Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов организациям Майского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов организациям Майского района
- Атауы (қаз.)
- Май ауданының ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 222/11
- Қабылданған күні
- 14.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2021 107920_538099.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PJ005286
- ЭКБ идентификаторы
- 107920
- Редакция идентификаторы
- 107920_538099
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:17
0 Май ауданының ұйымдарына
мүгедектер үшін жұмыс
орындарының квотасын белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар Май ауданының ұйымдарына:
елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтарға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Май ауданының ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Май ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 14 қарашадағы
№ 222/11 қаулысына
қосымша
Май ауданының ұйымдарына мүгедектер
үшін жұмыс орындарының квотасы
№
р/с
Ұйым
атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам
Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны, адам
1.
«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
56
2
1
2.
«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
67
2
1
3.
«Май жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
53
2
1
4.
«Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
70
2
1
5.
«Май орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
190
3
5
6.
«Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
107
3
3
7.
Май ауданының әкімдігі Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Май-сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
64
2
1