Құжат мәтініне өту

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Өзге акт · № 8/60-VI · қабылданған 22.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108059/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған Өзге акт ·№ 8/60-VI ·22.11.2016
11.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Күшін жойған Өзге акт ·№ 8/60-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8/60-VI
Қабылданған күні
22.11.2016
Көрсетілген редакция
11.11.2021 108059_549364.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VJ004769
ЭКБ идентификаторы
108059
Редакция идентификаторы
108059_549364
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:14

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын оқу жылы аралығында өтелсін.

2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:

1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

2 2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өтеу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

3

3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес ұсынылады (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 болып тіркелген);

4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап өтініш білдірген айдан тағайындалады;

5 5) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы