Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по упорядочению выезда работников государственных органов в командировки за рубеж

Қаулы · № 770 · қабылданған 13.08.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1080/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О мерах по упорядочению выезда работников государственных органов в командировки за рубеж Күшін жойған 19.03.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по упорядочению выезда работников государственных органов в командировки за рубеж

Күшін жойған Қаулы № 770 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по упорядочению выезда работников государственных органов в командировки за рубеж
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің шетелге іссапарға шығуын тәртіпке келтіру жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
770
Қабылданған күні
13.08.1998
Көрсетілген редакция
19.03.1999 AI1080_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P980000770_
ЭКБ идентификаторы
1080
Редакция идентификаторы
AI1080_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:34
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің шетелге іссапарға шығуын тәртіпке келтіру жөніндегі шаралар туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.03.1999 № 274 қаулысымен.
Мемлекеттік қаражатты үнемдеу режимін күшейту және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің шетелге іссапарға шығуын тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесімен танысу үшін, мамандандырылған халықаралық симпозиумдарға және басқа да дәл осы секілді шараларға қатысу үшін қызметкерлердің бюджет қаражаты есебімен тәлімдемеге, семинарларға, қайта дайындау курстарына бұрын жоспарланған шетелге шығу іссапарларын тоқтатсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің Кеңсесі Басшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің, шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия делегацияларының, жұмыс топтары мен сарапшылардың ресми және жұмыс іссапарларын әзірлеуге, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің басшылары мен үкіметтері басшыларының, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің премьер-министрлері Мемлекетаралық Кеңесі мен Кеңесінің және Орталық-Азия экономикалық қоғамдастығының мәжілістеріне құжаттарды дайындауға қатысты жағдайларды қоспағанда. Бұл жағдайларда лауазымды тұлғалардың іссапары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің не оның орнындағы тұлғаның рұқсаты бойынша жүргізіледі, министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың лауазымды адамдары бюджет қаражатының есебінен шетелге іссапарға тек Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің негізінде ғана жіберілетін болсын.
📌 Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нің 1998.09.15. N 887 қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шетелге іссапарға

бөлінетін валюталық қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтсін.

4. Атқарушы органдардың жүйесіне кірмейтін, сондай-ақ, Қазақстан

Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін,
республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік органдарға
мемлекеттік қаражатты үнемдеу мақсатында шетелге жоспарланған іссапарларды
оларды қысқарту жағына қарай қайта қарау ұсынылсын.