Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Успенскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Успенскому району
- Атауы (қаз.)
- Успен ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 235/12
- Қабылданған күні
- 02.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.01.2021 108250_506291.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PL005291
- ЭКБ идентификаторы
- 108250
- Редакция идентификаторы
- 108250_506291
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:05
0 Успен ауданы бойынша мүгедектер
үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Успен ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны:
елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Успен ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Успен ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 235/12 қаулысына қосымшасы
Успен ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
№
р\с
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Үлес мөлшері (қызметкерлердің тізімдік саны %)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1.
«ГАЛИЦКОЕ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
434
4
17
2.
Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Успен орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
187
3
5
3.
Павлодар облысы әкімдігі
Павлодар облысы білім басқармасының «Успен аграрлық- техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
59
2
1
4.
Успен ауданының «№1 Успен жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі
60
2
1
5.
Успен ауданының «№2 Успен жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі
55
2
1
6.
Успен ауданының «Константинов жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі
55
2
1
7.
Успен ауданының «Павлов жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі
50
2
1
8.
Успен ауданының «Лозовой жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі
62
2
1