О мерах по дальнейшему совершенствованию деятельности органов национальной безопасности Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по дальнейшему совершенствованию деятельности органов национальной безопасности Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 373
- Қабылданған күні
- 22.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 108221_647555.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1600000373
- ЭКБ идентификаторы
- 108221
- Редакция идентификаторы
- 108221_647555
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:13
0 Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Құпия.
2 2. Құпия.
3 3. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4 4. Құпия.
5 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
6 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 373 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
12-тармақта:
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«49) Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін өзге де органдардың жедел-қызметтік, жауынгерлік, жедел-іздестіру, қаржылық-шаруашылық және әскери-медициналық қызметін ұйымдастырады және стратегиялық жоспарлауды, бақылау мен аудитті жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 64-19) тармақшамен толықтырылсын:
«64-19) мемлекеттің киберкеңістіктегі инфрақұрылымдары объектілерінің ақпараттарын, коммуникациялары мен стратегиялық объектілерін киберқорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;»;
12-3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қорғаныс өнеркәсібі кешені, атом энергетикасы, биотехнологиялық кешен, көлік және байланыс объектілерінің, өңірлердің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің және басқа да стратегиялық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысуға;».
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі» деген бөлімнің «Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген кіші бөлімде:
3-жол алып тасталсын*;
4, 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын*:
«4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі (құпия).
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау қаласында емханасы бар өңірлік әскери госпиталі (құпия).
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласында емханасы бар орталық әскери госпиталі.»;
7, 8 және 14-жолдар алып тасталсын*;
2
3 3. Күші жойылды - ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
4 4. Құпия.
5
5. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдегерлік қызмет және прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына: («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар)**.
6
7 7. Құпия.
8 8. Құпия.
9
9. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери лауазымдары мен оларға сәйкес әскери атақтарының тізбесін бекіту және «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 453 қбп Жарлығына («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар).
Ескертпе:
* тиісті мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыруға және қайта атауға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдер аяқталған күннен бастап қолданысқа енгізіледі;
** біріктірілген, қосылған және қайта аталған тиісті мемлекеттік мекемелер бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдер аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
17 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 373 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 12 мамырдағы
№ 392 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғары
офицерлік құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар тізбесі