Құжат мәтініне өту

О схем зонирования и поправочных коэффициентах к базовой ставке земельного налога для целей налогообложения села Мангистау

Өзге акт · № 4/68 · қабылданған 21.10.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107883/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О схем зонирования и поправочных коэффициентах к базовой ставке земельного налога для целей налогообложения села Мангистау Қолданыста Өзге акт ·№ 4/68 ·21.10.2016
27.04.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О схем зонирования и поправочных коэффициентах к базовой ставке земельного налога для целей налогообложения села Мангистау

Қолданыста Өзге акт ·№ 4/68 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О схем зонирования и поправочных коэффициентах к базовой ставке земельного налога для целей налогообложения села Мангистау
Атауы (қаз.)
Маңғыстау ауылын салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4/68
Қабылданған күні
21.10.2016
Көрсетілген редакция
27.04.2018 107883_324728.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16MG003204
ЭКБ идентификаторы
107883
Редакция идентификаторы
107883_324728
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:27

0 Маңғыстау ауылын салық салу

мақсатында аймақтарға бөлу схемасы
және жер салығының базалық
мөлшерлемелеріне түзету
коэффициенттері туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

1 1. Маңғыстау ауылын салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы мен жер аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2 2. Мұнайлы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Қонысбаева).

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау
облысы бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің Мұнайлы ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ М. Таңатар
27 қазан 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Ә. Өтегенов
27 қазан 2016 жыл

5 Мұнайлы аудандық мәслихатының

2016 жылғы 21 қазандағы
№4/68 шешіміне
1 қосымша
Маңғыстау ауылын
салық салу мақсатында аймақтарға бөлу
схемасы

6 Аймақтардың сипаты

Мұнайлы аудандық мәслихатының
2016 жылғы 21 қазандағы
№4/68 шешіміне
2 қосымша
Маңғыстау ауылы жерлері аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері
Аймақтар №
Аймаққа енетін аумақтар
Бағалық аймақ бойынша коэффициенттері
1
Селитебтік, екі қабатты және жеке үй құрылысы салынған орталық бөлігі енетін аймақ
1,5
2
Өнеркәсіптік аймақ
1,5
3
Селитебтік, тұрғын массиві кіретін жеке тұрғын үй құрылысы салынған аймақ
1,4
Аймақтардың сипаты
1-ші аймақ - Селитебтік, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енеді. Бұл жерде негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беретін мектептер, спорт мектебі, мәдениет үйі, байланыс үйі, кітапхана, емхана, ауруханалық қалашық, мешіт, базар, қонақ үйі, ұсақ жеке дүкендер желісі, кафелер, мейрамханалар орналасқан
2-ші аймақ - Өнеркәсіптік аймақ
3-ші аймақ - Селитебтік, тұрғын массиві кіретін жеке тұрғын үй құрылысы салынған аймақ

Қолданыстағы