Об утверждении Правил регистрации лицензионных, сублицензионных договоров на использование объектов промышленной собственности Күшін жойған
Басқа 0
Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы
📌 Ескерту. ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 10 тамыздағы N 31 бұйрығынвң күші жойылды - ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 57-НҚ Бұйрығымен.
1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Патент Заңын , 1999 жылғы 26 шiлдедегi "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Өнеркәсiптiк меншiк саласында мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету жөнiндегi басқарма осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Басқа 3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi туралы туралы Ереже
Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгi
Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi
комитетi төрайымының 2001 жылғы
10 тамыздағы N 31 бұйрығымен
бекiтiлген
Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi туралы туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Ескерту: Ереженің 8, 13, 20-тармақтарынан басқа, түгел мәтіні бойынша "Институт", "Комитетке", "Комитет", "Комитет пен Институтта" деген сөздер тиісінше "сараптама жасау ұйымы", "уәкілетті органға", "уәкілетті орган", "уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымында" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығымен.
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Ерекше бөлiм) 1001, 1031-баптарына, 1999 жылғы 16 шілдедегi Қазақстан Республикасының Патент заңы 14-бабының 1-4-тармақтарына және 1999 жылғы 26 шілдедегi "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес әзiрлендi және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды және сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар мен терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiп үлгiлерi, тауар таңбалары немесе қызмет көрсету таңбалары;
Тармақша 2
2) қорғау құжаттары - өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне алдын ала патент, өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, пайдалы модельге патент, тауар таңбаларына немесе қызмет көрсету таңбаларына куәлiк;
Тармақша 3
3) лицензиялық шарт - шарт, ол бойынша өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ерекше құқықты иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) тиiстi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр үлгіде уақытша пайдалану құқығын бередi;
Тармақша 4
4) сублицензиялық шарт - лицензиаттың басқа тұлғаға (сублицензиатқа) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн уақытша пайдалану құқығына арналған ерекше лицензияны беруi туралы шарт;
Тармақша 5
5) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген және өнеркәсіптік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 6
6) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы (өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласында қызмет көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағыныстағы ұйым.
Ескерту: 2-тармаққа толықтырулар енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығымен.
Тармақ 3
3. Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шарт соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ерекше құқық күшiнде болатын мерзiм iшiндегi кез келген уақытта жасалуы мүмкiн.
Сублицензиялық шарт лицензиялық шартпен көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалады және уәкілетті органда мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.
Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шарт оларды тiркеген күннен бастап күшiне енедi.
Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығымен.
Тармақ 5
5. Сублицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбiне, егер осы Нұсқаулықта өзгеше көзделмесе, лицензиялық шарттарды тiркеу туралы ереже қолданылады.
Тармақ 6
6. Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шартты тiркеуден бас тарту үшiн:
Тармақша 1
1) соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне арналған ерекше құқықтың қолданылуының тоқтауы;
Тармақша 2
2) заңнамаларда көзделген негiздердiң, өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға арналған лицензия беруге кедергi келтiретiн, бұрын жасалған шарт бойынша қабылданған мiндеттемелердiң болуы;
Тармақша 3
3) шартта Қазақстан Республикаларының заңнамаларына және Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға қайшы келетiн ережелердiң болуы;
Тармақша 4
4) осы Ереженiң ережелерiн сақтамау негiз болып табылады.
Тарау 2. 2. Лицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi
2. Лицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбi
Тармақ 7
7. Лицензиялық шарттарды тiркеу оларға уәкілетті органға ведомстволық бағыныстағы сараптама жасау ұйымы (бұдан әрі - сараптама жасау ұйымы) жүргiзген сараптама нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығымен.
Тармақ 8
8. Лицензиялық шарт пен сублицензиялық шартты тiркеу туралы өтiнiш (әрi қарай - өтiнiш) Л-1 немесе Л-2 нысаны бойынша сараптама жасау ұйымына берiледi (осы Ережеге 1 және 2-қосымшалар).
Өтiнiш бiр шартқа қатысты болуға тиiс.
Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығымен.
Тармақ 9
9. Өтiнiштi лицензиялық шарт тараптарының бiрi не олардың мұрагерлерi немесе құқықтық мирасқорлары бередi.
Мұрагер немесе құқықтық мирасқор өтiнiш берген кезде оған мұрагерлiк немесе құқықтық мирасқорлық құқығын растайтын құжаттың куәландырылған көшiрмесi қоса тiркеледi.
Заңды тұлға атынан өтiнiшке ұйымның басшысы немесе уәкiлеттi тұлға лауазымын көрсете отырып қол қояды.
Патенттiк сенiм бiлдiру немесе өзге өкiл арқылы өтiнiш берген кезде өтiнiшке тиiсiнше патенттiк сенiм бiлдiрушi немесе өкiл қол қояды.
