О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Астаны
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 102-234
- Қабылданған күні
- 09.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2016 107911_141593.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16A102234A
- ЭКБ идентификаторы
- 107911
- Редакция идентификаторы
- 107911_141593
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:34
0 Астана қаласы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Алиевке жүктелсін.
0 Күші жойылды деп танылған Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі
Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 102-234 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылған Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі
1. «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 102-1250 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 5 қыркүйекте № 836 болып тіркелген).
2. «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 102-1249 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 5 қыркүйекте № 838 болып тіркелген).
3. «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 102-1258 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 5 қыркүйекте № 835 болып тіркелген).
4. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 102-1644 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 6 қарашада № 850 болып тіркелген).
5. «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 102-1816 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 4 желтоқсандағы № 857 болып тіркелген).
6. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 102-1815 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 4 желтоқсандағы № 858 болып тіркелген).
7. «Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы атестаттау» мемлекеттік көрсетілетінн қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 102-1824 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде 2014 жылы 5 желтоқсанда № 860 болып тіркелген).