Об утверждении Перечня документов, подтверждающих уплату налога на добавленную стоимость поставщикам товаров (работ, услуг) из средств гранта, предоставленных Республике Казахстан по линии государств, правительств государств, международных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня документов, подтверждающих уплату налога на добавленную стоимость поставщикам товаров (работ, услуг) из средств гранта, предоставленных Республике Казахстан по линии государств, правительств государств, международных организаций
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметі, халықаралық ұйымдар желілері бойынша Қазақстан Республикасына берілген грант қаражаты есебінен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізушілерге қосылған құн салығын төлеуді растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1583
- Қабылданған күні
- 22.11.2001
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2009 AI10818_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V010001705_
- ЭКБ идентификаторы
- 10818
- Редакция идентификаторы
- AI10818_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:28
0 Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметі, халықаралық ұйымдар желілері бойынша Қазақстан Республикасына берілген грант қаражаты есебінен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізушілерге қосылған құн салығын төлеуді растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берiлген Мемлекеттер, мемлекеттер үкiметi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша Қазақстан Республикасына берiлген грант қаражаты есебiнен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткiзушiлерге қосылған құн салығын төлеудi растайтын құжаттар тiзбесi бекітiлсiн.
2 2. Әдiстеме департаментi (Н.Д.Үсенова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiссiн және оны мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.
3 Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметі, халықаралық ұйымдар желілері бойынша Қазақстан Республикасына берілген грант қаражаты есебінен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізушілерге қосылған құн салығын төлеуді растайтын құжаттар тізбесі
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Келісілді Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Мемлекет кіріс министрінің
Қаржы министрі 2001 ж. 22 қарашадағы
2001 ж. 26 қараша N 1583 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметі, халықаралық ұйымдар желілері бойынша Қазақстан Республикасына берілген грант қаражаты есебінен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жеткізушілерге қосылған құн салығын төлеуді растайтын құжаттар тізбесі
Грант қаражаты есебiнен сатып алынатын (322.00 нысаны) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы өтiнiште қосылған құн салығын қайтару үшiн Қазақстан Республикасына грант беру туралы халықаралық шартқа сәйкес бенефициар болып табылатын мемлекеттiк орган - грант алушы және егер Қазақстан Республикасының аталған халықаралық шартымен өзге көзделмесе орындаушыны тағайындаушы оны сату мақсатында грант алушы тағайындайтын орындаушы - тұлға (бұдан әрi - орындаушы) салық органына өз тiркеу орны бойынша мынадай құжаттарды бередi:
1 1) 322.00 нысан бойынша өтiнiш;
2 2) Қазақстан Республикасына грант беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген шетел мемлекетiмен, шет ел мемлекеттерiнің үкіметтерiмен немесе халықаралық ұйымдармен жасалған Қазақстан Республикасының шартының көшiрмесi;
3 3) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзушi грант алушы не орындаушы жасаған шарт (келiсiм-шарт) көшiрмесi;
4 4) орындаушының қосылған құн салығын қайтаруға өтiнiшпен жүгiну кезiнде осындай ретiнде оны тағайындауды растайтын құжат көшiрмесi берiледi;
5 5) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тиеу және алуды растайтын құжаттар:
жеке жолмен қосылған құн салығының сомасын бөле отырып қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын жеткiзушiге қойылған шот-фактура;
жүк құжаттамасы, тауар-көлiк жүк құжаттамасы;
грант алушы немесе орындаушы материалды-жауап берушiнiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алуды растайтын құжаты;
белгiленген тәртiпте рәсiмделген жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) грант алушы немесе орындаушы орындаған және қабылдаған актiлер;