Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства образования и науки Республики Казахстан

Бұйрық · № 669 · қабылданған 23.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108148/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 669 ·23.11.2016
23.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 669 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
669
Қабылданған күні
23.11.2016
Көрсетілген редакция
23.11.2016 108148_130103.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014496
ЭКБ идентификаторы
108148
Редакция идентификаторы
108148_130103
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:13

0 Қазақстан Республикасы Білім

және ғылым министрлігінің
кейбір бұйрықтарының күші
жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2 2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А.Ә. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялау үшін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Ә.А. Пірімқұловқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 23 қарашадағы
№ 669 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7367 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 172-177 (27251) санында жарияланған).

2

2. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 229 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10815 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 83 (28561) санында жарияланған.

3

3. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 201 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1360 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Қолданыстағы