Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования перечня нергопроизводящих организаций, использующих возобновляемые источники энергии

Бұйрық · № 482 · қабылданған 09.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108111/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования перечня нергопроизводящих организаций, использующих возобновляемые источники энергии Қолданыста Бұйрық ·№ 482 ·09.11.2016
23.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования перечня нергопроизводящих организаций, использующих возобновляемые источники энергии

Қолданыста Бұйрық ·№ 482 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования перечня нергопроизводящих организаций, использующих возобновляемые источники энергии
Атауы (қаз.)
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
482
Қабылданған күні
09.11.2016
Көрсетілген редакция
23.09.2024 108111_720979.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014497
ЭКБ идентификаторы
108111
Редакция идентификаторы
108111_720979
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:19

0 Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 371) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрi
Қ. Бишімбаев_____________
2016 жылғы 09 қараша

9 Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 9 қарашадағы № 482
бұйрығымен бекітілген
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 371) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары ескеріле отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жаңа объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;

2 2) аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы қалыптастыратын және өткізілген сауда-саттықтың нәтижелерін растайтын құжат;

3

3) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын, «Жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

4 4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

5 5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) –уәкілетті орган қалыптастыратын және интернет-ресурсында орналастыратын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізімі.

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2 2-тарау. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру тәртібі

3 3. Уәкілетті орган Ұйымдастырушыдан Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарын Тізбеге қосады.

4 4. Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымды Тізбеге қосқан сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ол туралы энергия өндіруші ұйымға және қаржы-есеп айырысу орталығына жазбаша хабарлайды.

5 5. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар Тізбеден мынадай жағдайларда  алып тасталады:

1 1) Заңның 7-1-бабының 7-тармағына сәйкес Тізбеге енгізілгеннен кейін алпыс күнтізбелік күн ішінде ЖЭК пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін қаржы - есеп айырысу орталығына өтінім бермеген жағдайда;

2

2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №164 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларына сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу туралы шартын бұзған немесе оның қолданылуы тоқтаған жағдайда;

3

3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 тіркелген) Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларының 7-2 тармағына сәйкес ЖЭК объектісін салу жобасы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарынан алынып тасталған жағдайда.

Қолданыстағы