Тармақ 10
10. Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
Тармақша 1
1) лицензиялық шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт дана түпнұсқалары;
Тармақша 2
2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген немесе өзге өкiл арқылы өтiнiш берген жағдайларда, сенiмхат;
Тармақша 3
3) тиiстi ақы төленгенiн растайтын құжат.
Тармақ 11
11. Өтiнiш мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде ұсынылады. Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ немесе орыс транслитерациясымен көрсетiлуге тиiс. Басқа құжаттар мемлекеттiк, орыс немесе басқа тiлдерде ұсынылады. Егер басқа құжаттар басқа тiлде ұсынылса, олардың белгiленген тәртiппен куәландырылған мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудармасы өтiнiшке қоса тiркеледi.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар беру шарттарын тiркеуге байланысты iстi Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрушiлерi арқылы жүргiзедi.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар, лицензиялық шарттарды тiркеуге байланысты iстi, Қазақстан Республикасының шегiнде хат жазуға арналған мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрусiз жүргiзе алады.
Тармақ 13
13. Өтiнiш түскен кезден бастап он бес күн iшiнде сараптама жасау ұйымы келiп түскен құжаттарға алдын ала сараптама жүргізедi, оның барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға белгiленген талаптардың сақталуы тексерiледi.
Лицензиялық шарттың қабылданған материалдары бойынша оларға бiр ай мерзiмде мәнi жөнiнен сараптама жүргiзiледi.
Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығымен.
Тармақ 14
14. Құжаттарды ресiмдеудiң талаптары бұзылған немесе осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген, лицензиялық шартты тiркеуге кедергi келтiретiн, алайда оларды жоюға болатын негiздер болған жағдайда, өтiнiм берушiге оны жөнелткен күннен бастап үш ай мерзiмде құжаттарда жоқтарын немесе түзетiлгендерiн берудi немесе қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсына отырып, сұрау салу жiберiледi. Бұл жағдайда осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген мерзiмдер түзетiлген немесе жетiспейтiн құжаттарды ұсынған күннен бастап есептеледi. Егер сараптама жүргiзу барысында жекелеген мәселелер бойынша басқа ұйымдардың қорытындысын алу талап етiлсе, онда бұл жағдайда көрсетiлген мерзiмдер қорытынды ұсынылған күннен бастап есептеледi.
Тармақ 15
15. Сараптама нәтижесi оң болған жағдайда сараптама жасау ұйымы лицензиялық шартты тiркеуге кедергi келтiретiн негiздердiң жоқтығы туралы қорытындыны уәкілетті органға жiбередi.
Тармақ 16
16. Лицензиялық шартты тiркеуге кедергi келтiретiн, жойылуы мүмкiн емес негiздер болған немесе өтiнiм берушi көрсетiлген мерзiмде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымында лицензиялық шартты тiркеуге кедергi келтiретiн себептердi көрсете отырып қорытынды жiбередi.
Тармақ 17
17. Лицензиялық шартты тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiмдi уәкілетті орган қабылдайды.
Уәкілетті орган лицензиялық шартты тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда қаралып отырған шарт бойынша құжаттар жиынтығы тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекен-жай бойынша қайтарылады.
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган лицензиялық шартты тiркеу туралы шешiм шығарғаннан кейiн:
Тармақша 1
1) лицензиялық шарттың нысанасы болып табылатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң қорғау құжатына қосымшаны ресiмдейдi. Тауар таңбаларын немесе өнертабысқа еуразиялық патенттi халықаралық тiркеуге қатысты жасалған лицензиялық шарт үшiн аталған iс-қимыл жүргiзiлмейдi;
Тармақша 2
2) лицензиялық шарттың титулдық парағына тiркеу күнiн, шарт парағының және оның қосымшасының санын, тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, оның тiркелгенi туралы мөртабан соғады;
Тармақша 3
3) тiркелген лицензиялық шарттардың Тiзiлiмiне лицензиялық шарт туралы мәлiметтердi ендiредi;
Тармақша 4
4) хат жазысу үшiн өтiнiште көрсетiлген мекен-жай бойынша лицензиялық шарттың тiркелген екi данасын және қорғау құжатына қосымшаны жiбередi (болған жағдайда).
Лицензиялық шарттың үшiншi және төртiншi данасы уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымында сақталады және бақылау даналары болып табылады.
Тармақ 19
19. Сараптама жасау ұйымы тiркелген лицензиялық шарттар бойынша:
Тармақша 1
1) тiркелген лицензиялық шарттарды автоматтандырылған өңдеудi және есептеудi жүргiзедi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзу үшiн тiркелген лицензиялық шарттар туралы мәлiметтердi ай сайын әзiрлейдi;
Тармақша 3
3) тiркелген лицензиялық шарттар, атап айтқанда:
шарттың тiркелген нөмiрi мен күнi;
шарт тараптарының атаулары (тегi, аты, әкесiнiң аты);
шарттың нысанасы;
шарттың күшiнде болу мерзiмi;
шарт күшiнде болатын аумақтар туралы мәлiметтердi бюллетенге тоқсан сайын жариялайды.
