О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Астаны
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 102-234
- Қабылданған күні
- 09.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2016 107911_141593.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16A102234A
- ЭКБ идентификаторы
- 107911
- Редакция идентификаторы
- 107911_141593
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:34
0 Астана қаласы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Алиевке жүктелсін.
0 Күші жойылды деп танылған Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі
Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 102-234 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылған Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі
1 1. «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 102-1250 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 5 қыркүйекте № 836 болып тіркелген).
2
2. «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 102-1249 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 5 қыркүйекте № 838 болып тіркелген).
3 3. «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 102-1258 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 5 қыркүйекте № 835 болып тіркелген).
4 4. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 102-1644 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 6 қарашада № 850 болып тіркелген).
5 5. «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 102-1816 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 4 желтоқсандағы № 857 болып тіркелген).
6 6. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 102-1815 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 4 желтоқсандағы № 858 болып тіркелген).
7
7. «Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы атестаттау» мемлекеттік көрсетілетінн қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 102-1824 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 860 болып тіркелген).