Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил финансирования содержания детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных приемным родителям, и его размера

Бұйрық · № 657 · қабылданған 15.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108520/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил финансирования содержания детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных приемным родителям, и его размера Қолданыста Бұйрық ·№ 657 ·15.11.2016
15.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил финансирования содержания детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных приемным родителям, и его размера

Қолданыста Бұйрық ·№ 657 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил финансирования содержания детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных приемным родителям, и его размера
Атауы (қаз.)
Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
657
Қабылданған күні
15.11.2016
Көрсетілген редакция
15.11.2016 108520_131446.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014538
ЭКБ идентификаторы
108520
Редакция идентификаторы
108520_131446
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:16

0 Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын

және оның мөлшерін бекіту туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Жетім баланы және (немесе) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдайтын ата-аналарға беруге байланысты ай сайынғы ақшалай төлем мөлшері он айлық есептік көрсеткішті құрайды деп белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С.Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсiн.

5 5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
201_ жылғы
Б. Сұлтанов

0 Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 657 бұйрығымен бекітілген
Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды,
ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінетін ақшалай қаражатты төлеуді жүзеге асыру тәртiбiн.

2 2. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындауды және төлеуді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар (бұдан әрі – орган) жүргізеді.

3

3. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім баланы (балаларды), ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу жетім баланы және (немесе) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген әрбір балаға (балаларға) жүргізіледі.

2 2-тарау. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру тәртiбi

4 4. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру үшiн баланы қабылдайтын ата-аналардың біреуі тұрғылықты жерi бойынша органға:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау туралы өтiнiшті;

2

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 597 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14425 болып тіркелген) бекітілген Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереженінің 11-тармағына сәйкес баланы қабылдайтын отбасына баланы беру туралы шарттың көшірмесін;

3 3) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың көшірмесін ұсынады.

5

5. Орган баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты тағайындау туралы өтінішті тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығарады. Шешім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы қабылдайтын ата-аналарға баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешімді тіркеу журналына енгізіледі.

6 6. Баланы қабылдайтын ата-аналарға ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешімнің негізінде орган ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешім қабылданған айдан бастап баланы қабылдайтын ата-аналарға ақшалай қаражатты төлеуді жүргізеді.

7 7. Баланы қабылдайтын отбасындағы балаларға бөлінетін ақшалай қаражат қамқорлыққа алынушы, оның туған айын қоса алғанда, он сегіз жасқа толғанға дейiн баланы қабылдайтын ата-аналарға тағайындалады және төленедi.

8

8. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты төлеу ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешім шыққан айдан бастап ай сайын ағымдағы айдың он бесінші күнінен кешіктірілмей алушының екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару арқылы жүргізіледі.

9 9. Баланы қабылдайтын ата-аналарға балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты төлеу «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 132-2 бабының 3-тармағына сәйкес шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда тоқтатылады.

Ақшалай қаражатты төлеуді тоқтату шарттың мерзімінен бұрын бұзылуына негіз болған айдан кейiнгi айдан бастап органның шешiмi бойынша жүргiзiледi.

10 10. Орган шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде баланы қабылдайтын ата-аналарды ақшалай қаражатты төлеудiң тоқтатылғаны туралы хабардар етеді (еркін нысанда).

11 11. Органның кiнәсiнен баланы қабылдайтын ата-аналар уақытылы алмаған ақшалай қаражатты органға өтініш түскен күннен бастап барлық өткен кезең үшiн төленедi.

1 Баланы күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау туралы өтініш

Баланы қабылдайтын ата-аналарға
берiлген жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру
қағидаларына
1-қосымша
нысан
Баланы күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау туралы өтініш
____________________________________________________________________________
(орган атауы)
Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген балаларды күтіп-бағуға
бөлінетін ақша қаражатын тағайындауды сұраймын
____________________________________________________________________________
(баланың тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)
Баланы қабылдайтын ата-ананың тегі__________________________________________
Аты _________________Әкесiнiң аты (бар болған жағдайда______________________
Мекенжайы __________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі______________________________________
Серия _______ нөмір _______________________________________________ берілген
Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Ағымдағы шотының № ___________ банктің атауы________________________________
Жеке мәліметтерде өзгерістер болған жағдайда күнтізбелік 15 күн
ішінде ол туралы хабардар етуге міндеттенемін.
Жалған мәлімет пен жасанды құжаттар бергенім үшін жауаптылық
туралы ескертілді.
«____» _____________________ 20 ____жыл ____________________________________
(өтініш берушінің қолы)
Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген балаларды күтіп-бағуға
бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешім____________________________
20 ___жылғы «__» ______ .
Құжаттар: 20 __ жылғы «___» ______ қабылданды
____________ _______________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның қолы) (тегi, аты,
әкесiнiң аты (бар болған жағдайда),
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(қию сызығы)
Жеке деректерде өзгеріс болған жағдайда күнтізбелік 15 күн
ішінде ол туралы хабардар етуге міндеттенемін.
Жалған мәлімет пен жасанды құжаттар бергенім үшін жауаптылық
туралы ескертілді
Азамат ___________________________________өтініші қоса берілген ____________
данадағы құжаттармен бірге ________ 20___ жылғы «____»_________ қабылданды.
____________________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы, қолы)

2 Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешім

Баланы қабылдайтын ата-аналарға
берiлген жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру
қағидаларына
2-қосымша
нысан
Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешім
20 ___ жылғы «___» ___________ № ________
_______________________________________________________________________________
(орган атауы)
Iстiң № ___________
Азамат_________________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)
Өтiнiш берiлген күн____________________________________________________________
Баланың туу туралы куәлiгi (туу туралы актiнің жазбасы)
Берiлген күнi ______________________________ №_________________________________
Баланың туу туралы куәлiгiн (баланың тууы туралы актiнің жазбасын)
берген органның атауы__________________________________________________________
Баланың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Баланың туған күні ____________________________________________________________
Баланы баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт
_______________________________________________________________________________
жасалған күні 20__ ж. _______________________
Тағайындалған ақша қаражатының сомасы
20__ ж. _______ бастап 20__ ж.______аралығында ________ айлық есептік көрсеткіш
(жазумен)
_____________себебі бойынша ақша қаражатының төленуі тоқтатылды
М.О.
(Орган басшысы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

3 Баланы қабылдайтын ата-аналарға баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешімдерді тіркеу журналы

Баланы қабылдайтын ата-аналарға
берiлген жетім балаларды, ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру
қағидаларына
3-қосымша
нысан
Баланы қабылдайтын ата-аналарға баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешімдерді тіркеу журналы

Баланың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Баланы қабылдайтын ата-ананың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Баланы қабылдайтын ата-аналарға баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы өтінішті беру күні
Баланы қабылдайтын ата-аналарға баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешімді қабылдау күні
Баланы қабылдайтын ата-аналарға баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешімді берген күні
Алу туралы қолхат
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8

Қолданыстағы