Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Ревизионной комиссии по Жамбылской области и его описания

Қаулы · № 4-НҚ · қабылданған 09.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108284/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Ревизионной комиссии по Жамбылской области и его описания Күшін жойған Қаулы ·№ 4-НҚ ·09.12.2016
22.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Ревизионной комиссии по Жамбылской области и его описания

Күшін жойған Қаулы ·№ 4-НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Ревизионной комиссии по Жамбылской области и его описания
Атауы (қаз.)
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-НҚ
Қабылданған күні
09.12.2016
Қолданысқа енгізілген күні
06.01.2017
Көрсетілген редакция
22.06.2020 108284_467882.kaz
Соңғы өзгеріс
22.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16G0003258
ЭКБ идентификаторы
108284
Редакция идентификаторы
108284_467882
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:59

0 Жамбыл облысы бойынша тексеру

комиссиясының қызметтік куәлікті беру
Қағидаларын және оның
сипаттамасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидалары;

2 2) осы нормативтік қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлік сипаттамасы бекітілсін.

2 2. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының құқықтық қамтамасыз ету және құжат айналымы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы нормативтік қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы нормативтік қаулының Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы нормативтік қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Б.Е. Жолымбетовке жүктелсін.

4 4. Осы нормативтік қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11 Жамбыл облысы бойынша

тексеру комиссиясының
2016 жылғы 09 желтоқсандағы
№4-НҚ нормативтік қаулысымен
бекітілген
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті беру Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.

2 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

3 3. Қызметтік куәлік осы нормативтік қаулымен бекітілген сипаттамаға сәйкес.

4 4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

5 5. Қызметтік куәлік Тексеру комиссиясы төрағасының қолы қойылып Тексеру комиссиясының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (Тексеру комиссиясы төрағасы және мүшелерінің қызметтік куәліктерін қоспағанда) беріледі.

6 6. Қызметтік куәлік қызметшілерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

Қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша келісілген нысаны бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

7 7. Қызметтік куәліктер және қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы Тексеру комиссиясының Персоналды басқару қызметінің сейфінде сақталады (бұдан әрі – Персоналды басқару қызметі).

8 8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті Персоналды басқару қызметінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметшісі қайтарып алады.

9 9. Персоналды басқару қызметкері жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

10 10. Қызметтік куәліктерін толтыру, рәсімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды Персоналды басқару қызметі жүзеге асырады.

11 11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу Персоналды басқару қызметіне жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды және бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

12

12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша Персоналды басқару қызметі қызметтік тергеп-тексеру туралы бұйрық шығуынан кейін он күнтізбелік күн мерзімінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Тексеру комиссиясының тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

13 13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы Персоналды басқару қызметі хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін Персоналды басқару қызметі береді.

14 14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті Персоналды басқару қызметіне тапсырады.

Қызметтік куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

15 15. Қызметшілер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

29 Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлікті

беру Қағидаларына қосымша
Нысан
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі
Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)
Атқаратын лауазымы
Берілген күні
Алғаны жөнінде жеке қолы
Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы туралы белгі)
Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)
Ескертпе
Ескертпе: Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының, мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және Персоналды басқару қызметі қызметшісінің қолымен және мөрімен расталады.

30 Жамбыл облысы бойынша

тексеру комиссиясының
2016 жылғы 09 желтоқсандағы
№ 4-НҚ нормативтік қаулысына
қосымша
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлік сипаттамасы

1 1. Қызметтік куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), қарақызыл түсті, экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы.

2 2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ» деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

3

3. Қызметтік куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ», «РЕВИЗИОННАЯ КОМИССИЯ ПО ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ» деген жазулар орналастырылған.

4 4. Сол жағында: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (түрлі-түсті), тиісінше Жамбыл облыстық мәслихаты хатшысының, Тексеру комиссиясы төрағасының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.

5 5. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көкшіл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында қызметтік куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

Қолданыстағы