О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Национальный научно-практический, образовательный и оздоровительный центр «Бобек» Министерства образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации республиканского государственного казенного предприятия «Национальный научно-практический, образовательный и оздоровительный центр «Бобек» Министерства образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 851
- Қабылданған күні
- 26.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2020 108508_446947.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000851
- ЭКБ идентификаторы
- 108508
- Редакция идентификаторы
- 108508_446947
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:36
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 130, 168-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, қосымша кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы қызмет болып айқындалсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) серіктестік жарғысын бекітуді;
2 2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне беруді;
4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 851 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-147-жолмен толықтырылсын:
«123-148. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» ЖШС».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-16-жолмен толықтырылсын:
«222-33-16. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» ЖШС».
3 3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:
реттік нөмірі 32-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 56-жолмен толықтырылсын:
«56. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
4 4. «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
21.
1.
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
».