Об утверждении размеров выплат в случаях, когда постоянная работа протекает в пути или имеет разъездной характер, либо в связи со служебными поездками в пределах обслуживаемых участков, не подлежащих налогообложению
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размеров выплат в случаях, когда постоянная работа протекает в пути или имеет разъездной характер, либо в связи со служебными поездками в пределах обслуживаемых участков, не подлежащих налогообложению
- Атауы (қаз.)
- Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі қызмет бабындағы сапарларымен байланысты жағдайларда төленетін, салық салынбайтын төлемдердің мөлшерлерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1726
- Қабылданған күні
- 27.12.2001
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2008 AI10803_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P010001726_
- ЭКБ идентификаторы
- 10803
- Редакция идентификаторы
- AI10803_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:22
0 Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі қызмет бабындағы сапарларымен байланысты жағдайларда төленетін, салық салынбайтын төлемдердің мөлшерлерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қызметкерлерге тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жол жүру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда төленетін, салық салынбайтын төлемдер - әр күн үшін 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
2
2. "Барлық салалар үшін жұмыстардың жылжымалы, жүріп-тұру, вахталық әдістері, сондай-ақ Казгидромет, жобалау және іздестіру ұйымдарының қызметкерлеріне дала жұмыстары үшін ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 14 сәуірдегі N 332 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 15, 251-құжат).