә. Өтегенов
27 қазан 2016 жыл

5 Мұнайлы аудандық мәслихатының

2016 жылғы 21 қазандағы
№4/69 шешіміне
1 қосымша
Басқұдық ауылдық округін бағалық
аймақтарға бөлу
схемасы

6 Аймақтардың сипаты

Мұнайлы аудандық мәслихатының
2016 жылғы 21 қазандағы
№4/69 шешіміне
2 қосымша
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері және Басқұдық ауылдық округі жер аймақтарының сипаттамасы
Аймақтар №
Аймаққа енетін аумақтар
Бағалық аймақ бойынша коэффициенттері
1
Өнеркәсіптік аймақ
2,0
2
Қоғамдық-іскерлік аймақ, екі қабатты және жеке үй құрылысы салынған орталық бөлігі енетін аймақ
1,8
3
Резервтегі аймақ (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)
1,6
4
Резервтегі аймақ
1,4
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ - Өнеркәсіптік аймақ
2-ші аймақ - Қоғамдық- іскерлік аймақ, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енеді. Бұл жерде негізгі әкімшілік ғимараттар, емхана, ұсақ жеке дүкендер желісі, шағын бизнес объектілері орналасқан
3-ші аймақ - Резервтегі аймақ (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)
4-ші аймақ - Резервтегі аймақ

Қолданыстағы