Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регулирования цен на услуги, производимые и реализуемые субъектами государственной монополии в области связи

Бұйрық · № 221 · қабылданған 24.10.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108093/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил регулирования цен на услуги, производимые и реализуемые субъектами государственной монополии в области связи Қолданыста Бұйрық ·№ 221 ·24.10.2016
17.06.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регулирования цен на услуги, производимые и реализуемые субъектами государственной монополии в области связи

Қолданыста Бұйрық ·№ 221 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регулирования цен на услуги, производимые и реализуемые субъектами государственной монополии в области связи
Атауы (қаз.)
Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін қызметтерге бағаларды реттеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
221
Қабылданған күні
24.10.2016
Көрсетілген редакция
17.06.2021 108093_531164.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014464
ЭКБ идентификаторы
108093
Редакция идентификаторы
108093_531164
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:26

0 Байланыс саласындағы мемлекеттік

монополия субъектілері өндіретін және
өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды
реттеу қағидаларын бекіту туралы
«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (Д.В. Голобурда):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерінің күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

5 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Атамқұлов
2016 жылғы «__» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «__» ___________

0 Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін қызметтерге бағаларды реттеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 24 қазандағы
№ 221 бұйрығымен
бекітілген
Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін қызметтерге бағаларды реттеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін қызметтерге бағаларды реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін қызметтерге бағаларды реттеу тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін қызметтерге бағаларды реттеу тәртібі

2

2. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі (бұдан әрі – субъект) қызметтерге бағаларды өзгерткен жағдайда (өсіру және (немесе) төмендету), күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімде өзгертулердің себептерін растайтын, дәлелді материалдарды қоса отырып, жазбаша нысанда монополияға қарсы органына қызметтер бағаларының өзгерістері туралы хабарлама (өсетiнi және (немесе) төмендейтіні) ұсынады.

3

3. Баға белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларына сәйкес реттеледі (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13588 болып тіркелген).

4 4. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 29) тармақшасына сәйкес монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субъекті өткізетін қызметтердің бағаларына сараптама жүргiзедi.

5 5. Субъект монополияға қарсы органның қорытындысымен бірге байланыс саласындағы уәкілетті органның ведомствосына мынадай құжаттарды қоса отырып, көрсетілетін қызметтерге бағаларды өзгертуге (өсіруге және (немесе) төмендетуге) өтінім береді:

1 1) өзгеру (өсу және (немесе) төмендеу) себептерiн растайтын құжаттар (шикiзат, материалдар, көрсетілетін қызметтер құнының өзгеруін (өсуін және (немесе) төмендеуін) растайтын тиiстi шарттардың көшiрмелерi);

2 2) қызметтiң әрбiр түрi бойынша бағалар жобасы;

3 3) бухгалтерлiк баланс;

4 4) пайдалар мен залалдар туралы есеп;

5 5) еңбек және жалақы жөнiндегi есеп;

6 6) өндiрiстiк-қаржы қызметi туралы есеп;

7 7) негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердiң болуы және олардың қозғалысы;

8 8) тұтастай кәсiпорын және қызметтің әрбiр түрi бойынша жеке шығындар баптары бойынша мағынасын аша отырып, бағалардың жобасын есептеу үшiн қолданылатын кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректер;

9 9) еңбекақы төлеудiң қолданылып отырған жүйесi туралы мәлiметтер;

10 10) шикiзат және материалдар шығысының қолданылып отырған нормалары, жұмыскерлердiң нормативтiк саны туралы мәліметтер;

11 11) бар болған жағдайда, есепке алу саясаты;

12 12) бар болған жағдайда, инвестициялық бағдарламалар (жобалар);

13 13) ағымдағы және күрделi жөндеуге және негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;

14 14) негiзгi құралдар құнының ұлғаюына алып келетiн, күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге бағытталған шығындардың жылдық сметасы;

15 15) негiзгi құралдарды пайдалану мерзiмiн көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың есептемелері;

16 16) өткiзудiң жоспарланған көлемiн растайтын құжаттар - ниет білдіру хаттамалары, шарттар, өндiру (жеткiзу) көлемдерiнiң есептемелерi, жобалық қуаты және оны iс жүзiнде пайдалану туралы деректер, сондай-ақ өндiрiс (жеткiзу) көлемi төмендеген жағдайда, субъектiлер негiздеме ұсынады;

17 17) дебиторлық және кредиторлық берешектiң толық жазылуы.

6 6. Субъектінің көрсетілетін қызметтеріне бағаның жобаларын қарау кезінде көрсетілетін қызметтерге баға белгілеуге қатысты қосымша ақпарат талап етілген жағдайда, уәкілетті орган оны субъектіден мерзімін белгілей отырып, бірақ бес жұмыс күнінен кем емес мерзімде жазбаша түрде сұрайды.

7 7. Байланыс саласындағы уәкілетті органның ведомствосы он бес жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және келіседі немесе одан тиісті жазбаша негіздемемен бас тартады.

8 8. Байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметін мемлекеттік реттеу байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту арқылы жүзеге асырылады.

9 9. Өтінім қайтарылған жағдайда, субъекті оны пысықтайды және осы Қағидалардың 2 және 5 тармақтарында белгіленген тәртіппен енгізеді.

Қолданыстағы