Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Иртышскому району

Қаулы · № 354/7 · қабылданған 30.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108193/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Иртышскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 354/7 ·30.11.2016
16.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Иртышскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 354/7 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Иртышскому району
Атауы (қаз.)
Ертіс ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
354/7
Қабылданған күні
30.11.2016
Көрсетілген редакция
16.11.2021 108193_545606.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16PG005295
ЭКБ идентификаторы
108193
Редакция идентификаторы
108193_545606
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:07

0 Ертіс ауданы бойынша

мүгедектер үшін жұмыс
орындарының квотасын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Рсепубликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ертіс ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің төмендегідей тізімдік саны бар ұйымдарға қосымшаға сәйкес:

елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Ертіс ауданы бойынша мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы

Ертіс ауданы әкімдігінің 2016 жылғы
«30» қарашадағы № 354/7 қаулысына
қосымша
Ертіс ауданы бойынша мүгедектерге арналған жұмыс
орындарының квотасы

Ұйымдардың
атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Үлес мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Абай» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
195
3%
6
2
«Ертіс – комсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
52
2%
1
3
«Ертіс» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
152
3%
5
4
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс аграрлық –техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
64
2%
1
5
Ертіс ауданы әкімдігінің, Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ертіс ауданының балалар –жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
57
2%
1
6
Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
260
4%
10

Қолданыстағы