Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация декларации безопасности плотины"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Регистрация декларации безопасности плотины"
- Атауы (қаз.)
- "Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 454
- Қабылданған күні
- 27.10.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2020 108108_492987.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014482
- ЭКБ идентификаторы
- 108108
- Редакция идентификаторы
- 108108_492987
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:25
0 «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту
туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қазандазы
№ 454 бұйрығымен
бекітілген
«Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің су ресустарын пайдалануды және қорғауды реттеу жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының тіркеу шифрін беру туралы хабарлама.
2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 351 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14238 болып тіркелген) бекітілген «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманының бір күнтізбелік күні ішінде тіркеу нөмірі мен күнін қоя отырып, Стандарттын 9 тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2 2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бір күнтізбелік күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшені айқындауы;
3 3) құрылымдық бөлімше басшысының бір күнтізбелік күні ішінде жауапты орындаушыны айқындауы және құжаттарды қарауға беруі;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының жиырма жеті күнтізбелік күні ішінде Стандарттын 9 тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы.
6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына беру;
2 2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарары;
3 3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындау және оған қол қою;
4 4) тіркелген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.
3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
2 2) құрылымдық бөлімшенің басшылары;
3 3) жауапты орындаушы;
4 4) кеңсе маманы.
8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманының бір күнтізбелік күні ішінде тіркеу нөмірі мен күнін қоя отырып, Стандарттын 9 тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қабылдауы және тіркеуі;
2 2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бір күнтізбелік күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшені айқындауы;
3 3) құрылымдық бөлімше басшысының бір күнтізбелік күні ішінде жауапты орындаушыны айқындауы және құжаттарды қарауға беруі;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының жиырма жеті күнтізбелік күні ішінде Стандарттын 9 тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарауы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы.
9
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің егжей-тегжейлі сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетілген.
1 «Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Бөгеттің қауіпсіздігі
декларациясын тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
«Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу» мемлекеттік қызметін
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ескертпе: * ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік;