О принятии доли участия товарищества с ограниченной ответственностью «Международное информационное агентство «Казинформ» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О принятии доли участия товарищества с ограниченной ответственностью «Международное информационное агентство «Казинформ» из частной собственности в республиканскую собственность по договору дарения
- Атауы (қаз.)
- «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 826
- Қабылданған күні
- 20.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2019 108399_425315.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000826
- ЭКБ идентификаторы
- 108399
- Редакция идентификаторы
- 108399_425315
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:51
0 «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-тармағының 13) тармақшасына, «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;
2 2) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 826 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-178-жолмен толықтырылсын:
«21-178. «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 375-жолмен толықтырылсын:
«375. «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».