О некоторых вопросах Национального университета обороны имени Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Национального университета обороны имени Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 427
- Қабылданған күні
- 22.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.07.2016 1082_207645.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000427
- ЭКБ идентификаторы
- 1082
- Редакция идентификаторы
- 1082_207645
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:17
0 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы
Ұлттық қорғаныс университетінің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы штат санының лимиті есебінен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы факультетінде саны тұрақты құрамның 10 бірлігі және ауыспалы құрамның (тыңдаушылар) 18 бірлігі болатын Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік іс-қимылын қамтамасыз ету кафедрасын құрсын;
2 2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
2
2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
1-бөлімде:
мына:
«
1.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
159019**
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:
158991**
»;
17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«
17)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:
86454,5**
18)
Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері
32465
».