Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества
- Атауы (қаз.)
- Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 283
- Қабылданған күні
- 02.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.01.2025 108218_741934.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NM006738
- ЭКБ идентификаторы
- 108218
- Редакция идентификаторы
- 108218_741934
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:06
0 Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің экономика, қаржы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Әкімдіктің
2016 жылғы " 2" желтоқсан
№ 283 қаулысына
қосымша
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау
жөніндегі өлшемшарттар
№ р/с
Өлшемшарттардың атауы
Иеліктен
айыру түрлері
1
Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы;
заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
ең жоғары мүмкін баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және саудаға қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі;
мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды оларды әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесі болмаған кезде сату.
Сауданы аукцион нысанында өткізу
2
Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі;
ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі болған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату.
Сауданы
тендер нысанында өткізу
3
Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі.
Тікелей атаулы сату