О повышении ставок земельного налога по Коксускому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставок земельного налога по Коксускому району
- Атауы (қаз.)
- Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10-2
- Қабылданған күні
- 27.10.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2018 107957_303572.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DN004022
- ЭКБ идентификаторы
- 107957
- Редакция идентификаторы
- 107957_303572
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:25
0 Көксу ауданы бойынша
жер салығының мөлшерлемелерін
жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қазақстан Республикасының жер заңамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға жоғарылатылсын.
2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша А. Байсаринов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.