Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Карагандинского городского маслихата» и его описания

Ереже · № 91 · қабылданған 30.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-108539/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Карагандинского городского маслихата» и его описания Күшін жойған Ереже ·№ 91 ·30.11.2016
15.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Карагандинского городского маслихата» и его описания

Күшін жойған Ереже ·№ 91 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Карагандинского городского маслихата» и его описания
Атауы (қаз.)
«Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
91
Қабылданған күні
30.11.2016
Көрсетілген редакция
15.06.2020 108539_467355.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KA004062
ЭКБ идентификаторы
108539
Редакция идентификаторы
108539_467355
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:06

0 «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес;

2 2) «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі куәлігінің сипаттамасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды қалалық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қарағанды қалалық мәслихатының

2016 жылғы 30 қарашадағы
VIII сессиясының № 91 шешіміне
1 қосымша
«Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлікті беру қағидалары

1

1. Осы «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) қызметтік куәлігін беру тәртібін айқындайды.

2 2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік мекемесінде атқаратын лауазымын растайтын құжат болып табылады.

3 3. Тиісінше ресімделмеген, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

4 4. Куәлік мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметкерлеріне арналған.

5 5. Куәлік белгіленген тәртіппен мәслихат хатшысының қолтаңбасымен беріледі және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

6 6. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, алдындағы берілген куәлік жоғалған кезде беріледі.

7 7. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

8 8. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті өкімнің шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.

Куәлікті тапсырған кезде кету парағына мемлекеттік мекеменің лауазымдық міндеттеріне кадрлық жұмыстарды жүргізу кіретін мемелкеттік қызметшінің (бұдан әрі – кадр қызметшісі) қолы қойылады.

9 9. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға қосымшадағы нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәліктерді беру журналында жүзеге асырылады (бұдан әрі – есепке алу журналы).

10 10. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы кадр қызметшісінде сақталады.

11 11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу Қарағанды қалалық мәслихатының аппарат басшысына жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

12

12. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша кадр қызметшісі белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік мекеменің тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

13 13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы кадр қызметшісі хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін кадр қызметшісі береді.

14 14. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

21 «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің
қызметтік
куәлікті беру қағидаларына
қосымша
нысан
«Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу
ЖУРНАЛЫ

Қызметтік куәліктің нөмірі
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Атқаратын лауазымы
Берілген күні
Алғаны жөнінде жеке қолы
Тапсырғаны туралы белгі
Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)
Ескертпе: мемлекеттік мекеменің есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және елтаңбалы мөрмен және кадр қызметші қолтаңбасымен расталады.

22 Қарағанды қалалық мәслихатының

2016 жылғы 30 қарашадағы
VIII сессиясының № 91 шешіміне
2 қосымша
«Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің
СИПАТТАМАСЫ

1 1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 20 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көгілдір түсті бумвинилден жасалады.

2 2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «КУӘЛІК», «УДОСТОВЕРЕНИЕ» деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

3

3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде «ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ, ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «АППАРАТ КАРАГАНДИНСКОГО ГОРОДСКОГО МАСЛИХАТА» деген жазулар, одан төмен, мәтіннен көгілдір түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазулар орналастырылған.

4 4. Сол жағында: көгілдір түс аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның астында ою-өрнек және Қарағанды қалалық мәслихаты хатшысының қолымен расталған мемлекеттік тілдегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік тілде куәліктің берілген күні көрсетіледі.

5 5. Оң жағында: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), Қарағанды қалалық мәслихаты хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында орыс тілінде куәліктің берілген күні көрсетіледі.

Қолданыстағы