Тармақ 20
20. Тiркелген лицензиялық шартқа енгiзiлетiн кез келген өзгерiстер немесе толықтырулар сарапталуға, тiркелуге тиiс және ол тiркелген лицензиялық шарттардың Тiзiлiмiне енгiзiледi.
Тiркелген лицензиялық шарт пен сублицензиялық шартқа өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы өтiнiш Л-3 немесе Л-4 нысаны бойынша сараптама жасау ұйымына берiледi (осы Ережеге 3 және 4-қосымшалар).
Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығымен.
Тармақ 21
21. Тiркелген лицензиялық шартқа өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы өтiнiшке:
Тармақша 1
1) шарттың екi тарабы да қол қойған, енгiзiлген өзгерiстердiң немесе толықтырулардың тiзбесi мазмұндалған қосымша келiсiм;
Тармақша 2
2) тиiстi ақы төленгенiн растайтын құжат.
Тармақ 22
22. Қоса берiлiп отырған құжаттарды ресiмдеудiң және оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы өтiнiш берудiң тәртiбiне, сондай-ақ тiркелген лицензиялық шартқа енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу мен сараптаудың тәртiбiне осы Ереженiң 9, 11-19-тармақтарында белгiленген ережелер қолданылады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 23
23. Лицензиялық шарттарға және сублицензиялық шарттарға сараптама жүргiзуге және тiркеуге байланысты iс-әрекеттердi жүзеге асырғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ақы алынуы мүмкiн.
Тармақ 24
24. Кез келген тұлға тiркелген лицензиялық шарттар Тiзiлiмiнен тiркелген лицензиялық шарт пен сублицензиялық шарт туралы мәлiметке қатысты көшiрменi ашық жариялау үшiн алуға құқылы.
Лицензиялық шарт мәтiнiмен үшiншi тұлғаны таныстыруға, сондай-ақ одан көшiрме алуға шарт тараптарының келiсiмiмен ғана жол берiледi.
Тармақ 25
25. Лицензиялық шартты, сублицензиялық шартты сараптау мен тiркеудiң барлық сатыларында, ашық жариялау үшiн белгiленген мәлiметтердi қоспағанда, шарт жасасудың мазмұны мен шарттарына қатысты мәлiметтердiң құпиялылығы қамтамасыз етiледi.
Басқа 54. Лицензиялық шартты тiркеу туралы Өтiнiш
1-қосымша
Л-1 нысаны
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Санаткерлік меншік құқығы
жөніндегі комитетінің
"Ұлттық санаткерлік меншік
институты" РМҚК
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығымен.
Лицензиялық шартты тiркеу туралы Өтiнiш
Тармақ 1
1. Осы өтiнiште көрсетiлген қорғау құжатына (қорғау
құжаттарына) қатысты лицензиялық шартты тiркеудi сұраймын.
Тармақ 2
2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары)
нөмiрi (нөмiрлерi)
_____________________________________________________________
_ Егер 2-бағанда орын жеткiлiксiз болса, көрсетiлсiн және
жалғастыруға арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
Тармақ 3
3. Лицензиар (лицензиарлар)_____________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты
_____________________________________________________________
немесе заңды тұлғаның атауы
Мекен-жай (почта индексiн және елдiң атауын қоса алғанда)мен телефон
______________________________________________________
Тармақ 4
4. Лицензиат____________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
Мекен-жай (почта индексiн және елдiң атауын қоса алғанда) мен
телефон______________________________________________________
Тармақ 5
5. Лицензияның түрi_____________________________________
Тармақ 6
6. Лицензиялық шартпен көзделген пайдалану түрлерiн
ескере отырып берiлетiн құқықтардың көлемi___________________
Тармақ 7
7. Хат жазысуға арналған мекен-жай______________________
Тармақ 8
8. Қосымша:
_ парақ (__ парақ NN _ қосымшаларымен) _________________
данада тiркелетiн шарт;
_ Патенттiк сенiм бiлдiрiлушiнiң немесе өзге өкiлдiң
өкiлеттiгiн растайтын сенiмхат;
_ Ақының төленгенiн растайтын құжат;
_ Жалғастыруға арналған парақтар;
_ Басқа құжат (көрсетiлсiн)_____________________________
М.О.
Өтiнiм берушi ___________________________________________
қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы
Күні __________________________
Басқа 63. Сублицензиялық шартты тiркеу туралы Өтiнiш
2-қосымша
Л-2 нысаны
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Санаткерлік меншік құқығы
жөніндегі комитетінің
"Ұлттық санаткерлік меншік
институты" РМҚК
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығымен.
