Об утверждении целевых показателей развития сектора возобновляемых источников энергии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении целевых показателей развития сектора возобновляемых источников энергии
- Атауы (қаз.)
- Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 478
- Қабылданған күні
- 07.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2016 108140_127241.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014489
- ЭКБ идентификаторы
- 108140
- Редакция идентификаторы
- 108140_127241
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:20
0 Жаңартылатын энергия көздері
секторын дамытудың нысаналы
көрсеткіштерін бекіту туралы
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрi
Қ. Бишімбаев ______________
2016 жылғы 7 қараша
0 Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 7 қарашадағы
№ 478 бұйрығымен
бекітілген
Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың
нысаналы көрсеткіштері
№ р/с
Көрсеткіштердің атауы
Көрсеткіштер
1
2020 жылға дейінгі электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясы көлемінің үлесі
3 %
2
2020 жылға дейінгі жаңартылатын энергия көздерін, оның ішінде түрлері бойынша пайдалану объектілерінің жиынтық белгіленген қуаттылығы, оның ішінде:
1700 МВт
1)
Жел электрстанциялары
933 МВт
2)
Күн энергиясының фотоэлектр түрлендіргіштерін пайдаланатын күн электрстанциялары
467 МВт
3)
Гидроэлектр станциялары
290 МВт
4)
Биогаз қондырғылары
10 МВт