О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 172
- Қабылданған күні
- 15.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2023 108297_682643.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014554
- ЭКБ идентификаторы
- 108297
- Редакция идентификаторы
- 108297_682643
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:17
0 Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының кейбір
бұйрықтарына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарын өзектілендіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақша және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 172 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1 1. «Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшiн кажетті және жеткiлiктi дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 101 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8808 санымен тіркелген, 2013 жылғы 26 қазандағы
№ 240 (28179) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
2 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелеріне, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына, Бас әскери және көлік прокуратураларына, облыс, Астана, Алматы қалаларының прокуратураларына, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшiн жолдасын.».
2
3
4
5 5. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 65 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13653 санымен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 мамырда және 2016 жылғы 27 тамыздағы
№ 165 (28893) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларында:
23 - тармақ алып тасталсын.
1.1 Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
1.2 Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2 - қосымша
1.3 Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3 - қосымша
1.4 Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 4 - қосымша