Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах республиканской собственности

Қаулы · № 767 · қабылданған 05.12.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108057/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах республиканской собственности Қолданыста Қаулы ·№ 767 ·05.12.2016
05.12.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах республиканской собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 767 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах республиканской собственности
Атауы (қаз.)
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
767
Қабылданған күні
05.12.2016
Көрсетілген редакция
05.12.2016 108057_126800.kaz
Соңғы өзгеріс
05.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000767
ЭКБ идентификаторы
108057
Редакция идентификаторы
108057_126800
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:03

0 Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің «Есiрткiге тәуелдi адамдарды әлеуметтiк-психологиялық оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі мүліктік кешен ретінде республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне берілсін.

2

2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетімен және Ақмола облысының әкiмдiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мекемені қабылдап алу-беру жөніндегі қажеттi ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 60-жол алып тасталсын;

2 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
1-бөлімде:
мына:
«
11.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі, оның аумақ­тық ор­ган­да­рын және оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де:
159051**
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
11.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі, оның аумақ­тық ор­ган­да­рын және оған ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­с­та­ғы мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­ді ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де:
159008**
»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«
117)
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
87759,5**
»;
39) тармақша алып тасталсын.

4 4. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы