Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 237 · қабылданған 09.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108462/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған 21.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы № 237 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
237
Қабылданған күні
09.12.2016
Көрсетілген редакция
21.11.2022 108462_601074.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16MF003223
ЭКБ идентификаторы
108462
Редакция идентификаторы
108462_601074
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:59
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мүгедектер үшін жұмыс

орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының  6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2. «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Ш.Беришбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынғалиевке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Маңғыстау облысы әкімдігінің
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау
басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы
«Түпқараған орталық аудандық ауруханасы»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры
Г. Шалабаева ____________
«09» желтоқсан 2016 жыл.
Түпқараған ауданы әкімдігінің
«Түпқараған су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
А. Аманафесов_________
«09» желтоқсан 2016 жыл.
Түпқараған ауданы әкімдігінің
«Түпқараған электр жүйесі» мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны директорының
міндетін атқарушы
А. Ещанов_________
«09» желтоқсан 2016 жыл.
«Түпқараған аудандық білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Утесбаева_________
«09» желтоқсан 2016 жыл.

5 Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар

Түпқараған ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «9» желтоқсандағы
№ 237 қаулысына қосымша
Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымдар атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны,
адам
Квота мөлшері (%)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Ақ жол құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша)
161
3
5
2
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақшұқыр мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
172
3
5
3
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
208
3
6
4
Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
116
3
3