Сублицензиялық шартты тiркеу туралы Өтiнiш
Тармақ 1
1. Осы өтiнiште көрсетiлген қорғау құжатына (қорғау
құжаттарына) қатысты сублицензиялық шартты тiркеудi сұраймын.
Тармақ 2
2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары)
нөмiрi (нөмiрлерi)_____________________________________________
_ Егер 2-бағанда орын жеткiлiксiз болса, көрсетiлсiн және
жалғастыруға арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
Тармақ 3
3. Лицензиат_____________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
Мекен-жай (почта индексiн және елдiң атауын қоса алғанда) мен
телефон _______________________________________________________
Тармақ 4
4. Сублицензиат__________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
Мекен-жай (почта индексiн және елдiң атауын қоса алғанда) мен телефон
________________________________________________________
Тармақ 5
5. Лицензиялық шарттың тiркелген нөмiрi және күнi________
Тармақ 6
6. Сублицензиялық шартпен көзделген пайдалану түрлерiн
ескере отырып берiлетiн құқықтардың көлемi____________________
Тармақ 7
7. Хат жазысуға арналған мекен-жай_______________________
Тармақ 8
8. Қосымша:
_ парақ (__ парақ NN__ қосымшаларымен) ________________данада тiркелетiн шарт;
_ Патенттiк сенiм бiлдiрiлушiнiң немесе өзге өкiлдiң
өкiлеттiгiн растайтын сенiмхат;
_ Ақының төленгенiн растайтын құжат;
_ Жалғастыруға арналған парақтар;
_ Басқа құжат (көрсетiлсiн)______________________________
М.О.
Өтiнiм берушi _________________________________________
қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы
Күні _______________________
Басқа 72. Тіркелген лицензиялық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу туралы Өтiнiш
3-қосымша
Л-3 нысаны
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Санаткерлік меншік құқығы
жөніндегі комитетінің
"Ұлттық санаткерлік меншік
институты" РМҚК
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығымен.
Тіркелген лицензиялық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу туралы Өтiнiш
Тармақ 1
1. Осы өтiнiште көрсетiлген қорғау құжатына (қорғау
құжаттарына) қатысты тіркелген лицензиялық шартқа өзгерістер
мен толықтыруларды тiркеудi сұраймын.
Тармақ 2
2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары)
нөмiрi (нөмiрлерi)______________________________________________
_ Егер 2-бағанда орын жеткiлiксiз болса, көрсетiлсiн және
жалғастыруға арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
Тармақ 3
3. Лицензиар (лицензиарлар)________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты немесе
________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы
_ Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсетілсін және
жалғастыруға арналған парақта қажетті ақпарат келтірілсін.
Тармақ 4
4. Лицензиат_______________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
Тармақ 5
5. Лицензиялық шарттың тiркелген нөмiрi және күнi__________
Тармақ 6
6. Қосымша:
_ парақ_____ данада тiркелген лицензиялық шартқа тіркелетін
өзгерістер мен толықтырулар;
_ Ақының төленгенiн растайтын құжат;
_ Жалғастыруға арналған парақтар;
_ Басқа құжат (көрсетiлсiн)________________________________
М.О.
Өтiнiм берушi _________________________________________
қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы
Күні _______________________
Басқа 79. Тіркелген сублицензиялық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды тiркеу туралы Өтiнiш
4-қосымша
Л-4 нысаны
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Санаткерлік меншік құқығы
жөніндегі комитетінің
"Ұлттық санаткерлік меншік
институты" РМҚК
Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі N 59-п бұйрығымен.
Тіркелген сублицензиялық шартқа өзгерістер мен толықтыруларды тiркеу туралы Өтiнiш
Тармақ 1
1. Осы өтiнiште көрсетiлген қорғау құжатына (қорғау
құжаттарына) қатысты тіркелген сублицензиялық шартқа өзгерістер
мен толықтыруларды тіркеуді сұраймын.
Тармақ 2
2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары)
нөмiрi (нөмiрлерi)_____________________________________________
_ Егер 2-бағанда орын жеткiлiксiз болса, көрсетiлсiн және
жалғастыруға арналған парақта қажеттi ақпарат келтiрiлсiн.
Тармақ 3
3. Лицензиат______________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
Тармақ 4
4. Сублицензиат___________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы
Тармақ 5
5. Сублицензиялық шарттың тiркелген нөмiрi және күнi______
Тармақ 6
6. Қосымша:
_ парақ ________ данада тіркелген сублицензиялық шартқа
тiркелетiн өзгерістер мен толықтырулар;
_ Ақының төленгенiн растайтын құжат;
_ Жалғастыруға арналған парақтар;
_ Басқа құжат (көрсетiлсiн)_______________________________
М.О.
Өтiнiм берушi _________________________________________
қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы
Күні _______________________