Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Бұйрық · № 687 · қабылданған 28.09.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-107990/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 687 ·28.09.2016
26.01.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 687 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
687
Қабылданған күні
28.09.2016
Көрсетілген редакция
26.01.2019 107990_387045.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014480
ЭКБ идентификаторы
107990
Редакция идентификаторы
107990_387045
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:39

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11579 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:
аэронавигациялық ұйымның бір әуе қозғалысына қызмет көрсету органына сертификат беру – 33 (отыз үш) жұмыс күні;»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жарғының көшірмесі;»;

2

2) «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11583 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап:
аэронавигациялық ұйымның бір радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметіне сертификат беру – 33 (отыз үш) жұмыс күні;»;
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жарғының көшірмесі;»;

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (Б. К. Сейдахметов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ К. Бишімбаев
2016 жылғы 4 қараша

Қолданыстағы