О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на неиспользуемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в границах Сандыктауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на неиспользуемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в границах Сандыктауского района
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Сандықтау ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8/3
- Қабылданған күні
- 23.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2018 108569_314923.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BP005650
- ЭКБ идентификаторы
- 108569
- Редакция идентификаторы
- 108569_314923
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:13
0 Қазақстан Республикасының
жер заңнамасына сәйкес Сандықтау
ауданының шекарасындағы
пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер салығының
базалық мөлшерлемелерін және
біріңғай жер салығының
мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386, 444 бабтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Сандықтау ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және біріңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2
2. «Сандықтау ауданының шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жоғарылату туралы» Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5423 тіркелген, 2016 жылы 24 маусымда «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау ауданының әкімі
А. Исмағамбетов
2016 жылғы 23 қарашадағы
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитеті Мемлекеттік кірістер
департаменттерінің Сандықтау
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» Республикалық
мемлекеттік мекеме басшысы
К. Батталов
2016 жылғы 23 қарашадағы