Об утверждении мест международного почтового обмена по заявлениям Национального оператора почты или операторов почты
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении мест международного почтового обмена по заявлениям Национального оператора почты или операторов почты
- Атауы (қаз.)
- Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 277
- Қабылданған күні
- 09.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2017 108431_258996.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014549
- ЭКБ идентификаторы
- 108431
- Редакция идентификаторы
- 108431_258996
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:58
0 Ұлттық пошта операторының
немесе пошта операторларының
өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы
«Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күні ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы «___»_________
9 Қазақстан Республикасының халықаралық пошта алмасу орындары
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 277
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының халықаралық пошта алмасу орындары
№
ХПАО
атауы
Мекенжайы (орналасуы)
Халықаралық пошта алмасу орнынын белгілеуі
Тиесілігі (пошта операторы)
1.
Алматы ХПАО
Алматы облысы, Первомай кенттік округі, Іле ауданы, Іле тас жолы, 12-үй, 040706
KZALAG ALMATY PCI-1 - хат-хабарлар үшін;
KZALAH ALMATY PCI-3 - халықаралық сауқаттар үшін;
KZALAЕ ALMATY EMS - EMS
«Қазпошта» Акционерлік қоғамы
2.
Алматы – Әуежай ХПАО
Алматы облысы, Алматы қаласы, «Алматы халықаралық әуежайы» Акционерлік қоғамы, Ахметов көшесі, 51-үй, 050039
KZALAА ALMATY PCI-1 - ІОПЖ жазбаша хат-хабарлар үшін;
KZALAВ ALMATY PCI-3 - халықаралық сауқаттар үшін;
KZALAС ALMATY PCI-4 - ІОПЖ сауқаттар үшін;
KZALAD ALMATY PCI-5 - халықаралық жазбаша хат-хабарлар үшін
KZALAЕ ALMATY EMS - EMS жөнелтімдері үшін
KZALAF ALMATY PCI-7 - бос қаптар үшін
«Қазпошта» Акционерлік қоғамы
3.
Астана ХПАО
Астана қаласы, Астана-Қарағанды тас жолы, 45/1 үй
KZASTC ASTANA
PCI-4 – жазбаша және сәлемдемелік пошта үшін;
KZASTA ASTANA PCI-2 – халықаралық жазбаша хат-хабарлар үшің;
KZASTB ASTANA
PCI-3 – халықаралық сәлемдемелік пошта үшін;
KZASTE ASTANA EMS – EMS жөнелтілімдері үшін.
«Қазпошта» акционерлік қоғамы
4.
Жаркент
ХПАО
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы,
Пиджим ауылы, Сауда базасы алаңы №1
KZZRKA ZHARKENT PCI-5 – жазбаша хат-хабар үшін;
KZZRKB ZHARKENT PCI-3 – халықаралық сәлемдемелер үшін;
KZZRKE ZHARKENT EMS – EMS жөнелтілімдер үшін;
KZZRKF ZHARKENT PCI-7 – бос ыдыс үшін
«Қазпошта» акционерлік қоғамы
5.
Орал ХПАО
Орал қаласы, Жуков көшесі, 23-үй, 090013
KZALAG ALMATY PCI-1 - хат-хабарлар үшін;
KZALAH ALMATY PCI-3 - халықаралық сауқаттар үшін;
KZALAЕ ALMATY EMS - EMS жөнелтімдері үшін
«Қазпошта» Акционерлік қоғамы
6.
Петропавл ХПАО
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Вокзал алаңы, 1-үй, 150000
KZPPK PETROPAVLOVSK PSI 1 - хат-хабар үшін; PETROPAVLOVSK PSI 3 - сәлемдемелік пошта үшін
«Қазпошта» Акционерлік қоғамы
7.
Қарағанды – Әуежай ХПАО
«Аэропорт «Сары-Арқа Әуежайы» акционерлік қоғамы, 100422, Қарағанды облысы, Бұхар-Жырау ауданы, Үштөбе ауылы, есептік квартал 067, 025 жер телімі
KZKGFA KARAGANDA
PCI-1 – ІОПЖ жазбаша хат-хабар үшін;
KZKGFB KARAGANDA
PCI-3 халықаралық сәлемдемелер үшін;
KZKGFС KARAGANDA
PCI-4 – ІОПЖ сәлемдемелер үшін;
KZKGFD KARAGANDA
PCI-5 – халықаралық жазбаша хат-хабар үшін;
KZKGFЕ KARAGANDA EMS – EMS жөнелтілімдері үшін;
KZKGFF KARAGANDA
PCI-7 – бос ыдыс үшін
«Қазпошта» акционерлік қоғамы
8.
Еркін экономикалық аймақ «Қорғас – Шығыс Қақпасы»
Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауыл округі, есептік квартал 085, жер телімі 1330
KZZRKA KHORGOS PCI-5 – жазбаша хат-хабар үшін;
KZZRKB KHORGOS PCI-3 – халықаралық сәлемдемелер үшін;
KZZRKE KHORGOS EMS – EMS жөнелтілімдер үшін;
KZZRKF KHORGOS PCI-7 – бос ыдыс үшін
«Қазпошта» акционерлік қоғамы
Ескертпе: аббревиатулардың толық жазылуы:
ХПАО - Халықаралық пошта алмасу орны.